№ 35 (364) 


АНА МЕН БАЛА Өмірін қиғандарға кешірім болмасын!

168 сағат, Мәжіліс · 424 рет қаралған

Парламент Мәжілісінің кешегі жалпы отырысында «Нұр Отан» фракциясының бір топ депутаты арнайы Үндеумен ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жүгінді. Онда қалаулылар Елбасыдан жас сәбилерді қасақана өлтіруші қаскүнемдерге қарсы өлім жазасын қайта қалпына келтіруді сұрап отыр. Бұл қадамға оларды таяуда Астананың Шұбар шағын ауданында орын алған, естіген жанның төбе шашын тік тұрғызар қанды қырғын итермелеп отыр. Сонда Олег Евлоев атты қарақшы елордадағы белді компаниялардың бірінің басшысының әйелін және үш баласын тамақтарынан бауыздап кеткен. Бұл қылмыс көпті көрген, тәжірибелі құқық қорғау қызметкерлерінің өзіне жаға ұстатты.

 

Толығымен…

Парламент – көзқарастар мінберінің еркіндігі

Мәжіліс · 349 рет қаралған

Жәнібек КӘРІБЖАНОВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті
Мәжілісі Төрағасының орынбасары

Қазақстан үшін тәуелсіз мемлекет құрып, жоспарлы экономикадан, нарықтық экономикаға және тоталитаризмнен демократияға көшу оңай болған жоқ. Елбасының көрегендігі мен іскерлігінің нәтижесінде, біз стратегиялық тұрғыдан, дұрыс жолды таңдадық. Әрине, біз мүлде міні жоқ экономикалық модель жасап, қоғам дамуын бірден бір арнаға қойдық деп айта алмаймыз. Қалай болғанда да заман ағымына байланысты жаңару, тоқырау кезеңдері болады емес пе? Біз осының бәрін басымыздан кештік. Бұл жерде баса айтатын нәрсе, мемлекетіміздің барлық саласында өз замандастарымызға жақсы өмір тілеп, жалпы, қазақстандықтарды және болашақ ұрпақтың тәрбиелі де, білімді болуына мүмкіндік жасай білдік. 

Толығымен…