БОЗ ДАЛАНЫҢ БОЗТОРҒАЙЫ
Тарих-Таным · 620 рет қаралған
1944 ЖЫЛ.
АҚЫН АЛПЫС ЖАСТА
«Елуде желкілдеген құрақтайсың, алпыста ерлер мінген пырақтайсың» деп ақынның өзі айтқандай жастық пен кәріліктің арасын қосатын алтын көпір іспеттес жас кезеңі. Мұны кейде «алтын буын» деп те атайды. Соғыс басталған күннің ертесінде-ақ домбырасын қатты бұрып алып, халық алдына шыққан ақынның үні жас қыранның даусындай саңқ ете қалыпты. Сондағы көзбен көріп, құлағымен естігендер осылай деп айтады.
БОЗ ДАЛАНЫҢ БОЗТОРҒАЙЫ
Тарих-Таным · 776 рет қаралған
Ғасырға жуық ғұмыр кешіп, өмірінің соңына дейін халқына қалтқысыз қызмет еткен, кейінгі ұрпаққа телегей-теңіз мол мұра қалдырған Кенен Әзірбаевтың есімі республикамызда ғана емес, шет жерлерге де кеңінен мәлім. Халық оны шашасына шаң жұқтырмас дүлдүл ақын, күміс көмей әнші, композитор, сал-серілердің соңғы тұяғы, дастаншыл-жыршы деп біледі. Мақтан етеді, құрмет тұтады. «Көкшолақпен тепеңдеп, жақсы өмірге жетем деп» жыр төгіп өткен ақынның арман-тілегі қазіргі күні ақиқатқа айналып отыр. Еліміз тәуелсіздік туын тігіп, ғасырлар бойы ата-бабамыз армандаған шат-шадыман өмірді бастан кешіріп жатыр. Оның шапағатын көру бақыты ақынның өзіне бұйырмаса да, кейінгі ұрпақтары көріп шаттанады.
ҰЛТ МҰРАЛАРЫН ҰРПАӘӘА НАСИХАТТАУДЫН ЖАҢА ҰЛГІСІ
Тарих-Таным · 304 рет қаралған
Түркістан қаласында «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының ұйымдастыруымен «Тайқазан» жүлдесі үшін жастар арасында қазақ күресінен Республикалық турнир өтті. Түркістан топырағында болған дүбірлі додаға бағы мен бабын сынауға еліміздің боз кілем шеберлері мен көрші мемлекеттердің де жас палуандары келді.
АҚЫННЫҢ МҰРАЖАЙЫ ЖАҢАРТЫЛДЫ
Тарих-Таным · 280 рет қаралған
Жамбыл облысының Қордай ауданында сонау 1981 жылы ашылған Кенен Әзірбаевтың әдеби-мемориалдық мұражайы қайта жаңартылуда.
АДАМЗАТ МӘДЕНИЕТІНІҢ өркені
Тарих-Таным · 497 рет қаралған
Ә.Ыдыырысов.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, жазушы
ӨРКЕНИЕТ ШАМЫН ЖАҒУШЫЛАР
Біздің атлантроп ататегімізден кейін өрбіген беймәлім «бабаларымыз» б.д.д. 10-8 мыңжылдықтарда мезолит заманында-ақ тағы аттарды қолға үйреткен. Б.д.д. 7-6 мыңжылдықтарда неолит заманында олар адамзат тарихында тұңғыш рет ағаштан арба жасаған. Б.д.д. 6-5 мыңжылдықтарда энеолит заманында темір мен қоладан таға, үзеңгі, жебе құйған. Мұны кезінде көне грек тарихшысы – Фукидод (б.д.д. 461-400 жылдар), көне Рим тарихшылары – Тимн (Тимей) б.д.д. ІV-ІІІ ғасырлар), Тацит Публи (б.з 56-177 жылдары) жазып кеткендіктен, кешегі, бүгінгі Әлем тарихшылары амалсыздан мойындап отыр. Сөйтіп, олардың (тарихтың нақты деректеріне сүйене айтсақ): тур, иам, убон, сай, ас, ассы, иссидон тайпаларынан құрылған турлар (көнетүркілер) бірлестігінің: ар, арг, қыпшақ, огуз, қарлұқ, қаң, массагет тайпаларынан құралған арий (көнетүркілер қандасы) бірлестігінің: ка, кас, пи, каспы, дай, дах тайпаларынан құралған кассит бірлестігінің (бұлар да солай) біраз тайпалары (оғыз, қарлұқ, қыпшақтар) алыс-жақында қалыптасқан құрлық жерлерді еркін кезіп жүріп, шамамен б.д.д. 8-6 мыңжылдықтарда Алғы Азияға, Еуропаның батысына өткен.
КҮН СӨНГЕНШЕ СӨНБЕЙМІЗ!
Тарих-Таным · 422 рет қаралған
немесе Күнбатыс Алашордашылардың тарихи
миссиясы көздеген мақсатына жете алды ма?
Жиырмасыншы ғасырдың басында отаршыл орыс империясының қоғамдық өмірінде орын алған әлеуметтік толқулар мен саяси төңкерістер қараңғы қазақ көгіне азаттықтың үміт сәулесін себелеп төге бастаған-ды. Осы тұста Міржақып: «Оян, қазақ!» деп ұрандатса, Ахмет, Әлихан, Халел, Мағжан Алаш туы астынан табылып, жаңа қазақ қоғамын құруға бел буып, білек түре кіріскені тарихтан белгілі. Мүлгіген елді азаттық дүбірі кезіп кетті. Бір кезде елес болған арман шындыққа айналатын шақ туғандай көрінді. Міне, осындай қиял мен елес, үміт пен арман қазақ санасында итжығысқа түсіп жатқан аумалы- төкпелі, аласапыран заманда қоғам тарих сахнасына «Елім!» деген ұлдары мен қыздарын шығарды. Олар қазақ елі келешегінің тізгінін өз қолдарына алуға тиіс еді. Сол дәуірде бірде-бірі шашау шықпай тұтасып тірлік кешіп отырған Ақжайық өңірінің қазақтары еркін өмірге, азаттыққа, теңдікке ұмтылған Ұлы даланың ту ұстаушыларының алдыңғы шебінен көрінгеніне тарих куә.
АДАМЗАТ МӘДЕНИЕТІНІҢ ӨРКЕНІ
Тарих-Таным · 556 рет қаралған
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, жазушы
Еуразия – Жер Ананың
алтыншы ұлы
Әбілфайыз (Алтай)
ЫДЫРЫСОВ,
Жұмыр Жеріміздің Еуразия Құрлығы! Оның Сарыарқа (Арқа) аймағы! Сол Сарыарқа төсінде бүгінде орнаған, орнап жатқан жаңа Елорда – Астана шањары! Бұлар – халқымыздың, мемлекетіміздің сом жүректері!
Бұлар – құдіреттің өзі әу бастан-ақ бір-бірінен ажыраспас етіп жаратқан бөліктері: Солай болу «Бұйырылған» – тіршілік Орталары! Олардың бір-бірінсіз мәні де жоқ, сәні де жоқ!
Бірақ бұлардың бірі – бағы заманаларда жаратылған. Бірі – кейінірек дүниеге келген. Бірі – енді ғана дүниеге келіп отыр.
АДАМЗАТ МӘДЕНИЕТІНІҢ ӨРКЕНІ
Тарих-Таным · 324 рет қаралған
ЕУРАЗИЯ КІНДІГІНДЕ ӨТКЕН БІР ҒАЖАП ТОЙ
Алдымен осы ғажайып тойдың мән-жайын аз-маз еске алайық…
Қазақ: «Тойдың болғанынан – боладысы қызық!» – дейді ғой. Бірақ, баз-базда қазағым да қателесе ме деймін. Өйткені, бұл жолғы той шындығы қазағымның осы мәтеліне: «Тойдың боладысы да, болғаны да қызық!» – дерлік түзету енгізгендей болды.
Иә, шынында, күні кеше болған Астана қаласының салына бастағанына он жыл толу датасын тойлау тойымыз халқымыз айтатындай: «Отыз күн ойын, қырық күн той» болып өтті.
Бір апта бойына бір күннен – бір күннің қызығы асып түскен ол тойға әлемнің 120 елінен өкілдер, он елдің мемлекет басшылары – президенттері, корольдері қатысты. Ол салтанатқа алыс-жақыннан он мыңнан астам қонақ келді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен оған шашу шаша келгендер өз алдына. Олар он жыл ішінде ғажап болып жайнаған Елордамыздың көз тоймастық көркін одан да жайнатты. Астана даңғылдары, көшелері бойларында, орамдарында он-ондаған гүлзарлы Алаңдар жасалды, сандаған жасыл желекті саябақтар бой көтерді. Мыңдаған түп ағаштар отырғызылды. Қаншама субұрқақтар атқылады.
Астана төрінде Жамбыл бабамыздың, Бауыржан батырымыздың, Әлия аруымыздың монументалды ескерткіштері орнады.
Сол бір той күндері асқақтап бой түзеген: самұрықты «Қазақ Елі», шаңырақты «Еуразия», «Қобызды Қорқыт-Ата», «Мұнайлы Мұнара» монументтері қандай!
Елорда театрлары сахналары мен сауық-сайран орындарында, ұлттық президент бақтарында таңның атысы, күннің батысы аралықтарында қаншама қойылымдар, қаншама гала концерттер қойылып, беріліп жатты.
Жұртшылық жандарын, қонақтар көңілдерін жадыратқан мұндай ойын-сауық шыңы – мереке-тойдың соңғы күнінің кешінде «Қазақ елі!» мұнара монументі маңындағы Жаңа Алаңда ашық аспан астында жасанды сахнада берілген «Астана – менің жүрегім!» атты шоу-феери концерттік қойылым болды. Әлемдік, Қазақстандық өнер жұлдыздары – жеке домбырашылар, скрипкашылар, опера, эстрада солистері бұрын-соңды олай бірліктегі орындаушыға «айналып» ешқашан өнер көрсеткенін көрмеген көрермендер, тыңдармандар үшін ондай шоу-феери қойылымды көрген де арманда, көрмеген де арманда! Естіген де арманда, естімеген де арманда! Феери қойылымға Астанада да, қайда да – ауыз ашып, көз жұмды жұрт.
Сонымен, үстіміздегі 2008 жылдың 30 маусымы мен 6-шы шілде аралығында төрткүл дүниенің бар назары Астанаға, онда өткен тойға ауды. Ол той Елбасымыз – Президентіміз – сол Астананы салудың, орнатудың Бас жобашысы, Бас сәулеткері, Бас менеджері Нұрсұлтан Әбішұлының өзі айтқандай: әшейін даурығу, әшейін айғай-шу, әшейін мал шашып, той-тойлау болған жоқ, тындырған ұлы істерді ұлықтау, соларды Әлемге паш ету, көрсету мерекесі болды. Тойда Астана да, қазақ та, Қазақстан да лайықты әспеттелді!
Сондықтан ол тойға жаны ашыр, жаны ауырар дос түгіл, көрерді-көргісі келмейтін, білерді білгісі келмейтін, жақсыға жаны қас дұшпаны да амалсыз сүйсінді. Мұның куәсі іштегі-тыстағы ең жау пиғылды жандардың, көре алмаушы көрсоқырлардың, аяқтан шалатын қастандардың өздерінің кертартпа баспасөздері беттерінде, сол бір күндерде: «Астана – Әлемді тамсантты!», «Астана – дүниежүзінің ең сұлу 10 қаласының бірі болды», «Астана – Президенттің перзенті», «Астананың 10 жылдығын барша ел тойлады!», «Астана – Алаштың қаласы!», «Астана – Қазақстанның айнасы!», «Әлем Астанаға көз тікті!» – деп мойындаулары.
Алдымен, осының бәріне тәуба! – дейік.
Әдетте, тойды өткеріп, етек-жеңімізді жиып: «Уњ!» – деп дем алған соң: «Сол тойда не табысымызды алға дұрыс тарттық? Неміз жақсы болды? Жұрт немізге риза болды? Немізге налыды? Не мін тағып, не сын айтып кетті?» – Осындай сұрақтарды ортаға сап, қорытынды шығаратын едік қой… Сол орайға ауыссақ.
Енді сол жөнімізден бірер сөз.
Елордамыз – Астана қаласының 10 жылға толуын тойлау – қазақ халқы үшін қаншама заманалардан бері олай етуге бірде-бір рет оған қолы жете алмаған өз мерейін Бүкіл Әлемге таныту тойы болды. Иә, ол ойда қазақ өзінің қандай халық, қандай құдіреті бар халық екенін әлемге тұңғыш рет танытты. Шындап қолға алсақ ол әлемге тарих үшін қас-қағым сәтте құдіретті мемлекет те, ғажап Елорда да құра алатынын көрсетті. Ол Әлемге күш салса тарихтың қас-қағым сәтінде нені де іске асыра алатын құдіреті де бар, бейімі де, өнері де бар, өркениеті де бар халық екенін танытты!
Бұлардың бәрін ол, ұлттық мерейтойына бар болғаны 8-9 жыл ішінде Астанадай, бойына Батыс пен Шығыстың сәулет өнерінің бар жауњарларын жиған Елорда орнатып алғанымен дәлдеп берді. Міне, ол осыны Астанасының 10 жылдық тойында ХХІ ғасыр басында Әлем өркениетіне қосқан басты табысы ретінде дүниежүзіне мақтанышпен паш етті.
Иә, бұл – қалайда мақтануға тұрарлық табыс! Шынында 8-9 жыл ішінде басқа халықтар ғасырлар бойы салғандай Елорда орнату. Онда Әлемдегі әйгілі Эйфель, Токио, Останкино «Си -Эн Таэр», «Скай Таэр», Сидней мұнараларынан асып түспесе, кем түспейтін. «Бәйтерек – Астана» атты мұнара тұрғызу; Рим, Лондон, Париж, Мәскеу, Пекиндегідей асқақ «Ақорда – Патша-Сарай салу»; Әлемнің еш мемлекетінде жоқ «Атамекен» атты тірілтілген мемлекет кешенін жасау; Египет шөліндегідей «Жансыз» пирамида емес, Бейбітшілік және Келісім сарайы атты «тірілтілген» пирамида тұрғызу қалай мақтануға да тұрарлық Әлем өркениетінің ғажап, кереметтері емес пе! Қазақтық өркениеттердің теңдесі жоқ табыстары емес пе!
Астана шањары орнауының 10 жылдық мерейтойында мақтан тұтылған табыстардың бірі – Әлемнің бүгінгі ешбір елінде жоқ Есіл өзенінің сол жағалауына салынған, ұзындығы шақырымнан асатын «Министрлер ғимараты» мен «Думан» атты ойын-сауық кешені, «Жер асты океанариумы»! Бұлар да қазақтың өркениеттің асқан ерек мақтандары!
Астанамыздың онжылдық мерейтойын түйіндегенде мыналарды да еске алуға тиіспіз.
Әлемнің: ежелгі Рим сияқты астанасы 300 жыл бойы, паң Лондоны 8 ғасыр бойы, сырбаз Парижі – 6 ғасыр бойы, мен-мен Мәскеуі – 7 ғасыр бойы, кішіпейіл Пекині 1440 жыл бойы, Тәкаббар Бағдады 1593 жыл бойы, діншіл Каиры – 828 жыл бойы, жуас Делиі – 1291 жыл бойы, ерсері Берлині – 432 жыл бойы, іскер Токиосы – 851 жыл бойы салынып, әзер-мәзер елордалар санатына қосылса, біздің әсем Астанамыздың бар болғаны 8-9 жыл ішінде орнады! Ол ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Әлемнің Бейбітшілік қаласы аталды. Бұл да мақтанбасқа қоймайтын жай!
Оның Астана аталуына он жыл толуына дейінгі осындай табыстарын айтқанда «Ол осымен болды, толды!» – деуден аулақпыз! Оның болашағы әлі алда. Ол – қазір тәуелсіз қазақ халқының тарихта шын мәнінде тұңғыш рет өз қолымен мәңгілікке орнатқан жаңа Елордасының іргесі ғана.
Елорда деген лайықты статусқа қазірдің өзінде берік ие болса да Астана Әлемнің басқа әйгілі астаналар қатарында оза шауып, алға түсіп бұдан былай да гүлденіп, бүгінгісінен де сәулеттене береді. Күні ертең оның ортасынан «Хан шатыры», «Дельфин», «Абу Дабы Плаза», «Шабыт», «Даун Таун орталығы», «Биотехника орталығы», «Ғылыми – инновациялық орталық», «Астаналық дәрігерлік орталық», «Кондолиниум» (ерекше тұрғын пәтерлер) сияқты керемет кешендердің ғажап ғимараттарын, «қала ішіндегі қалалар» ғимараттарын көретін боламыз.
Астананың жалпы аумағының 5981 мың гектарға жетіп, оның «жасыл белдеуінің» Көкше өңіріне тақары да күні ертең-ақ!
Осының бәрі Астананың Бас сәулетшісі, Бас жобагері, Бас менеджері – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» атты тұғырлы еңбегінде, «Астана – жаңа қала» (2001, 29 маусым) және «Астана мәдениеті» (2002) бағдарламаларында айдай анық етіліп, айқындалып қойылған.
Сонымен, бір өзімізді, ТМД елдерін ғана емес, бүкіл әлемді таңдандырған, тамсандырған Астананың 10 жасқа толу тойы болып өткені күні кеше ғана. Бірақ, оның жаңғырығы әлі басылған жоқ. Ол – ешқашан басылмайды да!..
Өйткені, ол той: қазақ деген халық атын Жұмыр Жер бетіне тұңғыш рет бар пәрменмен барынша айқын, барынша ашық, барынша бар шындығымен паш етті. Ол той сол халықты әлем жұртына ұлы тарихы бар, ең көне халықтардың бірі ретінде әйгіледі.
Шынында бұл жай адамзаттың тарих күні бүгінге дейін бүркемеленіп айтылмай келген шындық еді. Бұған: біздің халықты бұратана атап, кемсітіп келген евроцентристік тарихшылар да өз шындығымызды солардың алдында ашық айтып дәлелдей алмаған өз тарихшыларымыз да кінәлі де.
Енді, міне, егеменді ел болған біздің халық қас-қағым тарихи сәт 10 жыл ішінде Әлемнің кез-келген елордаларымен қай тұрғыдан да терезесі тең жаңа Елорда салып, өзінің көне мәдениеті, көне өркениеті бар өркенді істерді жүзеге асыру қолынан келетін көне халықтың бірі екенін айқын дәлелдеді.
Жалғасы бар.
Домбыра дүлдүлі
Тарих-Таным · 958 рет қаралған
Аян Нысаналин.
Бұл ғаламатқа толы ғаламда ғажайыптар аз емес. Несін жасырамыз, түймедейді түйедей етіп көрсетуге тырысатындар да жетіп артылады. Бірақ, біздің табиғатынан қой аузынан шөп алмайтын момын халқымыз орынсыз сыпайылықтан зардап шегіп, ай мен күннің аманында пысықайларға жем болып, несібесінен қағылып, барын бар, жоғын жоқтай көрсете алмай келеді әлі. Жаратылғаннан жарқын жаратылысты ел-жұрт қашанғы өстіп қалғып-мүлгіп кездейсоқтың құшағында жүре береді. Өткен ХХ ғасыр басында Алашорда арыстарының бірі Міржақып қанша «Оян, қазақ!» десе де уақыт әбден сілікпесін шығарып үшмыңыншы жылдар табалдырығына тұяғы ілікті әйтеуір. Қайтіп? Қалай? Бүр түрлі жаның ауырады.
МАҒЖАН: «БҰЙЫРСА, ШЫРАҚ СӨНБЕС, ҰЗАҚ ЖАНАР…»
Тарих-Таным · 1,623 рет қаралған
Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ,
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
Мағжан Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның тегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай… Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазды.
Мағжанды сүйетін, еуропалығын, жарқыраған, әшекейін сүйетін Мұхтар Әуезовтің өз ойын осылай Мағжан қуғын-сүргінге ұшырап жүрген кезде ашық айтуы, бұл – Мағжанның шығармашылығына берілген баға, өсер елдің баласының сөзі ғана емес, азапты жолда жүрген ақынға ашықтан-ашық ара түсу, өз басын оққа байлағанмен бірдей нағыз ерлік еді! Мұхтар Әуезов оған саналы түрде барды. Өйткені олар ел тарихындағы ең бір жойқын да күрделі кезеңде тарихи-әлеуметтік құбылысқа сыншыл көзбен қарап, өзінше баға берген, ұлт бостандығы мен тәуелсіздгі жолындағы күресте білек біріктірген тағдырлас жандар-тын. Мұхтар Әуезов Мағжан қаламынан шыққан туындыларға әркез зер салып жүреді, «Алқа» бағдарламасымен де алғашқылардың бірі болып танысады. «Бағдарламаның кеңестік идеологияға қарай икемделіп жазылғанын Мұхтар аңғармады емес. Мұны солшыл бағытта жазылған деп түйіндеуінен байқаймыз. Негізінен ол бағдарламаны мақұлдап, нақты әрекетке көшу керектігін айтып, Мағжанға жауап хат жолдайды». (Ш. Елеукенов «Мағжан мен Мұхтар», «Жұлдыз», 1997 ж.№10, 112б.).

