ПАРАСАТТЫ ЖАСТАР – ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ ТІРЕГІ
Сұхбаттар · 979 рет қаралған
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты,
техника ғылымдарының докторы,
профессор
Қылышбай БИСЕНОВ:
- Елімізде соңғы жылдары жастардың тәрбиесіне, олардың сапалы білім алуларына ерекше көңіл бөле бастады. Биыл парламентте 2004 жылы қабылданған «Жастар саясаты туралы» мемлекеттік заңының қайта қаралуы бұл сөзімізге дәлел бола алады.
«Көп балалы ана атануды жоспарлаған жоқ едім»
Сұхбаттар · 337 рет қаралған
Көп балалы ана дегенде көз алдымызға он баласы бар ананы елестетеміз. Алайда,
20 баланың анасы дегенді естідіңіз бе? Иә, 20 баланы өмірге әкеліп, бағып-қаққан батыр ана бар. Ол - Қамаш СЕЙІТЖАНОВА. Ұлын ұяға, қызын қияға қондырған Қамаш апа «Алтын жүрек» сыйлығының иегері атанды. Жетпісті еңсергенде Елбасының марапатына да ие болды.
«ЛОНДОНДА АЛТЫН АЛАМЫН»
Сұхбаттар · 339 рет қаралған
Туған жылы: 10.06.1982
Туған жері: ШҚО, Үржар ауданы, Зерносовхоз ауылы
Ұлты: Қазақ
Спорты: Грек-рим күресі
Салмағы: 96 келі
Бақытты күні: 15.08.2008 ж
Отбасылық жағдайы: Үйленбеген
Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, «Құрмет» орденінің иегері
Биылғы жылдың басты додасы болған Бейжіңдегі ХХІХ жазғы Олимпиада ойындарында құрамамыздың қоржынына медаль салып, елімізді жүлде салған 80 елдің ішінде 29-орынға көтерілуіне басты себепкер болған 13 спортшының да еңбегі ерен. Осылардың ішінде Грек-Рим күресінде қолаға қол жеткізген Әсет Мәмбетовпен кездесіп, сұхбаттасуға мүмкіндік алған едік.
Меруерт ӘБУСЕЙІТОВА:ТАСҚА ТҮСКЕН ТАРИХТЫҢ ТАРҚАТЫЛМАҒАН СЫРЫ КӨП
Сұхбаттар · 643 рет қаралған
Батыс – Шығыс әлеміне қашанда қарыздар. Батыс Еуропа жұртында ғылым, білім латын тілінде жүргізілгені іспетті, ежелгі Шығыс әлемінде, оның рухани орталығы Мауреннахрда араб, парсы, шағатай тілдері жазба тілі ретінде прогрессивті рөл атқарды. Ғұлама даналарымыз өз құндылықтарын сол тілдерде жазып қалдырды. Ондай құнды дүниелер Иран, Түркия, Сирия, Мысыр, Үндістан, Пәкістан, Испания, Франция, Англия, Ресей кітапханалары мен қолжазба қорларында сақталып қалды. Оны зерделеуде Білім және ғылым министрлігінің Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институты кешенді жұмыстар жүргізуде. Осыған орай аталған институт директоры, тарих ғылымының докторы, профессор Меруерт Қуатқызы Әбусейітованы әңгімеге тартқан едік.
«ҚАЗАҚ УРАНЫН ҰЛТТЫҚ БРЕНДКЕ ҚАЛАЙ АЙНАЛДЫРАМЫЗ?»
Сұхбаттар · 389 рет қаралған
– Егер ІP-1000 реакторларын салуды үдетер болсақ, бір киловатт энергияға жұмсалған қаржы есебінен, басқа қуат көздерінің қоршаған ортаны ластайтынын ескермегеннің өзінде атом энергиясымен тең келетін қуат көзі болмайды.
Толағай күш
«Илья алты жасынан бастап ауыр атлетикамен айналысып келеді. Жастайынан зерек болып, кез-келген жағдайда алдына мақсат қоя біліп өсті. Ол – «алтын жігіт». Оның айғағы, осы уақытқа дейін қанша жарысқа қатысса да барлығында тек жеңімпаз атанумен келеді. Мәселен, 2001 жылы, 13 жасында спорт шеберінің нормативтерін толық орындап шығып, ел чемпионы атанды. 2002 жылы сол жетістігін қайта жаңартты. 17 жасында ерлер арасында әлем чемпионы атанды. Ал бір жыл өткен соң, Әлемнің екі дүркін жеңімпазы атанған болса, ауыр жарақаттарына қарамастан осы жылы Олимпиада шыңын бағындырды». Бұл мадақ сөз ауыр атлетикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Нидің өз аузынан шыққан. Әшейінде, мақтауға сараң ол Илья елімізге Олимпиада алтынын алып бергенде өз-өзін ұстай алмай, өзі айтпақшы, «алтын жігіттен» мадақ сөзді аяай алмай қалды. Міне, бүгінгі тақырыбымызда өзінің мықтылығымен дүйім жұртты мойындатқан Сыр өңірінің толағай батыры туралы әңгімелеуді жөн көріп отырмыз.
Мәдениет тоқалдан туды ма?
Сұхбаттар · 314 рет қаралған
Төлеген МҰХАМЕДЖАНОВ,
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты,
Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор:
Мәдениет тоқалдан туды ма?
Немесе осы салаға үкімет жеткілікті көңіл бөліп отыр ма?
ЖАМБЫЛДАН ШЫҚҚАН ЖАМБЫЛ
Сұхбаттар · 263 рет қаралған
Англиямен болған ойында өзін тамаша қырынан көрсетпей, Дэвид Джэймс қақпасына гол соқпағанда дәл қазір Жамбылмен кездесіп, сұхбат алар ма едік, алмас па едік, кім білсін?! Бірақ, сол ойыннан кейін «Алма-Ата» клубының жартылай қорғаушысының беделі бірден өсіп кетті десек, артық кетпегендігіміз болар. Футбол жанкүйерлері арасында, «Үш бастылар» қақпасын дәл көздеген Көкеев кім?» деген сұрақ жиі туындайды.
Комментатор Сұлтанғали ҚАРАТАЕВ: «БІЗДІҢ КЕЗІМІЗДЕ ҚАТЕЛІКТЕР КӨП БОЛҒАН…»
Сұхбаттар · 342 рет қаралған
Кеңес Одағы кезінде қазақ халқы ана тіліндегі спорттық бағдарламаларға зәру еді. Сол уақытта жиырма жылдан астам жұмыс істеп тұрған радиомыздан халық бірде бір рет қазақ тілінде спорт хабарын естімеуін осының айқын айғағы деуімізге болады. Бірақ, кейіннен қазақ жұртшылығы радиодан ана тіліндегі спорттық хабарларды тыңдай бастады. Оны қалың көпшілікке алғаш рет жеткізген Қазақстанның белгілі спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев. Алайда, көпшілігіміз Сұлтанғали Қаратаевты Раббат Жәнібековпен қатар қазақтың алғаш спорт комментаторы деп білгенімізбен оның жеті жасқа дейін тілі шықпай, жүре алмағанынан хабарсызбыз. Міне, осы туралы және қазіргі мен бұрынғы спорт комментарияларының айырмашылықтары жөнінде Сұлтанғали аға бүгінгі сұхбатымызда кеңінен әңгімелейді.
Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВА: «ГЕНДЕРЛІК САЯСАТТА ұлттық болмысты ескеру қажет»
Сұхбаттар · 682 рет қаралған
ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанына - биыл 10 жыл. Комиссия мүшелері облыстарды аралап, әйел-аналардың жай-күйімен танысып, отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын және мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдардың көшбасшыларымен жүздесті. Осыған орай қоғамда маңызды орын иеленетін - отбасы және гендер мәселесіне байланысты ҚР Президентінің кеңесшісі - Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара ӘБДІХАЛЫҚОВАНЫ әңгімеге тартқан едік.

