№ 35 (364) 


ҚОШ, күй өнерiнiң мэтрi

Жаңалықтар, Мәдениет · 58 рет қаралған

Тумысынан тұңғиық ұлттың жадын әлсін-әлі жаңғыртып, биік өреге, сырлы сарынға бөлеп тұрар қазақтың күй өнері ауыр қайғыға ұшырады. Дәулескер күйші, қаршыға текті Қаршыға Ахмедияров туған жеріне барған сапарында мезгілсіз дүниеден озды.
Қаршадайынан қара домбырасын құшақтап, саз әлемін қос ішектің сарынына бөлеген оның ізгі ғұмыры туралы ойлағанда, жылқы мінезді халық жүрегі кісінеп қоя берердей…

Толығымен…

ҚАЛТАФОН ҚАЗАҚША ТІЛ СЫНДЫРА МА?

Мәдениет · 111 рет қаралған

Бүгінгі күні кез келген адамды қалтафонсыз елестету мүмкін емес. Қалтафон – қажеттілік, байланыс, біреуге әуестік. Байланыс құралының бұдан да басқа мүмкіндіктері мол. Қалтафоныңызда интернет, үстеме бағдарламалар болса, қоғамдағы белсенділікті арттыру да қолда деген сөз. Алайда, қазақша әріптерді оқитын ұялы телефондар жоқтың қасы. Қазақтілді қолданушылар бір-біріне хатты әлі латын әріптерімен жолдауға мәжбүр.

Толығымен…

У мен БАЛ

Мәдениет · 163 рет қаралған

«ҚЫРАН-ТОПАН» ӘЗІЛ-СЫҚАҚ КЕШІ ЕКІНШІ РЕТ ӨТТІ

Қазақстан Жазушылар Одағының ұйымдастыруымен Әдебиетшілер үйінде «Қыран-топан» атты екінші жыл ұйымдастырылып отырған әзіл-сықақ кеші өтті. Кешті белгілі сатирик-ақын Көпен Әмір-Бек жүргізді.

Толығымен…

ҚАЗАҚ КИНОСЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЙПІ: МАУЫҚҚАН ҚЫЗ БЕН МАУБАС ЕРКЕК НЕМЕСЕ ҰЛТ НАМЫСЫН ТАПТАҒАН СОРАҚЫ ТУЫНДЫЛАР ЛЕГІНЕ КІМ ЖАУАПТЫ?!

Мәдениет · 184 рет қаралған

2008 жылдың жазында Францияның Коньсюмер қаласында АҚШ, Қытай, Ресей, Қазақстан қатысқан теле-шоу жарысы өтті. Ел имиджіне әсері мол тамаша бағдарлама болатын. Сол жолы Американың бір азаматын біздің ақтөбелік бір жігіт сабап тастады. Әйтеуір арты қайырлы болып, өзара кешірім сұрасып, бейбіт тарқасты.

Толығымен…

«БІРЖАН САЛДЫ» КӨРДІҢ БЕ?

Мәдениет · 138 рет қаралған

Тәуелсіздік алғалы бері қазақ киносы бір биікке жетсе, ол биік «Біржан сал» деп аталады. Бұл енді, біздің жеке пікір. Әрине, ірі тарихи жобалар болды, жанрлық фильмдер де түсіріліп жатыр. Бірақ кәсібилігі, және ең бастысы, қазақ танымында алатын орны жөнінен «Біржан салмен» иық теңестіретін фильмді көріп тұрғанымыз жоқ (кешірерсіздер). Сондықтан болар, халықтың оған деген ықыласы да ерен.

Толығымен…

КҮЙ – ТӘҢІРДІҢ КҮБІРІ

Бүгінгі нөмірде, Мәдениет · 663 рет қаралған

«ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ 1000 КҮЙІ» ЖАРЫҚ КӨРДІ

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

Қазақстан Республикасының Президенті:

– Күй – көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да, сұлу өнер.

Толығымен…

«МЕН СЕНІ АЯЛАП ӨТЕМ…»

Мәдениет · 325 рет қаралған

Оңтүстік астанада Қазақтың Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, халқымыздың өр мінезді ақыны Фариза Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем…» атты жыр кеші өтті.

Толығымен…

РУХ ДОКТРИНАСЫ

Мәдениет · 215 рет қаралған

Тіл мен мәдениет – ұлттық бет-бейнесі

Премьер – Министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен Мәдениет және ақпарат министрлігінің алқа мәжілісі болып өтті. Онда министр Мұхтар Құл-Мұхаммед «экономиканың өркендеуімен мәдениет, өнер, қазақ тілі, халқымыздың дәстүрлері мен өмірлік философиясы дамуы керек», – деген ойын жүзеге асыру үшін барлық мүмкіндіктерді жасап жатқандығын жеткізді.

Толығымен…

Қолданыстағы заңның әлеуетін неге әлі де пайдаланбасқа?

Мәдениет · 218 рет қаралған

Елімізде діни қатынастар «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Заңмен реттеледі. Бүгінгі күні біздің қоғамда кез келген мәселені шешуді заң шығарумен байланыстырып қоятын үрдіс бар. Алайда, дінге қатысты тиісті Заң қолданыста. Сондықтан осы Заңның әлеуетін дұрыс пайдалана білу керек.

Толығымен…

НҰРЛЫ КЕЛБЕТ

Мәдениет · 220 рет қаралған

Ол – атағы дардай әйгілі адамдардың санатынан болмаса да, қарапайымдылығымен, еңбекке қабілеттілігімен, уақытқа бейімділігімен бағалы жан. Мыңдаған адамның ішінен межелеп, мына тақырыптың нар жүгін көтеретіндей келелі кісіге санағаным сондықтан.

Толығымен…

Келесі »