НАГРАДАЛАР ТАПСЫРЫЛДЫ
Айна · 310 рет қаралған
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Орталық аппаратында мемлекет алдындағы еңбегі, белсенді қоғамдық қызметі, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан үлесі, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтқаны үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларын тапсыру салтанаты болып өтті.
МАҚСАТ ЖАСТАРДЫ ОТАНДЫ СҮЮГЕ БАУЛУ
Айна · 363 рет қаралған
Еркеш ҚАЛИЕВ,
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Қай заманда да, барлық мемлекеттерде мемлекеттік шекараны қорғау мәселесіне бірінші кезекте маңыз берілген. Және оған мемлекеттің дербестігі мен тәуелсіздігінің ажырамас бөлігі деп қараған. Бірқатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға осы тұрғыдан қарап, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Ақтөбе облыстық филиалы облыстың шекаралық заставаларымен тығыз әріптестік байланыс орнатып келеді. Бұл жерде біз «Нұр Отан» партиясының халықтық тұғырнамасы мен Бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға белгіленген мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлығын, «Жас Отан» Жастар қанатының 2008-2011 жылдардағы стратегиялық іс-қимылын жүзеге асыруды, еліміздің Қарулы Күштерінің беделін көтеруді көздейміз. Сондай-ақ, жас жауынгерлерді Отанды сүюге тәрбиелеу, әскери қызметтің беделін көтеру, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсат етіледі. Бұл жұмыстарды филиал қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті шекаралық қызметінің 2030 әскери бөлімшесімен, «Нұр Отан» партиясынан сайланған облыстық мәслихат депутаттарымен және шекаралық аудандардың, ауылдардың әкімдерімен бірлесіп жүргізіледі. Облыстық мәслихат депутаттары шекаралық заставаларға шефтік көмек көрсетіп келеді.
ЖАЙЫҚТЫҢ СУЫ АЗАЙЫП БАРАДЫ
Айна · 292 рет қаралған
Еуропада ұзындығы жөнінен үшінші орын алатын Жайықтың төменгі ағысындағы су қоры жылдан-жылға азайып барады. Оралдық ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы Роберт Құрманғалиевтің айтуынша, бұл Жайықтың жоғарғы жағында, яғни Ресей жерінде орналасқан су қоймаларының көктемгі тасқын суды бөгеп қалуына байланысты болып отыр.
АЛМАТЫ — ӘЛІ ДЕ ҚАУІПТІ АЙМАҚ ҚАТАРЫНДА
Айна · 296 рет қаралған
Алматыда соңғы 6 жыл ішінде 8 лай көшкіні орын алып, адам өліміне соқтырған, экономикалық ірі шығын әкелген. Бұл туралы Алматы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Виктор Долженковтың төрағалығымен өткен «Алматы қаласындағы лай көшкіні, оның алдын-алу» мәселелеріне арналған отырыста айтылды.
АЛЛА ҮЙІ АДАМНЫҢ АТЫМЕН АТАЛМАУЫ КЕРЕК
Айна · 338 рет қаралған
Қасиетті Құран Кәрімде: «Егер кімде-кім артына мешіт салып кеткен болса және ол мешітте ғибадат етушілердің саны молая берсе, оны салған адамның о дүниелік өміріндегі амал дәптеріне жазылатын сауабы да көбейе түспек. Аспандағы сансыз жұлдыздар түн ішінде қалай жарқырап көрінсе, жер бетіндегі мешіттер де сондай болсын» делінеді.
ПРЕМЬЕР «НҰР ОТАНҒА» ЖҮГІНДІ
Айна · 255 рет қаралған
Осы аптада «Нұр Отан» партиясы мен Үкімет Елбасы айтқан «жұмылған жұдырықтай» тізе қоса жұмыс істеудің жақсы үлгісін көрсетті. Осының арқасында еліміздің биылғы бас қаржылық құжатының жаңарған жобасы бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен жедел қабылданып, Елбасының қол қоюына жіберілді. Бейсенбі күні Үкімет өз отырысында Елбасының өткен аптадағы тапсырмасын орындау мақсатында «Әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспары» мен «Үкіметтің 2008-2010 жылдарға арналған Орта мерзімді фискалдық саясатына» өзгерістер енгізетін қаулылар қабылдап, биылғы жылдың нақтыланған бюджетінің жобасын мақұлдаған болатын. Бұл күнгі жиынға «Нұр Отан» ХДП Төрағасының орынбасары Сергей Громов арнайы шақырылған екен. Осы сәтті пайдалана отырып, Премьер бюджеттің жаңарған жобасын шұғыл түрде қабылдауда қолдау сұрап, «Нұр Отан» партиясының басшылығына және Парламент депутаттарына жүгінген еді.
ШЕНЕУНІКТЕР КӘСІПКЕРДІҢ ЖОЛЫН ЖАПТЫ
Айна · 261 рет қаралған
«Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау бөліміне шенеуніктен тепершік көрген арыз-шағымдар көп түсіп жатады. Сондай арыздың біреуінің астарына үңіле қарасаң қарапайым адамның шырылдаған жан айқайын көресің. Мемлекет басшысы қазіргідей қаржы дағдарысы кезінде кәсіпкерді қолдау керектігін айтып жатса да, жергілікті шенеуніктер бұл саяси мақсаттың мән-мағынасын түсінетін емес. Қайта өздерінің құлқынын ойлап, неше түрлі құйтырқы әдіс-айлаға барады.

