№ 35 (364) 


ЖОЛДАР НЕГЕ ЖАҺАННӘМҒА ЖАҚЫНДАП БАРАДЫ?

Бүгінгі нөмірде, Низам · 41 рет қаралған

Жолда құқық сақталмай, мін түзелмесі анық. Ал елдегі барлық бұзық жүргізуші біткенді жауапқа тарту мүмкін еместігі себепті, тәртіп сақтаудың ең оңай жолы — жағдайдың алдын алу.

Толығымен…

ЖЕТПЕЙ… ЖЕЛКЕҢ ҚИЫЛМАСЫН!

Низам · 19 рет қаралған

Биылғы жылдың жеті айында Тобыл өңірінде жеткіншектердің қатысуымен отыз алты жол көлік оқиғасы тіркеліпті.

Толығымен…

КЕҢЕСТІҢ КЕЛЕЛІ КҮШІ

Низам · 251 рет қаралған

КЕСІРЛІ КЕСЕЛДІҢ ҚЫЛТАСЫН ҚИЯДЫ

Сыбайластықпен күрес қылмысты біржола тұқыртып тастауға мүмкіндік бермей келеді. Бірақ пәрменді істің парқы нәтижесіз емес. Оны «Нұр Отан» ХДП Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің жүйелі жұмыстарынан байқауға болады.

Толығымен…

КҮЙІК ИІСІ

Низам · 272 рет қаралған

КІМНІҢ МҰРНЫН ЖАРЫП БАРАДЫ?
Айналдырған бір жұманың ішінде жұртты елең еткізген екі бірдей өрт оқиғасы тіркелді. Астанадағы қоймалардың бірінде тұтанған өрт 14 адамның өмірін жалмады. Ал, Түркістан қаласындағы мақта қоймасында орын алған өрт кезінде абырой болғанда адам шығыны болған жоқ. Бұған да шүкір. Бірақ оңтүстіктегі мақташылардың жаз бойғы еңбегінің еш, тұзының сор болғаны жанымызға батты.

Толығымен…

Партиялық бақылау бекетінің міндеті қандай?

Низам · 261 рет қаралған

ОЛ ТУРАЛЫ «НҰР ОТАН» ХАЛЫҚТЫҚ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНЫҢ ПАРТИЯЛЫҢ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ БОРАН РАХЫМБЕКОВ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ.

Толығымен…

«БРАТАНДАР» МЕН «БРӘТИШКІЛЕР»: ЖЕҢІСКЕ КІМ ЖЕТЕДІ?

Низам · 318 рет қаралған

Ақтөбеде жаңа оқу жылы басталғалы жасөспірімдер арасындағы қылмыс өршіп тұр. Әлсіздерден «дәстүрлі түрде» ақша бопсалауды айтпағанда, оқу орнының табалдырығын енді аттаған «перваштар» мен жоғары курс студенттерінің өзара келіспеушілігі екі ай ішінде бір емес, бірнеше рет қайталанды. Өкінішке орай, жеткіншектер арасындағы кикілжің салдары да жаға ұстарлық: біреуінің өлімі ауыр пышақ жарақатынан болса, енді біреуі ұңғысы кесілген шолақ мылтықтың «арқасында» мәңгілік сапарға аттаныпты. Сенімді дереккөздердің бізге хабарлауынша, даудың басы қол көтеріп, адам өлтіруге де тұрмайтын көрінеді. Жастар арасындағы «разборка» қоңырау үзілісінде кішінің үлкенге баспалдақтан жол бермеуінен туындапты.

Толығымен…

ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЮ… ҚҰМАР ОЙЫНДАРҒА ҚҰНЫҚҚАНДАР ҚҰРЫҚҚА ІЛІГЕР ЕМЕС

Низам · 300 рет қаралған

Құқық қорғау органдарының дерегінше бүгінгі таңда Алматыда 3 мыңдай құмархана тонын теріс айналдырып, кәсіп қылуын жалғастыруда. Сонымен қатар, қалада 164 ойын автоматтарының залдары жұмыс істейді.

Толығымен…

ҚАЗЫНАҒА ҚОЛ СҰҚҚАН ҚҰРЫҚТАЛАР

Низам · 261 рет қаралған

Қапшағай қаласы әкімдігінің «Құрылыс бөлімі» ММ-нің бастығы О. Гриненко тапсырыс беруші ретінде 2008 жылдың 18 ақпаны күні Қапшағай қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталығының (ХҚКО) құрылысы бойынша мердігер болып танылған «Семиречье СК» ЖШС-нің директоры Л. Козловпен жалпы сомасы 114 341 800 теңгенің құрылыс-құрастыру жұмыстарын жүргізу жөнінде келісімшартқа отырады.

Толығымен…

ОН ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ОҢ ҮРДІС

Низам · 397 рет қаралған

Прокуратура органдары – еліміздің құқық қорғау жүйесінің темірқазығы болып қала береді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы бекітілді. Құқық кеңістігінің одан әрі даму жолын айқындаған бұл стратегиялық құжаттың аса маңызды мемлекеттік мереке – Конституция Күні қарсаңында қабылдануының өзі тегін емес.

Қайрат МӘМИ,
Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры

Жаңа стратегиялық құжатты – 2002 жылдан бері қолданыста болып келген осындай тұжырымдаманың заңды жалғасы болып табылады десе де болады, ал ол кезеңнің құқық саясатының басты нәтижесі – ұлттық заңнаманы түбегейлі реформалау, оны озық әлемдік стандарттарға жақындату болғаны белгілі. Бұл кезеңде елімізде зайырлы, құқықтық, демократиялық мемлекет пен қоғамның нормалары, барлық құқық қолданушы жүйені, әсіресе қылмыстық жазаны қолдану мәселелерін ізгілендіру қағидалары заң және іс жүзінде орнықты. Бұл ретте отандық қылмыстық кодексте өлім жазасы қарастырылған санкцияларды елеулі қысқартып, жазаның осы түріне мораторий енгізуді еске алсақ та жеткілікті сияқты. Сонымен бірге 2002 жылдан бастап барлық нормативтік базаны жүйелеу жөнінде кең көлемдегі жұмыстар жүзеге асырылып, еңбек, бюджет, жер, экология, салық сияқты республикамыздың аса маңызды кодекстері жасалып, бекітілді. Сондай-ақ, еліміз үшін соны жаңалық болып табылатын Адам құқықтары жөніндегі өкіл институты жұмысын сәтімен бастап, сот реформасы түбегейлі жүргізілді.
Алайда өмір бір орнында тұрмайды. Барлық құқықтық саланың одан әрі дамуы, әртүрлі мемлекеттік және құқыққорғау органдарының қызметтерін үйлестіріп отыру, сот жүйесін жетілдіру – елімізде құқықтық саясаттың жаңа тұжырымдамасын қабылдау қажеттігін алға тартты. Және де оны 2020 жылға дейін он жылға бірақ жасау керек болды. Осы стратегиялық құжатты бекіткен кезде Мемлекет басшысы бәрінен де бұрын жалпы мемлекет пен оның азаматтарының игілігін көздегені анық. Тұжырымдама барлық норма жасау үдерісінің сенімді қағидаттарын қарастырған. Қолданыстағы заңдарды жүйелеу, оларды топтастыру, ескірген және қайталайтын нормалардан арылту жөніндегі жұмыстар да, сол сияқты сілтеме нормаларды неғұрлым азайтып, тікелей қолданылатын заңдарды қабылдау тәжірибесін кеңейте отырып, ішкі қарама-қайшылықтарды жою да осыған жатады.
Бұл үдерістегі соны жаңалықтың бірі азаматтар мен бүкіл қоғамның мүддесін неғұрлым толық қамти алатын, нормативті құқықтық актілерді бағалаудың халықаралық стандартын енгізу болмақ. Сондай-ақ, жаңа тұжырымдама заң техникалары деңгейін көтеріп, құқықтық реттеу механизмін жетілдіруді де, озық ақпараттық технологиялардың құқық шығармашылығы және құқық қолданушы үдерісін енгізуді де қамтамасыз етті. Құқықтық саясатты бұлайша кешенді түрде қарастыру – еліміздің жалпы дамуы барысында, оның бүкіл нормативтік-құқықтық базасын жетілдіріп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік бере отырып, нәтижелілік, шынайылылық пен есеп беріп отыру қағидаттарына негізделген мемлекеттік басқарудың жаңа сапалық үлгісін жасауға мүмкіндік береді.
Бұл арада мынаны атап айтқан жөн: ұлттық құқықтық жүйенің іргетасы болып конституциялық құқықтың өзі алынған. Ал, өзінің аса мол қуатын үйлестірілген құқықтық жүйе арқылы жүзеге асыратын, тікелей қолданыстағы негізгі заң ретіндегі еліміздің конституциясының қағидалары мен нормаларын толыққанды жүзеге асыру – таяудағы жылдардың аса маңызды міндеті болмақ.
Тұжырымдамада мәселелердің кең ауқымын реттеп отыратын әкімшілік құқық саласының дамуына ерекше көңіл бөлінген. Онда барлық тіркеу және рұқсат беру – лицензиялық рәсімдерді одан әрі оңайлату, нақты стандартты нормалар негізінде мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік пен қоғамдық қызметке заңсыз араласуына сенімді тосқауыл жасау қажеттілігі атап айтылған.
Әкімшілік іс жүргізу кодексін жасау – әкімшілік құқықтың өзекті мәселесі болып отыр. Қазақстан үшін жаңа үрдістегі құжат болып табылатын оның қабылдануы әкімшілік сот өндірісінің, сот істерінің дербес бір саласы болып қалыптасуына мүмкіндік береді. Құқықтық саясат тұжырымдамасында, сондай-ақ, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу құқықтарының нақты бағыттары да, сондай-ақ, қаржылық, табиғат қорғау заңдарының, құнды қағаздар, сақтандыру қызметтері нарығы мен қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің, басқа да салаларының аса маңызды қырлары да көрініс тапқан.
Жаңа тұжырымдамада Қазақстанның құқыққорғау органдарын жетілдірудің таяудағы он жылға арналған базалық басымдылықтары айқындалған. Осы құжатта жазылғандай, прокуратура органдары бұрынғыдай, – оның темірқазығы, барлық құқыққорғау органдарын байланыстырып отыратын буыны болып қала береді. Бұл ретте прокуратура органдарының негізгі қызметі болып табылатын қадағалау тәжрибесінің тиімділігін арттыру міндеті қойылып отыр. Біздің қызметіміздің іс жүргізу негіздері де одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Прокуратура органдарының елеулі қоғамдық қауіп туғызатын қылмыстар бойынша қылмыстық істерді тергеу ісімен қоса, прокурорлардың сотқа дейінгі өндірістегі ролі мен жауапкершілігін одан әрі көтеру бүгінгі күн тәртібінде тұрған мәселе.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы шілде айында қол қойған «Жедел-іздестіру қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңы прокуратура органдарына тергеу жүргізу құқығын қайтып беретінін еске сала кеткеннің артықшылығы жоқ. Алғашқы кезеңде бұл ерекше өзекті қылмыстық істер, сондай-ақ құқыққорғау органдары қызметкерлері жасаған қылмыстарды тергеу болмақ. Ал, одан әрі басқа да қылмыстық істер жатқызылатын болады.
Тұжырымдамада, сондай-ақ, прокуратура органдарының құқыққорғау саласының жалпы жүйесіндегі үйлестірушілік қызметінің тиімділігін арттыруға қатысты да нақты тапсырмалар айтылған. Оның ішінде бұл қызметті тиісті құқықтық реттілік арқылы жүзеге асыру да бар. Мемлекет басшысының осы жылдың сәуір айында берген тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, Бас прокуратураның үйлестірушілік қызметін күшейтіп, құқыққорғау органдарының азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау, елімізде заңдылық пен құқық тәртібін нығайту ісіндегі өзара іс-әрекеттерін неғұрлым табысты жүргізу бойынша қазірдің өзінде нақты шаралар қабылданды.
Мәселен, Құқыққорғау органдарының Үйлестіру кеңесінің тұрақты қызмет ететін хатшылығы құрылып, сыбайлас жемқорлықтың неғұрлым елеулі фактілерін уақытылы анықтап, тергеу жөніндегі штаб ұйымдастырылды. Ал, кеңес мәжілістерінде Мемлекет басшысының еліміздегі заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған тапсырмалары қаралып, қылмыспен күрес бойынша қосымша пәрменді шаралар қабылданды. Бірлесе талқылаудың нәтижесінде мемлекетіміздің құқыққорғау қызметін көтеру, азаматтардың өмірін, денсаулығы мен меншігін қандайда бір қылмыстық қол сұғушылықтан мүлтіксіз қорғауды қамтамасыз ету бойынша нақты қадамдар айқындалды. Алдағы уақытта, тұжырымдама қағидалары талап етіп отырғандай, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізіле отырып, прокуратураның үйлестірушілік ролін көтеру Үйлестіру кеңесінің мәртебесін заңды түрде бекіту арқылы қамтамасыз етілетін болады.
Егер, түптеп айтар болсақ, 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасы барлық құқыққорғау органдарының жұмыстарының тиімділігін едәуір арттыруды, олардың қылмыстың кез келген көрінісіне шапшаң да, лайықты ықпал етуін, құқық бұзушылықтардың үнемі алдын алуды, сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейтуді, бизнес үшін қауіпсіз жағдай туғызуды, олардың қызметіне негізсіз араласуды болдырмауды – басты мақсат тұтқан.
Қорыта айтқанда, Мемлекет басшысы бекіткен жаңа Құқықтық саясат тұжырымдамасына байланысты Қазақстан Республикасының құқықтық дамуы жаңа кезеңге аяқ басты. Енді осының негізінде құқық саласы жетілдіріліп, еліміздің одан әрі дамуының құқықтық негізі ретінде қазақстан заңдарының жаңа легі қалыптасатын болады.
Жақында, қыркүйектің басында өткен Парламеттің біріккен бірінші сессиясында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та осы мәселеге ерекше назар аударып, оның негізгі қағидаларын түйіндеп кетті.
Бас прокуратура басқа да мемлекеттік органдармен бірге қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге бағытталған жаңа заң жобасын жасауды бастап та кетті.
Сол сияқты Бас прокуратура тергеуге дейінгі тексерісті, оның шегін анықтап, тұтқындаудың кепіл түріндегі баламасы сияқты бұлтартпау шараларын кеңейте отырып, заң шығарушылықты реттеу мәселелерін де белсенді түрде жүргізуде. Бақылау-қадағалау органдары жүйесін оңтайландыру, мемлекеттік қаржыны бақылау саласын жетілдіру бойынша да жұмыстар басталды.
Құқық саясаты тұжырымдамасы, таяудағы он жылға арналған бағдарламалық құжат ретінде, оны барлық мемлекеттік органдардың мақсатты да мүлтіксіз жүзеге асыруын талап ететінін атап айтқан жөн. Алайда жұртшылықтың белсене қатысуынсыз және әр азаматтың қолдауынсыз оның діттеген міндеттерінің бәріне қол жеткізу мүмкін емес. Бұл орайда қоғамымыздың барлық мүшелерінің, барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының құқықтық саясаттың аса маңыздылығын терең түйсінуінің мәні зор екендігін атап айтар едік. Сондай-ақ, құқықтық сана мен құқық тәртібін көтеруге жалпы даярлықтың, қоғамда қабылданған нормалар мен ережелердің барлығын ынталылықпен орындаудың, азаматтардың Отанымыздың одан әрі дамуына, Қазақстанның әлемдік аренадағы ролі мен беделінің артуына белсенді үлес қосуының мәні де аса зор болмақ.

Ал, бұл кезде…
Бас прокурор Қайрат Мәми мен Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов Қарасай аудандық прокуратурасының жаңа ғимаратының орнын белгілеп, құрылыстың іргетасына болашақ ұрпаққа жазылған аманат салынған қалайы сауытты орналастырды.
Бас прокурордың Жетісу жеріне келуінің басты себебі – 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасынының негізгі қағидалары мен басты мақсаттарының мәнін талқылап, Алматы облыстық прокуратурасының өз міндеттерін атқаруда және осы құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыруда қолға алатын шараларының жай-жапсарын білу. Осыған орай, Алматы облыстық прокуратурасының мәжіліс залында ҚР Бас прокуроры мен Алматы облысы әкімінің қатысуымен облыстық деңгейдегі құқық қорғау, сот органдарының жетекшілері мен барлық аудандар мен қалалардың прокурорларының басын қосқан үлкен жиын өтті. Осы басқосуда қысқа болса да, нұсқа сөйлеген Бас прокурор 2010-2020 жылдарға арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын да тарқата түсіндіріп, онда айтылғандар толыққанды жүзеге асса, еліміздің құқықтық мемлекет ретіндегі мәртебесі де барынша артатындығына айрықша тоқтала отырып, Алматы облысындағы құқық қорғаушылар жұмысына біраз сын айтты.

«ТЕҢ ОЙЫН»

Низам · 250 рет қаралған

Еліміздегі қылмыстық ахуал мен құқықтық тәртіпті осылай бағалауға болатын сияқты…

Жеңіл-желпі қылмыс жасайтын қаптесерлерді қарыс қадам аттатпай құрықтайтын полицейлердің өздері кейінгі кездері ыңғайсыз жағдайларға жиі қалып жүр. «БАҚ-тағы сыни материалдарға ден қоюға ерекше көңіл бөлінеді және әр сыни мақала жан-жақты тексеріліп, кінәлілер жауапқа тартылады», – дейтін ІІМ өкілдері өткен аптада Теміртау қаласы Шығыс полиция бөлімі бастығының арсыз әрекеті туралы жазылған ақпарды естіп, төбелерінен тас жауғандай болды.

Ал, мәселенің түп-төркініне келсек, бөлім бастығы Рашид Есенбеков жоғарғы лауазымды қызметін пайдалана отырып, қол астындағы екі қызметкерін жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлемек болады. Басекең оларға: «көңілін көтерсе, материалдық көмек көрсетіп, тіпті қызмет дәрежесін өсіретінін де» айтқан екен. Қазір әдептен озған басшы ішкі істер органынан шығарылып, ісі комиссия отырысында саралануда.
Ал шығысқазақстандық тәртіп сақшылары қылмысты ашпақ түгіл, оны жасырып қоятын болыпты. Бұл масқараны облыстық прокуратура тарапынан жүргізілген тексерулер әшкереледі. Облыстың тәртіп сақшылары өткен жылы 200-ге жуық қылмысты тіркемеген. Олардың арасында жеңіл-желпі қылмыстарды былай қойғанда, 23 ауыр қылмыс бар.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бері бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша мемлекетке келтірілген залал сомасы 8 млрд. 898 млн. теңгені құрап, ұрлау фактілері бойынша 2584 қылмыстық іс қозғалған. Бұлардың арасында мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру мен құрылыс саласы әлі де бюджет қаражатын ұрлауға барынша бейім болып отыр. Қаржы полициясының жеткізген деректері бойынша бюджет қаражатын жымқыру биылғы жылы былтырғымен салыстырғанда 2,3 пайызға өсіп, экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар 7,3 пайызға жеткен. Айта кетелік, жыл басынан бері барлық анықталған қылмыстардан келген шығын 10 млрд. теңгеден асқан, мұның түгелге жуығы – экономикалық қылмыстар санатында. Байлықты парасаттан, билікті халықтан жоғары қойған кейбір шенеуніктер тарапынан жасалған парақорлық 19 пайызға, оның ішінде тікелей пара алу 19 пайызға өскен. Бұған дәлел, қазірде кейбір ауыл-аймақ әкімдері мекенжай туралы анықтамалар сатып, қызығы сол, қалаға емес ауылға тіркеуге тұру ішін пара алуға көшіпті.
Солтүстік Қазақстан облысының селолық округ әкімдеріне 10 мың теңге берсеңіз, қас-қағым сәтте ауыл тұрғынына айналып шыға келетін көрінесің. Ең бастысы, қоғамдық тәртіп мәселесіне келер болсақ, биыл көше қылмыстары былтырғымен салыстырғанда 5 пайызға азайған екен. Ал, Елордада биылғы 8 айда тіркелген қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 12 пайызға кем. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша соңғы үш айда 22 қылмыстық іс қозғалып, олар бойынша қылмыстық ортаның 2 «беделдісі», сондай-ақ, ұйымдасқан қылмыстық топтың 8 қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Айтылып отырған мерзім ішінде «Киллер», «Дикий», «Антикиллер», «Тито», «Рафик», «Маратенок», «Еска», «Тахир» секілді қылмыстық ортаның беделділері ұсталып, қоғамнан алшақтатылған. Онымен қоса, жақында біраздан бері іздеуде жүрген Алматы мен Астанада дәулетті тұрғындарды тонап, мүлкін тартып алуға кәсіптенген «Айшуақ» қылмыстық тобы құрықталды. Соңғы бір аптаның ішінде елімізде 1920 қылмыс жасалса, оның 1499-ның «ізі суымай» ашылған. Бұрын жасалған 422 қылмыстың құпиясы анықталған. Ішкі істер баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір аптаның арасында ғана 6 адам сату жағдайы тіркелген. Нашақорлыққа қатысты тек биылғы жеті айда 228 құқық бұзушылық тіркеліп, 98 қылмыстық іс қозғалыпты. Сондай-ақ, жыл басында елімізге жұмыс іздеп келетін гастарбайтерлерді кіргізбеу туралы заң күшіне енсе де, бұлардың көбі елімізге келіп тастай батып, судай сіңіп жатыр. Жақында Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі Қазақстанда 100 мыңға жуық қырғызстандықтардың «құлдықта» жүргені жайлы ақпар таратты. Оларды ұстап, ауылдарына қайтаруға көші-қон полициясы аса ынталы емес. Ал, Алматы мен Астанада орын алатын барлық қылмыстардың 60 пайызы өзге жақтан келгендердің үлесінде екен…

Думан БЫҚАЙ.

Келесі »