МАЙШАБАҚ ПЕН ШЫНЫКӨЗ
Сатира · 304 рет қаралған
(Балықшының жұмысшылар жиналысында айтқан әңгімесі)
Жолдастар, мен – балықшымын. Балық аулаудың арқасында мен социализмге аяқ баса алдым. Ол қалай болды дейсіздер ме? Жарайды, тәптіштеп айтып берейін.
Біздің өзен-көлдерімізде акуладан сәл ғана кішірек бір балық өмір сүреді, біз оны «Шыныкөз» деп атаймыз. Өте қу балық, өте шақар, өте мешкей. Ол майшабақтарды жақсы көреді. Әлгі, кәдімгі құйттай, шынашақтай балық ше… Соны көрсе-ақ болды, Шыныкөз құтырып кетеді, байғұстарды қуып жүріп қылғытады.
БАСЖАЗАР
Сатира · 348 рет қаралған
Көтеріліп қысымы,
Ішімдіктің үш ұлы:
Коньяк, Арақ, Шарап,
Қарап тұрмай қақтығысты:
– Кім білмейді мөп-мөлдір
Ақты күшті?
Жыл басындағы жаңа тілек
Сатира · 1,172 рет қаралған
Ассалаумағалейкум, Аяз ата, Санта Клаустай емес, Қызыр бабадай ақ сақалды аталар, қалалық крутой жігіттерше айтсақ, батялар! Амансыздар ма, ақ жаулықты аналар мен он саулықты апалар!
Армысыздар өкшелі де бөкселі, айбарлы да жайдарлы њәм шалбарлы жеңгейлер мен келіндер! Бармысыздар, қоржынға ұлын, төсіне пұлын, қолына шылым қыстырған қылықты да шұлықты қыздар! Қайдасыңдар бірінің тоқтықтан, ал енді бірінің жоқтықтан қолдары қалтыраған дара тұлғалы, барматухалы бауырлар!
ӨКПЕЛЕГЕН ҮЛЕСІНЕН ҚҰР ҚАЛАДЫ
Сатира · 255 рет қаралған
Мұзафар ӘЛІМБАЕВ
Қоян-ата көжектеріне көп сәбіз әкеп, бір-бірден бөліп берді. Ең кенжесі сұр көжек:
– Маған қотыр сәбіз бердің, – жемеймін деп ұртын бұртитты. Жуантық түп жағында бұршақтың үлкендігіндей ғана екі-үш бүртігі бар сәбізді басқа бір көжек қағып алды да, бір-ақ асады. Сұр көжек аш қалды. Атасы оған: – Солай, балам… «Өкпелеген үлесінен құр қалады», – деді.
ӨКІНІШТІ
Сатира · 273 рет қаралған
Юрий РИХТЕР
Мекемедегілердің бәрі Біріншінің Екіншімен жақын дос екендігіне күмәнданбайтын. Бірақ, бұл өзі өте қызық достық еді. Екінші өзінің Бірінші досымен қашанда бірінші болып амандасатын. Сондай-ақ, Екінші қашан да Біріншіге бірінші болып көмектесуге даяр тұратын. Жұмыс барысында Бірінші қандай да бір қателік жіберіп қойса, Екінші жиналыс кезінде оны ақтап алатын.
БЕТІҢІЗ РЕВМАТИЗМ БОЛСА…
Сатира · 298 рет қаралған
Мен осы таң қаламын, ауырсақ болды дәріханаға жүгіреміз. Қазақша ем-дом жасауға болады ғой. Мен соның бірнешеуін айтып берейін.
АРҚАҢЫЗ СУЫҚТАҒАНДА
Шүберекке жүз грамм арақ құйып, арқаңызды алты минөт ысқылаңыз. Сонда суық біткен мас болып, арқаңыз алқаш атанып, теріңіз жиырылып, «зәкөске» сұрағандай дуылдап, жаныңыз кіреді.
Тырайып қалды
Сатира · 1,983 рет қаралған
Бір күні «Шылым шегіңіз, жаныңыз кіреді, бірақ Денсаулық сақтау министрлігі ескертеді: жаныңыз қайтадан шығып кетеді» – деген жарнамаға жымиып қарай берген едім, көшені қиып өтіп бара жатқан еркекті зу ете қалған «Мерседес» қағып кетті. Жаным ашып кетті, бейшара көз алдымда домалап барып, күл-қоқыс салғышты құшақтап алды. Кенет көздері алайып барып, жантая кетті. Жаным ашып қарап тұрдым: Үстіндегі киімі де жұпыны екен, мына қоңыр плащты он жыл киген шығар? Шалбарының тізесін жамап қойған, туфлиінің бір өкшесі жоқ, қалпағынан ұн елеуге болады.
– Қайырлы таң! – дедім.

