№ 35 (364) 


ЖАЛДАМАЛЫ ҮЙ

Журналистiк зерттеу · 61 рет қаралған

«Үкіметке 2010 жылы «Жол картасы–2009» жоспары бойынша басталған тұрғын үй-коммуналдық сектор нысандарын қайта жаңғыртуды жалғастыруды, ал 2011 жылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты кең ауқымды жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі жоспарын жасауды тапсырамын. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымдарын жаңғырту – өзіндік пайдалану шығындарын төмендетумен және ресурс сақтаушы технологиялар енгізумен қоса жүруге тиіс.»

(Елбасының «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу –

Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Жолдауынан).

Толығымен…

ЕҢБЕК АФЕРАСЫ

Журналистiк зерттеу · 51 рет қаралған

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ АҚЫСЫН ЖЕУ ФАКТІСІ НЕГЕ КӨБЕЙІП БАРАДЫ?

«Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау бөлмесі қашан барсаң да кісіден арылмайды. Бөлімнің меңгерушісі Гүлжан Мұхтароваға бірде Орал қаласының тұрғыны Елена Иванова шағым айта келді.

Толығымен…

Қу шөппен ауыз сүрту

Журналистiк зерттеу · 98 рет қаралған

ТҰҚЫМ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ТҮЙТКІЛ тез арада шешімін таппаса еліміз көкөніссіз қалуы мүмкін

Көктем келді дегенше, бақшалық жұмыстар қарқын алды дей бер. Иығына кетпенін асынып, несібесін жерден ажыратқан шаруа бұл мезгілде қимылдап-ақ бағады. Әрине, құрал-сайман, жабдығы сай болса. Ресми деректер, былтыр елімізге қажетті 1 млн. 245 мың тонна бақшалық өнімнің екі есе артығымен жиылғанын алға тартады. Атап айтқанда, өткен жазда отандық шаруалар бақшадан 2 млн. 277 мың тонна көкөніс алған. Рас, бұл – үлкен көрсеткіш. Алайда, аталған цифрға қарап бұл сала мәселе атаулыдан ада екен деуге келмейді…

Толығымен…

Бидайықтың басы

Журналистiк зерттеу · 107 рет қаралған

БҰҰ Даму бағдарламасы жойылып бара жатқан жайылымды қалпына келтіре ме?

Соры бетіне шығып бозара бастаған қазақтың ұланғайыр жайылымын қалай қалпына келтіруге болады? Бұл үшін жайылымдарға көпжылдық екпе шөптер мен шөптесін өсімдіктерді қолдан мәпелеп өсіріп, алқаптың ажарын кіргізу керек. Сонда ғана мал шаруашылығы мәні артып, ауыл адамдарының да әл-ауқаты жақсарады. Ал, елімізде жұмысын бастаған Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы осы мақсатты көздейді.

Толығымен…

ҚАП, ҚАРАШЫҒАНАҚ…

Журналистiк зерттеу · 110 рет қаралған

ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯ ҚОМАҒАЙЛЫҒЫ ҮШІН ЖАЗАЛАНАДЫ

Біраздан бері Қарашығанақ кен орыны маңынан түрлі заңсыздықтарға қатысты шу басылмай тұр. Бүгінде «қолынан келіп тұрғанда қонышынан басып қалуға» тырысқандар, яғни, «ҚПО б.в». консорциумы кен орнының операторы жауапқа тартылып жатыр. Оның қылмысы сол – өндірістің жоспарын асыра орындап қойыпты. Бұрын бесжылдықтың жоспарын асырып орындағандарға үлкен мақтау-марапат бұйыратын болса, енді операторды сот залында жауап беру күтіп тұр.

Толығымен…

ОҚИҒАДАН 30 КҮН ӨТКЕН СОҢ…

Журналистiк зерттеу · 95 рет қаралған

Қара жамылған «Қызылағаш» ауылына аттанған бір топ журналист апат аймағына әсте жаңалық іздеп жол тартқан жоқпыз. Қара жолдың бойымен сыдырта тартып келе жатқан автобус ішінде отырып-ақ, әрқайсысымыз аздан кейін көзбен көрер қираған ауылдың бейнесін ойша елестетіп, жүректі қан жылатар қайғының лебін алыстан сезгендей-ақ едік. Иә, тып-тыныш жатқан ауылды әп сәттің арасында айран-асыр еткен қайғылы оқиғадан бері тұп-тура ай өтіпті…

Толығымен…

ШЫҒЫСТЫҢ ШЫРАЙЫ СӘУІР БОЛСА ДА, ТӘУІР БОЛМАЙ ТҰР

Журналистiк зерттеу · 103 рет қаралған

Шығыс Қазақстанның кейбір өңірлерінде қыстың ызғары әлі де қайтпай тұр. Қар құрсауында қалып, әуре-сарсаңға түсіп отырған ауылдар әлі де бар. Автокөліктер жете алмайтын мұндай елдімекендерге қазір тікұшақ арқылы көмек көрсетіліп жатыр.

Толығымен…

АРДАГЕРЛЕРДІ АЛДАП ЖҮРГЕН ЖОҚПЫЗ БА?

Журналистiк зерттеу · 95 рет қаралған

Қарағанды облысында соғысқа қатысқан 1126 ардагер қалды. Олардың 553-і Қарағанды, 158-і Теміртау, 62-сі Жезқазған, 59-ы Балқаш, 32-сі Сәтбаев қалаларында тұрып жатыр. Ал, Қаражал қаласында – 5, Ақтоғай ауданында 3 ардагер қалған.

Толығымен…

МАҚТА

Журналистiк зерттеу · 184 рет қаралған

МАШАҚАТЫ КӨП ДАҚЫЛДЫҢ КӨЛЕМІ КЕМІП, ДИҚАННЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ТӨМЕНДЕП БАРАДЫ

Оңтүстікте биыл қар аз жауғанымен, жауын-шашын мол болды, ылғал жеткілікті. Диқандар көктемгі дала жұмыстарын бастап та кетті.

Толығымен…

Қант қызылшасы

Журналистiк зерттеу · 175 рет қаралған

Тәтті түбір өсірудегі күрделі мәселенің күрмеуі қашан тарқатылады?

Жасырары жоқ, заманында тәтті түбірді тонналап өсіріп, алынған өнімдерін жергілікті жердегі зауыттарда өңдеу арқылы аты алысқа жайылған жетісулық қант қызылшасын өсірушілердің жағдайы соңғы жылдары шатқаяқтап тұр.

Толығымен…

Келесі »