№ 35 (364) 


КҮКІРТ ЖҰТҚАН ЖҰРТ КҮРК-КҮРК ЖӨТЕЛЕДІ

Экология · 469 рет қаралған

Осы бір «Хеопс пирамидалары» туралы айтқанымызға біраз болды. Бірақ нақты шара бірлескен кәсіпорын тарапынан алынбай отырғаны ақиқат. Мәселен, қазіргі таңда Теңіз кенішінде 8 млн тонна шамасында күкірт іскірт күйінде үйіліп тұр. Бұл – дүниежүзіндегі ең ірі күкірт қоры екен. «Теңізшевройл» ЖШС басшылығы оны жою уақытын әне-мінемен бүгінге дейін созып келгені баршаға мәлім. Жергілікті атқарушы биліктің тарапынан айтылған сын ескертпелерден еш қорытынды шығарған жоқ. Үстіміздегі жылдың өзінде күкіртті сату туралы ТШО-ға 500 – дей компания сұраныс беріпті. Алайда олардың тек он үшімен ғана келісім-шарт жасалған. Бұл туралы мерзімді баспасөз бетінде жарияланған мақаламызда айтылғандай, ТШО күкірт сату көлемін әдейі өсірмей, екіжүзді саясат ұстанып отыр.

 

Толығымен…

МҰНАЙ БАЗАСЫН САЛУҒА МИНИСТРЛЕР НЕГЕ МҮДДЕЛІ?

Экология · 320 рет қаралған

Атырауда үкімет мүшелерінің қатысуымен келелі кеңес өтті. Жиында Каспий мұнайын игеруге, аймақта экологиялық ахуалды сауықтыруға, отандық жұмысшыларды қорғау және әлеуметтік түйінді мәселелерді шешу кеңінен сөз болды. Арнайы іссапармен мұнайлы астанаға келген ҚР Қоршаған ортаны қорғау, Энергетика мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері Нұрлан Ысқақов, Сауат Мыңбаев және Бердібек Сапарбаев өңірдегі шетелдік және отандық компаниялармен арада туындап отырған кейбір проблемалар туралы әңгіме қозғады.

 

Толығымен…