№ 35 (364) 


ТӘУЕЛСІЗДІК САРАЙЫ

Ынтымақ · 373 рет қаралған

«Тәуелсіздік сарайының» самаладай жанған алып шамдары осында жиналған қауымның жүздеріндегі бал - бұл жанған қуаныштың куәсі болды! Қастерлі мерекеміз қарсаңында ғана тұсауы кесілген осы әсем ғимаратта кеше ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен қазақ елінің Тәуелсіздігінің 17 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Осындай ұлық басқосуларға лайықталып салынған осынау көркімен көрген жанды таңдау қақтыратын алып сарай бұл күні биліктің барлық үш тармағының мүшелері, қоғам, саясат, мемлекет қайраткерлері, мәдениет пен өнер, ғылым мен білім қызметкерлері, өнеркәсіптің барша саласы мен саналуан құрылымдарының өкілдері сынды еліміздің барлық өңірлерінен ағылып келген 2,5 мыңнан астам аса қадірменді қонақтарға лықа толған еді.

Толығымен…