Мекемтас МЫРЗАХМЕТ: ҰЛТТЫ САҚТАУДЫҢ ЖОЛЫ – БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМДА
ТӨР · 72 рет қаралған
Халқымыздың батыр ұлы, айтулы қаламгер Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойын ел болып атап өту шаралары басталып кетті. Осыған орай, жазушының мол мұрасын жинап бастырушы белгілі ғалым, елімізде «Абайтану» мен «Бауыржантану» ғылымының жаңаша негізін қалыптастырушы, филология ғылымдарының докторы Мекемтас Мырзахметті әңгімеге тартқан едік.
ОТЫРАРЫМ, ЫСТЫҚ МАҒАН ТОПЫРАҒЫҢ…
ТӨР · 129 рет қаралған
Белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының лауреаты Еркін Қыдырдың «Фолиант» баспасынан «Менің Отаным – Қазақстан» сериясы бойынша «Отырар» кітабы жарыққа шықты. Кітапта еліміздің ежелден-ақ өркениет ордасына айналған Отырар шањары, оның өткені мен осы өңірдің бүгінгі тынысы туралы сыр шертіледі. Отырардан шыққан ұлы бабамыз әл-Фарабидің, бабтардың бабы – Арыстан бабтың аңызбен астасқан ғұмыры жасампаздық істерімен, таратқан ілімдірімен ұштастырылып беріледі. Ұлы қолбасшылар – Шыңғыс хан мен Әмір Темір жорықтары заман тұрғысынан ой елегінен өткізіледі. Отырарлықтардың ерлік шайқастары ешкімді де бейжай қалдырмайды. Сонымен қатар Тұрғанбай датқа, Қажымұқан, Өзбекәлі Жәнібеков, Ақжан Машанов, Кемел Ақышев және өзге де Отырармен өзектес тұлғалар туралы материалдар тың мәліметтерге толы.
ПАТРИОТ. Ол кім?
ТӨР · 96 рет қаралған
ТӘРБИЕГЕ ЖАҢАША КӨЗҚАРАС ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН КЕЗДі ӨКіЗІП АЛМАЙЫҚ!
Рүстем ҚАЙДАРОВ,
ҚР Генералдар кеңесінің төрағасы,
әділет генерал-майоры
Кейінгі жылдары патриоттық тәрбие беру, отаншылдыққа үйрету ісі төмендеп кетті. Осының салдарынан елімізде ұрпақтар сабақтастығына, дәстүрлі тәрбиеге үлкен сызат түсуде.Себебі бүгінгі күні жастарға және жалпы қауымға көп мәселе өз деңгейінде дұрыс түсіндіріліп айтылмайды. Елімізде тарайтын ақпарат құралдарының ішінде өзге мемлекеттердің сойылын соғатын, ұлтқа, халыққа жат қылықтарды насихаттайтын басылымдар, әртүрлі ақпарат көздері бел алып кетті. Қарап отырсаңыз, телеарналардан жаппай Ресейдің киноларын беріп жатыр. Кілең кісі өлтіру мен қылмыстық әрекетті жасырудың небір түрлерін, амал-айласын көрсетуде. Соның бізге не қажеті бар?
Қазақ рухы әр адам ұлттың тағдырына қатысты мәселеге жан-жүрегімен берілуі керек
ТӨР · 120 рет қаралған
Мұрат ӘУЕЗОВ, қоғам қайраткері, мәдениеттанушы
Кез келген ғимараттың беріктігі оның іргетасына байланысты. Сондықтан оны қалау кезінде аса білімділік пен шеберлік керек. Негізін қалай салдың, солай мәңгілік тұрады. Мемлекеттің тұғыры да осы сияқты. Тәуелсіздік, бостандық – біз ғасырлар бойы армандаған мақсат. Ол бізге бірден дайын күйінде келмейді. Кеңес дәуірінде тәуелсіздікке ұмтылу саналы түрде ой жүйесінде болған жоқ демеймін, болды, бірақ көп емес.
НАҒЫЗ БАЙ АДАМ – Өз өміріне риза адам
ТӨР · 126 рет қаралған
Хайролла ҒАБЖӘЛЕЛОВ, профессор:
– Хайролла Мағауияұлы, еліміз екі нәрсемен мақтануы тиіс, ол – әскері мен қаржысы. Бірін-бірі толықтырып тұрған осы екі құндылығымыздың бірі – ұлттық валютамыз. Ұлттық теңгенің авторларының бірі ретінде сізді не толғандырады?
ЖАС ӘНШІЛЕР ДОДАСЫ
ТӨР · 140 рет қаралған
Жас орындаушылардың республикалық дәстүрлі «Жас қанат» байқауы биыл 19-рет Астанадағы Конгресс-холлда өтеді. Сәуірдің 16-18-інде ару шаһар әнге бөленеді.
АЗАТ ШӘУЕЕВ – ҚОР директоры
ТӨР · 108 рет қаралған
Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорына басшы болып Азат Шәуеев тағайындалды.
ЖАЗУШЫЛАР ОҚЫРМАНДАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
ТӨР · 101 рет қаралған
Астананың танымал жазушылары мен көркем әдебиетке құмар елорданың жас-кәрісі әдеби-шығармашылық кездесу өткізді.
ҚАЗАҚСТАН ФЕНОМЕНІ
ТӨР · 288 рет қаралған
ЕЛ экономикасы енді еңбек өнімділігінен қуат алады
Сағындық САТЫБАЛДИН, экономика ғылымдарының докторы, академик, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры.
Ақиқатқа тура қарар болсақ, бүкіл дүниежүзінің экономикалық институттары да, саясаткерлері де «Қазақстан феномені, немесе Қазақстан экономикасының феномені неде?», – деген сұрақ төңірегінде зерттеулер жүргізіп, әлі де болса, нақты нәтиже беріп тұрған «дәнді» таба алмауда. Бұл сұрақ – өзгені былай қойғанда, өз еліміздің ғалымдары мен саясатшыларын да толғандырып жүрген басты мәселе секілді.
Көлік саласы көркейіп келеді
ТӨР · 253 рет қаралған
Әбілғазы ҚҰСАЙЫНОВ,
ҚР Көлік және коммуникация министрі:
– Әбілғазы Қалиақпарұлы, алдағы жылдары отандық көлік саласында 2,5 трлн. теңгеге бағаланған 56 инвестициялық жоба жүзеге асырылады деп күтілуде. Олар қандай жобалар және қалай қаржыландырылып, іске асырылмақшы?




