№ 35 (364) 


Сурет сүлейi

ҒҰМЫРДАРИЯ · 30 рет қаралған

²азаºтан м¸»гi ºамºорлыº пен жанашырлыº таппай к¾те-к¾те т¼зiм-та¹аты таусылып, т¾»iлiп к¾дерi ¾зiлген ºайран бауырларым-ай. Шашты» ша»да¹ында шауып, шыбыºты ат ºылып мiнiп ¼скен жас баланы», келе-келе кексе тартып, кемелiне келген жанны» сиºыр¹а толы суреттерiнен таулар мен даланы» ¹ажап ж½пар исi, ке» тынысы а»ºиды. Ол басºа жердi к¼рдi. Жылусыз жат ж½лдыздар¹а тесiлдi.

Толығымен…

Сардар

ҒҰМЫРДАРИЯ · 37 рет қаралған

Мен Равиль Тәжіғараұлы туралы ойлағанда сыйлас, адал досымды әрқашан да егеменді еліміздің шаңырағын көтерген Президентіміздің ең қиын мәселелерді шешуді тапсырған және сол тапсырманы ойдағыдай орындаған ең сенімді Сардарларының бірі ретінде көз алдыма елестетемін. Бұл сөзімнің ақиқаттығын оның егемендік жылдарындағы қызметімен-ақ дәлелдеп шығуға болады.

Толығымен…

Қуаныш

ҒҰМЫРДАРИЯ · 101 рет қаралған

Бұл – айбынды да ардақты азамат туралы толғауымызды Жеңіс күнімен қатар жарыққа шығаруымыздың терең мағыналы екі себебі бар. Біріншіден, ол адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыстағы Ұлы Жеңістің хабары келіп жеткенде шыр етіп, мына жарық дүниеге келіпті. Екіншіден, ныспысы Қуаныш болса да, оның өмір жолы үнемі рух пен парасаттың, намыс пен ізгіліктің Жеңістерінен тұрады. Тіпті сәл шегіністерінің өзі оны Жеңіске бастаған жолдар іспеттес. Осыдан кейін Қуаныш ағаны «Жеңіспен үзеңгілес азамат» демей көр!…

Толығымен…

ЖӘЖА

ҒҰМЫРДАРИЯ · 208 рет қаралған

Біз Жәнібекпен 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға бірге түстік. Бірақ кейіндеу таныстық. Қыркүйектің екісі ме, үші ме есімде жоқ, Шелек ауданына ауылшаруашылығы жұмысына кетіп барамыз.

Толығымен…

Суреткер

ҒҰМЫРДАРИЯ · 255 рет қаралған

Ол КСРО-ның Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі», Халықтар достығы ордендерінің иегері. КПСС орталық комитетінің, КСРО Министрлер Кеңесінің, Бүкілодақтық Кәсіпкерлер одағы Орталық комитетінің, Бүкілодақтық Комсомол ұйымы Орталық комитетінің «Жақұт» (Рубиновый) белгісімен марапатталған.

Толығымен…

КЕНЕН

ҒҰМЫРДАРИЯ · 467 рет қаралған

Шығысқа қарай маңдайды күнге салып жосылтып келе жатқан бізге, оң жақта қапталдаса жарысқан Тәңіртаулар тізбегінің таусылатындай түрі көрінбейді. Қайта апайтөсін керіп, барған сайын биіктей түсетіндей. Үлкен жолдың үстінде талай ой мазалайды.

Толығымен…

ТАУ ТҰЛҒА

ҒҰМЫРДАРИЯ · 676 рет қаралған

Ол туралы 1957 жылдың өзінде Англияның Премьер-Министрі Антони Иден: «Англияда ұлт өкілдерінің арасынан шыққан даңқты тұлғалар жоқ, ал, Кеңестер Одағында әлемдік деңгейде мойындалған Қаныш Сәтбаев секілді қайраткерлер бар.

Толығымен…

ГҮЛФАЙРУС

ҒҰМЫРДАРИЯ · 534 рет қаралған

Жаңа туған жарты айдай қиықша келген қастың астынан мөлдіреген қарақат көздер төгілейін деп тұрған таңғы шық сияқты. Екі бетінен қан тамған, талдырмаш бойлы, қыпша бел, ақ сазандай сұлу. Сурет алдында мөлиіппін де қалыппын.

Толығымен…

Дос туралы толғау

ҒҰМЫРДАРИЯ · 659 рет қаралған

Ол екеуміз сонау өткен ғасырдың 50-ші жылдарында Қостанай облысынан келіп, Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінде қатар оқыдық. Қоғабай (Сәрсекеев) журналистика факультетінде, мен экономика факультетінде. Сол кездегі студент жастардың дәстүрі бойынша әрбір мерекелерде, туған күндерде жерлестер бас қосып тұратынбыз. Мен сол кездегі Семиозер (қазіргі Әулиекөл) ауданындағы Қазақ орта мектебін, Қоғабай ежелгі Торғайдағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектепті тәмамдағанбыз. Сондықтан да, яғни, Әуликөл мен Торғайдың арасы 300 шақырымдай қашық болғандықтан, біз бала кезімізде бір-бірімізді білмей өскен едік.

Толығымен…

АЛАШТЫҢ АЙҚАНОВЫ

ҒҰМЫРДАРИЯ · 319 рет қаралған

Туған ауыл – алтын бесік, ұшқан ұя. Осы бір киелі ұядан сан-салаға қаншама балапандар қарақанаттанып, ұшып шығып, шырқау көкте самғап жүр десеңізші. Жылы жақтан қайтқан құстардың алтын ұя мекенге оралатынына да куәміз. Сол сәтте олар да шұрқырасып, өткен-кеткенін еске алып, бір-біріне қимай қарасып, сағынышын білдіріп, ұзақ уақыт әңгімелесетіндей болып көрінеді. Сонау бір жылдары Әбілсейіт Айқановтың («Қызыл орақ» жетіжылдық мектебінде оқып жүргенде ол Рүстемов болатын) аты әлемге жайылып, жеңіс тұғырына көтерілгенін естіп, ауыл болып қуанышымызда шек болмады. Мен ол кезде ұстазбын. Шәкірттеріме палуанмен бірге өткізген балалық шағымызды еске алып, қызық оқиғаларды баяндауға жалықпайтынмын. Сонда не айтты дейсіз ғой…

Толығымен…

Келесі »