№ 35 (364) 


ӘР АДАМ ӨЗІН САЛЫҚ ТӨЛЕУШІ РЕТІНДЕ СЕЗІНЕ МЕ?

Фракция · 480 рет қаралған

Таяуда «Дала мен Қала» газеті  мен «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы еліміздегі бизнес қауымдастықтары басшыларының басын қосып, дөңгелек үстел өткізген еді. Жиынға қатысушылар Үкіметтің дағдарысқа қарсы бағдарламасын, жаңа «Салық кодексі» және шағын және орта бизнеске қатысты мәселелерді жан-жақты талқылады. Бизнес қауымдастықтарының басшылары жаңа «Салық кодексіне» қатысты ойын ортаға салып қалуға тырысты. Үкімет «Салық кодексін» алты ай дайындағаны белгілі. Парламент депутаттары жаңа заңнаманы сүзгіден өткізу үшін екі-үш ай ғана берілген еді. Ал «Салық кодексін» дайындаушылар жұмыс тобына Парламент депутаттары көптеп тартқанын алға тартқан. Жаңа заңнаманы дайындауда Үкімет салық жүйесі дамыған Батыс Еуропа, АҚШ іс-тәжірибесіне зер салғандарын айтқан-ды. Бұдан бөлек олар Дүниежүзілік банктің, ЕуроОдақтың, ЮСАИД-тің, Халықаралық инвестициялық салық орталығының сарапшы-мамандары қол ұшын бергенін тілге тиек еткені де есімізде.

 

Толығымен…

БІЛІМДІ, ТӘРТІПТІ БОЛ!

Фракция · 348 рет қаралған

СЕНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІҢ СОЛ

 

Мына бір өлең жолдарына көз ті­гейікші, жас өскін!

Түбі озамыз, Құдай бізді қолдаса!

Тау да аласа, оған бақыт қонбаса!

Кең даладан, бос Даладан не пайда,

Бос Далада Бостандығың болмаса?!

Толығымен…

Партия мен Парламент жемқорлыққа қарсы бірлесе соққы жасауда

Фракция · 295 рет қаралған

Елімізде Елбасының басшылығымен жемқорлыққа қарсы күрес жүруде. Ол осы республикалық Жемқорлыққа қарсы форумнан кейін жаңа қарқын, тың серпін алады деп күтілуде. Халық «жемқорлық – жегі құрт» деп бекер айтпайды. Елбасы да онымен күреске жайдан жай осынша үлкен мән беріп отырған жоқ. Шенеуніктер арасындағы парақорлық пен сыбайластыққа уақтылы тосқауыл қоймаса, онда қоғамымызда сытырлаған көк қағаз бәрінің тағдырын шешуші рөл атқарып, билеушіге айналмақ. Дүниеқоңыздық рухын жалмап алған базбір шенділер пара дегенде бұлдыраған көзі қарауытқан күйі ар-намыстың шегарасынан аттап кетіп жататыны жасырын емес. Осы індетпен күресте Елбасыға «Нұр Отан» партиясының парламенттік фракциясы да қал-қадерінше қолғабыс етіп келеді.

 

Толығымен…

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ЗАҢДЫҚ ТҰҒЫРЫ

Фракция · 282 рет қаралған

«Нұр Отанның» парламенттік фракциясы елімізде Елбасының басшылығымен жүріп жатқан жемқорлыққа қарсы жойқын кү­ресті заңдық тұрғыдан қолдау, заңнамалық тұғырмен қамтамасыз ету міндетін тиісті дәрежеде атқарып келе жатыр деуге болады. Парламент мысалға, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады.

Толығымен…

ЖУРНАЛИСТЕР ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ

НұрОтан, Фракция · 417 рет қаралған

    Олар дөңгелек үстел басында коррупциямен күрес бойынша жалпы ұлттық бағдарлама жасау керектігін алға тартты.

     Өткен аптада «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен қазан айында өтетін Жемқорлыққа қарсы Республикалық форумға дайындық аясында «Жемқорлықпен күрестегі БАҚ-тың рөлі» атты дөңгелек үстел болып өтті. Бұл кеңесте «Нұр Отан» ХДП басшылығы, жемқорлықпен күрес жөніндегі Республикалық Қоғамдық Кеңес және Бас редакторлар клубының мүшелері, Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Қазақстан Журналистер Одағының өкілдері қатысты. Бас қосуда бірінші болып «Нұр Отан» ХДП Төрағасының орынбасары Сергей Громов сөз сөйледі.

 

Толығымен…

ӘУЕЗОВТЫҢ ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ саяжайы қамқорлыққа зәру

Фракция · 272 рет қаралған

Парламент Мәжілісінің кешегі жалпы отырысында бір топ депутат Премьер Кәрім Мәсімовке ерекше ұсыныспен жүгінді. Өз депутаттық сауалында қалаулылар Шалатай Мырзахметов, Людмила Хочиева және Розақұл Халмурадов қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері Мұхтар Әуезовтың қырғыз еліндегі саяжайының қазіргі мүшкіл халіне Үкіметтің назарын аудартып, оны «Мәдени мұра» бағдарламасына енгізуді сұрайды. Алатаудың арғы баурайындағы бауырлас елдегі кезінде бау-бақшасы құлпырып, көркемдік пен шуаққа бөленіп тұрған ұлы тұлғамыздың мекені бүгінде сұрқы қашып, көріксіз күйге түскен. Толығымен…

Қазақстан дағдарыстың алғашқы асуын еңсерді

Фракция · 393 рет қаралған

masimovЖаһандық қаржылық дағдарыстан туған қиыншылықтардың алғашқы кезеңін Қазақстан табысты еңсерді. Сейсенбі күні Парламентте еліміздегі әлеуметтік-экономикалық ахуал жайында баяндама жасаған Премьер Кәрім Мәсімов осылай мәлімдеді. «Біз әлемдік экономикадағы ахуалға уақытылы үн қата алдық. Биліктің іс-қимылдары дұрыс болды және оң нәтиже берді. Оқиғалар дамуының пессимистік сценарийі жүзеге асқанда дағдарыс ел экономикасына орасан зор зардабын тигізер еді, бірақ олай болған жоқ. Ішкі нарықтардағы жағдай қазір тұрақты» дей келе, Үкімет басшысы Президентіміздің стратегиясын, жаһандық қаржылық дағдарыстың бастапқы кезеңінде жүзеге асырған Үкіметтің іс-қимылдарын қолдағандары үшін депутаттық корпусқа және «Нұр Отан» партиясына ризашылығын білдірді. Толығымен…