ҰШАРҒА ҚАНАТЫМ ЖОҚ…
АҚШАМ · 7 рет қаралған

Шіркін, кенет қос қабырғаңа қанат бітсе ғой. Буырқанған теңіздердің үстінен, көгілдір көкжиектің көгілжім сағымдарға сіңген тұсынан қанат қағып самғап бара жатсаң…
АҒАШТАН ЖАСАЛҒАН БҰЙЫМДАР
АҚШАМ · 5 рет қаралған
Халқымыздың өмір-тіршілігінде ағаштан жасалатын бұйымдар өте кең таралған. Сонымен бірге, қазақтың тұрмыстық тұтынуындағы бүтін аспаптың түгелдерлігінің заты ағаш.
АЛДЫҢ ЖАРЫҚ БОЛСЫН АЛМАС!
АҚШАМ · 1 рет қаралған

«Қабырғаң қайысып, еңсең езілетіндей хабар екен» дер еді қазақ мұндайда.
НЕФЕРТИТИ АТЫ АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН ХАНШАЙЫМНЫҢ АСТАНАҒА КЕЛУІ
АҚШАМ · 12 рет қаралған

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайына Мысырдың сұлу ханшайымы Нефертити мүсінінің лицензиялық көшірмесі әкелінді.
ШЫҒЫР
АҚШАМ · 13 рет қаралған

Бұл ешкімге жаңалық емес, көнеден бар су шығаратын сайман десе болады. Бірақ техникалық-энергетикалық дәуірлеу оны «менсінбей» қалған еді. Жеке қожалық болып, жер иелену мен пайдалану мүмкіндігі артып, әркім өзінше еңбектеніп жатқанда шығырға диқанның күні түсе бастады. Сөйтіп, ұмытылуға айналған толқын тербелістегі айналма құрылғы қайта жанданды.
КИІЗ БАСУ
АҚШАМ · 14 рет қаралған
Халқымыздың күні бүгінге дейін үзілмей келе жатқан дәстүрлі қолөнер түрі – киіз басу. Киіз басу өнері сонау есте жоқ ерте замандардан келе жатқан өнер болса керек. Ертеде бабаларымыз киізді үйдің сыртына ұстау үшін ғана емес, оның ішін жабдықтау үшін де пайдаланған.
АЛАҚАНДАЙ «АФРИКА»
АҚШАМ · 14 рет қаралған
АЛМАТЫ ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНА БАС СҰҚТЫҢЫЗ БА?

«Қызыл кітап»! Осы бір сөзді оқыған сайын жүрегіңнің әлдебір жасушасы шымыр ете түсетіні несі екен? «Әлемнің бәрі кітапқа енгісі кеп тұрады» деген сөзді Борхес өткен ғасырда жақсы мағынасында айтқаны түсінікті.
ШЫРТЫЛДАҚ
АҚШАМ · 16 рет қаралған
Қазақтар төрт түлік малдың етінен ғана емес, сондай-ақ оның сүті мен майынан да түрлі тағамдар дайындаған. Мысалы, сиыр сүтінен алынатын сары май немесе қаймақ түрлері өз алдына. Ата-бабамыз жылқының майынан да тіл үйіретін қаймақтың бір түрін әзірлеген. Оны «шыртылдақ» деп атаған.
ОРАЗА ҚАБЫЛ БОЛСЫН!
АҚШАМ · 225 рет қаралған
Мейірімді, Рахымды Алланың атымен!
РАМАЗАН – МҰСЫЛМАНДАРДЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ
«Рамазан – адамдарға тура жол нұсқаушы, ақ пен қараны айырушы, бекем тұтынатын жолбасшы ретінде Құран түсіріле бастаған ай. Рамазан айы туғанын көрген адам бірден ораза ұстайтын болсын. Егер біреулер ауру болып, әйтпесе жолсапарда жүрсе, онда басқа күндерде өтесін. Алла сендерге жеңілдік болуын қалайды, ауырлық түсіргісі келмейді».
(«Бақара» сүресі, 185-аят)
«ШІРКІН, LІFE!» – ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ ЕТУДІҢ ШЫНАЙЫ КӨРІНІСІ
АҚШАМ · 38 рет қаралған

Қалада өскен ақсаусақ, ерке қыз Динара Қырықбаеваның сиыр сауып, жүн түткенін көз алдыңызға елестете аласыз ба? Ал, әнші Алмас Кішкенбаевтың қой қырқып, шөп шауып, қыш құйғанын көріп пе едіңіз? Мүмкін, тыңдармандары «Қапқарашқа» атап кеткен Нұржан Керменбаевтың қамшы өріп, табақ тартқанына сенбессіз… Осының бәрі «Ел арна» арнасы қолға алған жаңа «Шіркін, Lіfe!» реалити–шоуында орын алатын оқиғалар. Бұл шоудың басқа шоулардан қандай артықшылығы бар екенін жобаның продюсері Толқын Сейдоллақызы айтып береді.
Толқын СЕЙДОЛЛАҚЫЗЫ,
«Ел арна» телеарнасының продюсері:
– Жобаның «кіндік әкесі яки, шешесі» кім?
– Жобаның авторы,сценаристі, Асхат Садырбай. Жүргізушілері: Асхат Садырбай,Маржан Сұлтанбаева. Продюсері: Толқын Сейдоллақызы
Шығармашылық жетекші: «Ел арна» телеарнасының директоры Айгүл Мүкей. Директордың шығармашылық әрі рухани қолдауы арқылы жүзеге асуда.
– Дәл осындай жобаны «Ел арна» енді қолға алып жатыр. Бұған дейін осы тақілеттес шоулар отандық теледидарларда басталып сәтсіз аяқталғаны белгілі. Соған қарамастан тәуекелге баруға не итермеледі?
– Жоба эфирге шыққаннан кейін көрерменнің көпшілігі Ресейдің «ДОМ 2»,немесе 2-3 жыл бұрын Қазақстан телеарнасынан көрсетілген «Дарабоз» бағдарламаларымен салыстырып,ұқсастық іздеулері мүмкін.Бірақ,біздің жобаның ерекшелігі хабарға тек танымал эстрада жұлдыздары қатысады. Себебі танымал адамдардың сахнадан тыс өмірлері қашанда көпшілікті қызықтыратыны белгілі. Олар эфир барысында 3 ай бойы ауыл тіршілігіне бейімделіп,өмір сүреді.Ұмытылып бара жатқан салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты жаңғыртуға үлестерін қосады. Екі командаға бөлінген 8 әнші жеңімпаз атануға бар күш-жігерлерін салады.Олар ауылда тіршілік еткен уақыттарда ұялы байланыс телефондары мен ғаламторсыз және заманауи техникасыз өмір сүріп,шығармашылық топтың ұсынған барлық тапсырмаларын бұлжытпай орындауға тырысады. Атап айтар болса, қыздар сиыр сауып,күбі піседі,құрт жайып,құрақ құрайды. Жігіттер жағы, ат ерттеп,қыш құяды,отын жарып,қой қырқады. Яғни,осы уақыттар аралығында қыздар мен жігіттерге әртүрлі тапсырмалар беріліп,ауыл адамдарының ішінен сайланған әділ қазылар мүшелерінің бағаларын алады.Сонымен қатар бағдарлама эфирден берілген күннен бастап,көрермендер тарапынан СМС дауыстар қабылданады.
– Жобаның маңызы неде? Көрерменге несімен тосын сый жасайды?
– Жобаның басты маңызы ауыл өмірін насихаттау.Қала өміріне бейімделіп,ақсаусақтанып кеткен әншілердің іс-әрекеттері арқылы қызықты шоу ұйымдастыру. Әзірше бағдарламаның құпия тұстарын ашуға асықпаған жөн. Себебі «Шіркін, Lіfe!»хабарын көрермен қауым өз көздерімен көріп,көңілдеріне түйгендері абзал.
– Жобаға кілең өнер жұлдыздарын шақырып жатыр екенсіздер. Құпия болмаса олар кімдер?
– Жобаға көпшілікке танымал, эстрада әлемінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастыра білген жандарды тартуға талпындық.Олар Ақылбек Жеменей, Бейбіт Қорған, Динара Қырықбаева, Алмас Кішкенбаев, Әйкерім Қалаубаева, Асыл Беделхан, «Арнау» дуэті-Нұржан Керменбаев пен Салтанат Бақаева.
– Жобаның жеңімпазын анықтау қалай жүзеге асады?
– Бағдарлама 13 күн бойы Алматы облысы,Жамбыл ауданы,Үмбетәлі ауылында түсірілді.12 күнде берілген тапсырмалар бойынша командалар әділ қазылар тарапынан берілген ұпайларын алып үлгерді.Ендігі кезекте әншілер СМС дауыстарды жанкүйерлері мен жақындарынан жинамақ. Жобаның 13–ші санында бағдарламаның финалдық қорытынды хабары Алматы қаласындағы түнгі клубтардың бірінде түсіріліп, жеңімпаздар марапатталады.
– Шоудың танымдық, тағылымдық, тіпті тәрбиелік мәні қаншалықты?
– Жобаны жоспарлаған кезде тек әншілердің мінез–құлықтар мен жеке өмірлерін насихаттау жоспарланған жоқ.Керсінше, алтын бесік– ауыл арқылы келер ұрпақтың туған жер мен елге деген патриоттық сезімдерін ояту мақсат етілді.Оның бағасын көрермен эфир барысында бақылап,бағаларын бере жатар.
– Жобаны көремендер қай уақыттан бастап көре алады?
– «Шіркін,Lіfe!» жобасы қыркүйек айының 4-ші жұлдызынан бастап, «Ел арна» телеарнасының эфирінен көрермендер назарына ұсынылмақ. Аталмыш жобаға арнайы түсірілген бейнеклип тамыз айының 20–нан бастап тыңдармандарға ұсынылмақ.Ақын Асқар Дүйсенбі мен композитор Арман Дүйсеновтың шығармашылығынан туындаған әнге режиссер Мақсат Оспанов бейнеклип түсірді. Ол бейнеклипке тек жобаға қатысқан әншілер ғана емес, Үмбетәлі ауылының тұрғындары да атсалысты.
– Рахмет, көзайым хабарларыңыз көп болсын!
Әңгімелескен,
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ.

