№ 35 (364) 


САМҒАУ… ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН ТІКҰШАҚ ӘУЕГЕ ҚАШАН КӨТЕРІЛЕДІ?

EURECA · 22 рет қаралған

Әуе кеңістігінде жыл сайын біреуі құлап, адам өліміне соқтырып жататын тікұшақ апаттарынан кейін, осы өз жерімізде сапалы әуе көліктерін жасауға не кедергі деген ойға қаласың.

Толығымен…

ТЕРМИНАТОР БОЛҒЫҢЫЗ КЕЛЕ МЕ?

EURECA · 27 рет қаралған

Қазақстандық жас ғалымдар әлемдік ғылымға үлкен жаңалық енгізбек. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің базасында құрылған нанотехнологиялық ғылыми орталығының жас өнертапқыштары әлемде теңдесі жоқ «Экзоскелет» киімін жасап шығармақшы. Осы орайда орталықтың меңгерушісі Эльдар Көпішевпен сұхбаттасқан болатынбыз.

Толығымен…

ФИЗИК ШАЛ

EURECA · 51 рет қаралған

20 ЖЫЛ Жалаңаяқ жұрген ол – ТҰМАУМЕН ҚАШАН АУЫРҒАНЫН ҰМЫТЫП ҚАЛЫПТЫ…

Ол қысы-жазы жалаңаяқ жүреді. Кәдімгі аяқ киімсіз. Аяқ киіммен қоштасқанына жиырма жылдан асқан. Физика ғылымынсыз өзін елестете алмайтын тұлға. Теңдессіз ғалым. Эйнштейн шеше алмаған мәселенің түбіне жеткен қазақ. Талай қиыншылыққа төтеп берген жансебіл жан. Бұл біртуарлардың аты-жөні – Нұрғали Қойшыбаев.

Толығымен…

ЖҮЙРІК ТРАКТОР

EURECA · 47 рет қаралған

АЛ, ӨНЕРТАПҚЫШТЫҚ МАҢДАЙ ТЕРІНІҢ ӨТЕУІ ЖОҚ…

Бұл жолы редакциямызға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Масақ ауылының тұрғыны Нұрбеков Марат Саймасайұлы бас сұқты. Қырықтың қырқасына шыққан азамат өзін 9 жыл бойы трактордың жаңа түрін ойлап табу жолында еңбектенген өнертапқыш ретінде таныстырды. Әлбетте, біз ең әуелі Мараттан 9 жыл «толғатқан» тракторы жайында сұрадық. Ол өзге тракторлардан екі есе жылдам, екі есе тиімді тұрқы бөлек темір тұлпары жөнінде мүдір-местен көсілді…

Толығымен…

ДОКТОР ОЛЖАС

EURECA · 254 рет қаралған

Мемлекет басшысы жарлығымен 1993 жылы құрылған «Болашақ» халықаралық степендиясына 5950 адам қол жеткізді. Әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында 2000 жас білім алып, бүгінде олар мамандығына сәйкес елге қызмет жасап келеді. Осы бағдарлама бойынша өткен жылы 800 стипендиат бітірді. Олардың қатарында Сыр бойының да саңлағы бар. Қызылорда тарихына тағы бір тамаша жаңалық енді. Мұхит асқан қазақ баласы корейлерді қайран қалдырды. Жиырма жеті жасар Олжас Әбішов докторлық дисертациясын ағылшын тілінде қорғап, туған жерге олжалы оралды. Бұл ғылыми еңбегін ол ұстаздары берген ұлағат деп бағалайды.

Толығымен…

ӨНЕРТАПҚЫШ ПАТЕНТКЕ ЗӘРУ

EURECA · 229 рет қаралған

Тілшілер қосынына алпыс екі жастағы Ислам шал келді. Тегін Әбдіреев деп таныстырған ол өзінің ойлап тапқан жаңалығын көрсетті. Жинақы жасалған цилиндр пішінді роторлық двигательдің күші бір айналымда екі жұмыс қадамын жасайтынын да жеткізді. Кең көлемде жұмыс жасайтын камера сумен салқындатылады, есесіне қуаты жоғары. Жаңа двигатель ешқандай жанар-жағармайды талғамайтынын, керек кезінде газ, дизель отыны да жарамды екенін ескертті. Оны автокөлік, тіпті тепловоз двигателіне пайдалануға болатынын да жасырмады.

Толығымен…

МІНСЕҢ, «РОЛЛС РОЙС» МІН

EURECA · 217 рет қаралған

Шахтинск қаласының тұрғыны 24 жасар Руслан Мұқанов әлемдегі ең қымбатты темір тұлпардың бірі, ағылшынның «Роллс Ройс Фантом» автокөлігін құрап шығарды. Ал бірегей техниканың құрал – саймандары кәдімгі немістің «Мерседес» көлігінен алынған.

Толығымен…

АТИЛЛА…

EURECA · 369 рет қаралған

ҚАЗАҚ БАЛАСЫ ҚҰРАСТЫРҒАН АВТОКӨЛІК ЕДІЛ ПАТШАДАЙ ӘЛЕМДІ ЖАУЛАЙ АЛА МА?

1996 жылы Алматыда Кореяның автокөлік жасау зауыты «Тұлпар» көлігін құрастыруды қолға алған еді. Бірақ оның ғұмыры қысқа болды. Енді міне, Қарағандыда алғашқы отандық көліктің үлгісі жасалып, жақын арада өндіріске шығарылмақ.

Толығымен…

БІЗ БАҒЫНДЫРҒАН БИІКТЕР

EURECA · 239 рет қаралған

Гиннестің рекордтар кітабына тек таңдаулылар кіреді. Ал өз өнерімен алты құрлықты таңғалдырып, мәңгі тарихта қалғандар арасында біздің өрендер де аз емес.

Толығымен…

ӨЗІ ТЕРБЕЛЕТІН БЕСІК ОЙЛАП ТАПҚАН ОҚУШЫ

EURECA · 266 рет қаралған

Бәрі кәдімгі циркульден басталыпты. Бірде сабаққа ешқандай оқу құралдарынсыз келіп қалған он бір жасар оқушы конспект жазатын құрал іздеп, портфелін ақтарады. Қолына циркуль ілігеді. Оны да инесі үшін ғана қызығып, алып жүретін. Екінші басындағы қарындашымен конспект жазып отырып, «мынау өзі циркуль, өзі қарындаш, әрі қарай қалай дамытуға болады екен» деген ойға қалады. Көп ұзамай өнертапқыш балғын шеңбер сызуға ғана арналған қарапайым құралға қалам, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, транспортер, штрих, үлкейткіш линза, сағат сияқты қосымша он бір «қасиет бітіреді».

Толығымен…

Келесі »