№ 35 (364) 


МӘСЛИХАТТЫҢ БІР КҮНІ ҚОҒАМ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТ – ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫН БҰЙЫҒЫ ӨМІРДІҢ ҚАЛТАРЫСЫНДА ҚАЛДЫРМАЙДЫ

Халық қалаулысы · 252 рет қаралған

Аудандар мен шағын қалалардағы мәслихат депутаттарының жұмысы көпшіліктің көзіне көп түсе бермейді. Сондықтан болса керек кейбір кездері мәслихат депутаттары әкімдердің айтқанынан шыға алмайды, деп тон пішіп жататынымыз жасырын емес.

Толығымен…

КӨКЕЙТЕСТІ МӘСЕЛЕНІ заңды жолмен шешуге үлес қосып келеміз

Халық қалаулысы · 225 рет қаралған

Төртінші шақырылымдағы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының күні бүгінге өткізілген ХІХ сессиясында негізінен облыстық бюджеттің қалыптасуы мен өңірдің саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени даму проблемаларына баса назар аударылды. Депутаттардың ұсыныстары мен сын-ескертпелерінің, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының түрлі бағдарламалары бойынша қабылданған сессия шешімдерінің жүзеге асырылуына бақылау елеулі дәрежеде арта түсті.

Толығымен…

Халықтың мүддесі мәслихатқа депутат арқылы жетеді

Халық қалаулысы · 229 рет қаралған

Депутат – халықтың қалаулысы. Халықтың қоғамдағы талабы мен тілегі, мүддесі мәслихатқа депутат арқылы жетеді. Бұған дейін біздің санамызда билік бәрін де дербес шешеді деген пікір қалыптасты. Бүгінгі күні билік депутаттар арқылы халыққа есеп береді. Ал фракция партия арқылы биліктің қызметін саралайды, олардың есебін тыңдап, халықтың пікірін, ұсыныс тілегін жинақтап, биліктің қызметіне жан-жақты талдау жасап отырады.

Толығымен…

Парламент депутатына берілген құқық мәслихат депутатына да берілуі керек

Халық қалаулысы · 217 рет қаралған

Мәслихат институты құрылған 1994 жылдан бері барлық жергілікті деңгейдегі мәслихат депутаттары өңірдің тыныс-тіршілігіне, халықтың ынтымағы мен бірлігін дамытып, қалыпты моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға, жалпы, елдегі саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени жағдайлардың жақсаруына елеулі үлес қосып келеді. Атап айтар болсақ, соңғы жылдары Арал аудандық мәслихаты мен «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы бірлесе отырып, идеологиялық бағытта біршама оң өзгерістерге қол жеткізді.

Толығымен…

МӘСЛИХАТ: МІНДЕТ ПЕН МӘРТЕБЕ

Халық қалаулысы · 257 рет қаралған

Жергілікті мәслихаттар – бұқара мен билік арасындағы бірінші көпір. Бұл туралы «Нұр Отан» ХДП сайлауалды тұғырнамасында қазақстандықтардың тұрмысы мен өмір сапасын арттыруда жергілікті мәслихаттар мен партия ұйымдарының күшін біріктіріп, жұмысты жаңа сипатта жүргізуді жүктейтін міндеттер айқын жазылған болатын. Ал, бүгін біз мәслихаттың міндеті мен мәртебесі хақындағы әңгімемізге Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық мәслихатының хатшысы Дәлелхан Саханұлы мен Қостанай облысы, Жангелдин аудандық мәслихатының хатшысы Таңатқан Даркеновты тартып отырмыз.

Толығымен…

ДЕПУТАТ: ПАРЫЗ БЕН ҚАРЫЗ

Халық қалаулысы · 219 рет қаралған

Депуттар форумының қарсаңында қалалық мәслихаттың депутаты, Орал қаласындағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж директоры, педагогика ғылымдарының докторы, Қазақстан Педагогика Ғылымдары академиясының академигі, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «ҚР Конституциясына – 10 жыл» медалі, «ҚР Парламентіне – 10 жыл» медалі, Ы.Алтынсарин белгісінің иегері Шалқыма Құрманалинамен жедел сұхбат жүргізген едік.

Толығымен…

ФРАКЦИЯ: ПАЙЫМ мен ПӘРМЕН

Халық қалаулысы · 214 рет қаралған

Жергілікті мәслихаттардың денін «Нұр Отан» партиясының депутаттары құрайтындықтан, олар маңызды шешімдер қабылдау кезеңдерінде сайлаушылар мүддесі мен партия ұстанымдарын басты назарда ұстауға міндетті.

Толығымен…

ӨҢІР: БЕДЕЛ МЕН БЕЗБЕН

Халық қалаулысы · 207 рет қаралған

«Нұр Отан» ХДП Парламент және Үкіметпен бірлесе атқаратын жұмыстардың берік іргетасын қалыптастырды. Бұндай тәжірибені өңірлік деңгейге де енгізуге барлық жағдай бар. Сондықтан партия өзінің республика өңірлеріндегі жұмысын да жандандыра түседі. «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдары барлық деңгейдегі мәслихаттың жергілікті өзін-өзі басқарудағы қызметін және өңірлік мәселелерді шешу құзіретін арттыру жұмыстарын қолға алды.

Толығымен…

ЭЛЕКТОРАТ: УӘДЕ мен УАҚЫТ

Халық қалаулысы · 198 рет қаралған

Кез келген елдегі халық сайлаған депутаттың басты міндеті – ол өзіне сенім артқан электораттың үмітін ақтау болса керек. Ал, біздегі жаңа замандық тұрпаттағы, тәуелсіз еліміздің заң шығарушы органына сайланған елдің елеулілері, ең алдымен, билік партиясының, яғни, «Нұр Отан» ХДП-ның мүшелері. Демек, партия Төрағасы ұсынып отырған әлеуметтік-экономикалық жоспарлардың мүлтіксіз орындалуына белсенді атсалыса отырып, Елбасы Жолдауының қоғамда талқылануы барысында халық өкілдері алғы шептен көрініп, түсіндіру жұмыстарын қазіргі уақытқа сай жүргізіп, демократияның соны үлгісін көрсетуде.

Толығымен…