№ 35 (364) 


КИЕЛІ МЕКЕН. ЕКІ ДҮНИЕ ЕСІГІ БОЛҒАН ТҮРКІСТАН БІРЛІК ПЕН ЕҢБЕКТІҢ БЕСІГІНЕ АЙНАЛЫП ОТЫР

Аймақ · 2 рет қаралған

Қайрат Молдасейітов Түркістан қаласының осыдан бір жылдан сәл ғана астам уақыт бұрын тағайындалған әкімі. Бүкіл түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласына әкім болу оңай емес. Түркістанның қазіргі әкімі бұрын мықты кәсіпкер еді.

Толығымен…

ОҢТҮСТІКТЕ ОН БІР МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Аймақ · 3 рет қаралған

Оңтүстік Қазақстан облысында жаңа оқу жылының басында он бір мектеп пайдалануға берілді.

Толығымен…

600 адам «қара жорғаға» биледі

Аймақ · 4 рет қаралған

- Оңтүстікқазақстандықтар мені қатты таң қалдырды. Қалада кезекті еңбек демалысымды қызымның үйінде өткізуге келген едім. «Біссімілла» дегеннен Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 80 жыл толуына орайластырылған «Арыс жағасында» атты ретро фестивальдың үстінен түсіппін. Керемет концертті тамашалап бір жасап қалдым.

Толығымен…

МОЛШЫЛЫҚҚА МАЛ ТҰҚЫМДАРЫН АСЫЛДАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ҒАНА ЖЕТЕМІЗ

Аймақ · 11 рет қаралған

Берік ОСПАНОВ,

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары:

– Берік Серікұлы, осыдан 4-5 жыл бұрын облыста ауылшаруашылығын дамытудың аймақтық бағдарламасы қабылданған болатын. Ондағы басты бағыттардың бірі мал шаруашылығына қатысты. Осы саланың даму қарқыны туралы нақты деректер бар ма?

Толығымен…

ТАБЫС КӨЗІ. АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫНА АРҚА СҮЙЕГЕН АУДАННЫҢ АЛАР АСУЫ АЛДА

Аймақ · 14 рет қаралған

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданында бір жылдың жүзінде «Жол картасы» бағдарламасы бойынша құны 1 млрд. 375 млн. теңге болатын 31 нысанның құрылысы жүргізілді.

Толығымен…

ЖҰБАН ЕЛІНДЕ

Аймақ · 50 рет қаралған

Азамат ақын Жұбан Молдағалиевтің кіндік қаны тамған жері – Жыланды ауылы. Бұл ауыл Ақжайық ауданы Қурайлысай ауылдық округіне қарасты Сайқұдық ауылынан 25-30 шақырым жерде. Жыландыда 2000 жылға дейін біраз үй түтін түтетіп тұрған екен. Қазір көшкен жұрттың орны ғана жатыр.

Толығымен…

ЖАҢА ҮЙ ЖАН ЖАРАСЫН ЖАЗАДЫ

Аймақ · 12 рет қаралған

Биылғы көктемнің Шығыс жұрты үшін өзге жылдардан өктем болғанын жұрт жақсы біледі. Қазір, құдайға шүкір, тасқынның тасасында қалып, малы мен мүлкі қызыл суға кеткен ағайынның тірлігі оңалып келеді. Баспанасыз қалған жамағатқа мемлекет қаржысына баспана тұрғызылып, алды пайдалануға беріле бастағанына да біраз уақыт болды.

Толығымен…

ЫСТЫҚ ПЕН ЫЛҒАЛ

Аймақ · 11 рет қаралған

Биылғы қуаңшылыққа қарамастан, Тобыл өңірінің диқандары жылдағыдай мол астық алмақ ниетте. Жеңіл жүріспен жер еме алмасын сезген диқандар қауымы бұл күндері еңбегін екшелеп, басты ас мәзірін тиімді жолмен табуға көшкен. Былтырғы жылдан бері «Заречное» ғылыми орталығының ұсынысымен ылғал сақтау технологиясына көшкен қостанайлық диқандар дәнді дақылды еселеп алуды үйреніп келеді.

Толығымен…

КҮРІШ КӨБЕЙСЕ, ЫРЫС АРТАДЫ

Аймақ · 30 рет қаралған

Қазақстан бойынша егілетін күріштің 80 пайызы Қызылорда облысының үлесіне тиеді. Биыл аймақта 72, 8 мың гектар алқапқа күріш себілген. Бұл облыстағы егістік көлемінің 46,6 мың пайызын құрайды. Әрине, – аз көрсеткіш емес. Десек те, соңғы жылдары Сыр өңірінің басты байлығына бағаланған өнімнен береке қашып барады деген пікірлер жиі айтылып жүр. Оған – тұқымның ескіруі, судың жетіспеушілігі негізгі себеп болуда.

Толығымен…

ІРГЕДЕГІ РЕҢСІЗ АУЫЛДЫҢ КЕЙПІ

Аймақ · 23 рет қаралған

Әлем мойындаған ғажайып Астананы аралап шыққан соң, оның іргесіндегі бұл ауылға барсаңыз көңіліңіз құлазиды. Елордаға таяқ тастам жердегі ауыл неге сонша күтімсіз, иесіз қалған деп ойлайсыз.

Толығымен…

Келесі »