ҰЛТТЫҢ ШӨЛІН НЕ БАСАР?..
Наурызнама · 354 рет қаралған
«Елімізде өндірілетін ұлттық сусындардың құрамы халықаралық стандартқа сай ма?» – деген тақырыпқа тоқталып отырмыз.
НАҒЫЗ НАУРЫЗ… ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕРЕКЕНІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТОЙЛАУ КЕРЕК
Наурызнама · 211 рет қаралған
2010 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы «Халықаралық Наурыз күні» қарарына орай наурыздың 21-ін – «Халықаралық Наурыз күні» деп жариялады.
АязАта Қыдыр Атаның көшірмесі ме?
Наурызнама · 195 рет қаралған
Бала кезімізде оқыған батырлар жайлы жырларда қайырымы шамамен «Қызыр Ілияс қолдады, ерегіскен дұшпаны қаңбақ құрлы болмады» деп келетін толғамдар жиі ұшырасатын-ды.
Наурыз неге бренд болмайды?
Наурызнама · 205 рет қаралған
Жалпы, қазақтың киіз үйі мен қымызы, қобызы мен домбырасының өзі бірден-бір бренд. Ал біз, ұлттық құндылықтарымыздың әлемдік брендтердің биігінен қарайтын күні әлі алда деп сенеміз. Бұл ретте түбі бір түркі жұрты жаппай тойлайтын Наурыз мейрамының атауларын неліктен ұлттық бренд дәрежесіне көтермеске деген ой келеді?
«АНА ТІЛІ»: ұлт газеті және ұлт мұраты
Наурызнама · 365 рет қаралған
«Ана тілі» газетінің жарық көре бастағанынан бері аралыққа 20 жыл уақыт түсіп қойыпты. Ұлттық рухтың томағасын сыпырған қырандай дүр сілкінген кезеңі, қаншеңгелді билікке қазақ мәселесінің қабырғасынан қойылған тұсы еді ол кез.
Дулат ИСАБЕКОВ, жазушы: НАУРЫЗТОРҒАЙ
Наурызнама · 372 рет қаралған
– 1949 жылы бірінші сыныпқа бардым. Ес жиғалы бес-алты жыл, 55-жылдарға дейін Наурыз мейрамын тойлағанымыз бар, содан кейін тоқтап қалды. Заман қиын еді ғой. Неге екені белгісіз, қыс та ұзақ болушы еді. Көктемді күтеміз. Соғыстан қайтпаған көкемізді күтеміз. Тіпті 60-70 жылдарға дейін әкелерін күтіп жүрген ұрпақ болды. Әйелдер жағы бал аштырады. Әрі соған сенетін. «Шеше-ау, кеше күні-түні күттік, келмеді ғой», – деп ертесіне бал ашқан үйге кіріп шығатын. «Бал айтты ғой, кешігіп жатқан шығар», – деп жұбататын бір-бірін.



