ҚАЗАҚ СУСЫНЫ ӘЛЕМ ШӨЛІН ҚАНДЫРУҒА ҚАУҚАРЛЫ
NATIONAL BRAND · 31 рет қаралған
ҰЛТТЫҚ АСХАНА МӘЗІРІ АРҚЫЛЫ БҮТІН БІР ҰЛТТЫҢ БОЛМЫСЫН БАЙҚАУҒА БОЛАДЫ. ЖАЙ ҒАНА БАЙҚАП ҚОЙМАЙ, СОНЫҢ НЕГІЗІНДЕ ӨЗГЕЛЕРГЕ ӨЗІҢДІ ТАНЫТУҒА ДА МҮМКІНДІК БАР. МЫСАЛЫ, ӨЗБЕК — ПАЛАУЫ, ФРАНЦУЗ — ШАРАБЫ, ОРЫС — ТҮШПАРАСЫ… ӘЛБЕТТЕ, ӘРБІР ХАЛЫҚТЫҢ БЕТ-БЕЙНЕСІ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН МҰНДАЙ ТАҒАМДАР ТОЛЫП ЖАТЫР. ОЛАРДЫҢ БІРІН ӘЛЕМ БІЛСЕ, ЕНДІ БІРІНЕН ЖАРТЫ ДҮНИЕ ЖҰРТЫ ДӘМ ТАТҚАН.
ТҰЛПАРЫҢ ҚАЙДА, ТҰҒЫРЛЫ ЕЛ?
NATIONAL BRAND · 18 рет қаралған
«Ұлытауға шықтың ба, Ұлар етін жедің бе?». Баба даналығының тағы бір сынағы: «Ер боп, тұлпар міндің бе, Ел аралап жүрдің бе?» Иә, біз осы сөздердің арғы өзегіне ой жүгірткен сайын, Қазақ дейтін текті жұрттың тарихына жақындай түсетініміз анық. «Күңіреніп күн түбіне жортып», айналасын атының тұяғына таптатқан бөрі жүректі, жылқы мінезді бағзы бабаларымыздың арманы да асқақ екен-ау.
ҰЛТТЫҢ ОЛЖАСЫ
NATIONAL BRAND · 136 рет қаралған
«АЗиЯ» тіптен басқа көзқараста, кеудемсоқ жалаң ұлтшылдыққа мүлдем қарама-қарсы ұстанымда жазылған дүние еді. Орыс шовинистерінің оқыра тигендей шамдануының еш жөні жоқ-ты. Бірақ «Ізгі ниетті оқырманның кітабы» деп айдарланған шығарма әу дегеннен-ақ қарау пиғылдыларға кездесті.
ҰЛТТЫҢ ОЛЖАСЫ
NATIONAL BRAND · 146 рет қаралған
Біздің ауылға алдымен ақынның шығармалары емес, ол жайлы аңыз әңгімелер жеткен. Бұл әңгімелер ақиқатты бетің бар, жүзің бар демей тайсалмай айтып салатын батыр ақын жайлы еді. Бәлкім ақын батыр туралы. «Ойпырым-ай, Олжас дегенің «Хан емессің, аярсың, айыр құйрық шаянсың», – деп Жәңгір ханға тарпа бас салған Махамбеттен де өткен өр көрінеді. Бір өзі қалың орысқа қарсы майдан салыпты.


