№ 35 (364) 


ТАР МЕКТЕП, ТЫҒЫЗ ПАРТА… ОЛ АЗДАЙ ОРАЛДА ГАСТЕРБАЙТЕР-ОҚУШЫЛАР КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Қоғамдық қабылдау · 4 рет қаралған

Батыс Қазақстан облысында 428 мектеп болса, соның екі жүз жиырма төрті ғана типтік жобадағы ғимараттарға орналасқан.

Толығымен…

ШАРАСЫЗ ОРАЛМАННЫҢ ШАРУАСЫН ҚАУҚАРСЫЗ ӘКІМ ҚАЛАЙ ШЕШЕДІ?

Қоғамдық қабылдау · 2 рет қаралған

Редакциямыздың есігін имене аттаған орта жастағы отанасы өзін «Өзбекстаннан келген оралманмын – есімім Гаухар», – деп таныстырды. Бұдан кейін ол күні бұрын үйден дайындап келген хатын қолымызға ұстатты.

Толығымен…

АРЫЗ БЕН АРМАН. АДАМДАР ӨЗ ӨТІНІШІНІҢ АЯҚ АСТЫНДА ҚАЛМАҒАНДЫҒЫ ҮШІН ҒАНА АЛҒЫС АЙТУҒА ӘЗІР ТҰРАДЫ

Қоғамдық қабылдау · 5 рет қаралған

«Нұр Отан» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімі өз жұмысын 2000 жылы бастаған. Содан бері қоғамдық қабылдау бұқара мен биліктің арасындағы алтын көпірге айналды.

Толығымен…

СЕМЕЙ ФУТБОЛЫН КІМ СЕРПІЛТЕДІ?

Қоғамдық қабылдау · 16 рет қаралған

Семей қазақ футболының Отаны болып саналады. Өткен ғасырдың басында мұнда жастар «Ярыш» командасын құрып, онда даңқты жазушы Мұхтар Әуезов ойнағаны белгілі. Ал бүгінде Семейдегі футбол жанкүйерлері жандарын қоярға жер таба алмай отыр. Себебі сүйікті командалары «Спартактың» халі мүшкіл.

Толығымен…

ЖЕМҚОР ДИРЕКТОР ҚЫЗМЕТІНЕН АЛАСТАТЫЛДЫ

Қоғамдық қабылдау · 28 рет қаралған

«Дала мен Қала» газетінде жарияланған «Директорлар дым білмей ме?» атты мақалаға жауап ретінде төмендегі жайтты хабарлаймыз. Райымбек аудандық прокуратурасының 2010 жылғы 15 наурызда «Заң бұзушылықты болдырмау туралы» № 7-3-10 сандарында ұсынысына сәйкес аудандық білім бөлімі тарапынан арнайы комиссия құрылып, Көксай орта мектебіне қосымша тексеру жүргізілді.

Толығымен…

АҚСАЙ ЖҰРТЫ ШОШҚА «ЖҰПАРЫН» ЖҰТА БЕРЕ МЕ?

Қоғамдық қабылдау · 29 рет қаралған

Батыс Қазақстан облысындағы Ақсай қаласы әлемге Қарашығанақ мұнайымен әйгілі. Мұнда бой көтерген шетелдік қалашықтар бұл қаланың әлемдік мәртебесін айқындайтындай. Қала жыл өткен сайын келбеті айқындалып, жаңару үстінде. Алайда, қаланың шетінен шошқа кешені іске қосылғалы бірнеше көше тұрғандарының мазасы кете бастады.

Толығымен…

Есептеуіш жаңылды ма, энергетиктер құнықты ма?

Қоғамдық қабылдау · 29 рет қаралған

Арал ауданында жарық таратушы «Дәулетэнерго» ЖШС-і халықты мәжбүрлеп, қорқытып, үркітіп электр қуатын есептейтін есептеуіштерді ауыстыртып, азаматтардың құқықтарын аяқ асты етіп, материалдық шығынға батыруын қояр емес.

Толығымен…

ЕЛ СЕНІМІ

Қоғамдық қабылдау · 33 рет қаралған

Қоғамдық қабылдау азаматтардың құқын сатуын ашып келеді

«Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлімі партиялық ережелер мен бағдарламаларды іске асыруда және алдына қойған мақсатына қол жеткізуде облыс тұрғындарының сеніміне ие болып келеді.

Толығымен…

АСТАНА ПРОКУРАТУРАСЫ ЖАУАП ЖАЗУҒА АСЫҒАР ЕМЕС…

Қоғамдық қабылдау · 27 рет қаралған

Бүгінде арыз-шағымын арқалап, үлкен үмітпен «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімдеріне келетін халық көп. Әрбір шағымның артында адам тағдыры тұрғанын жақсы білетін қоғамдық қабылдау бөлімі қызметкерлері өз құзыреті шеңберінде тұрғындарға көмек көрсетуге тырысып-ақ бағуда. Алайда, кейбір құзырлы органдардың арыз-шағымды қарап, жауап беруге келгенде сылбырлық танытуы – жұрттың наразылығын тудырып, партия беделіне нұқсан келтіріп отырғаны жасырын емес.

«Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты қоғамдық қабылдау бөлімі меңгерушісі Ж. Жүкеновтің айтуынша, Астана қаласының әкімдігіне жіберілген өтініштердің әрбір үшінші хаты жауапсыз қалады екен. Осындай жағдай Ішкі істер, Қорғаныс, Білім және ғылым министрліктерінде де кездеседі. Ал, Астана қаласының прокуратурасы азаматтардың әр екінші өтінішіне жауап бермеген. Өзге өңірлерге үлгі болады деген Астана қаласының әкімдігі мен прокуратурасының бұл ісіне не деуге болады?

«Нұр Отан» ХДП Қоғамдық қабылдау бөліміне жыл басынан бері 32 958 өтініш келіп түскен. Бұл өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 1 132-ге көп. Өтініштердің басым бөлігі тұрғын-үй-коммуналдық сала және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты. Яғни, бұл сала өзектігілімен әлі де ерекшеленіп тұр. Нақтырақ айтсақ, келіп түскен өтініштердің 18 пайызы тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, ал 15 пайызы тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты болған. Зейнетақы мен жәрдемақы мәселесі бойынша келіп түскен өтініштер 9 пайыз болса, жұмысқа орналастыру мәселесі 8 пайыз, лауазымды тұлғалардың іс-әрекетіне қатысты арыздар 7 пайызды құрайды. Жыл басынан бері Қоғамдық қабылдау бөлімдерін көптеген мемлекеттік органдарға 13 446 өтініш жіберіліп, 9840 жауап алынған. 4980 өтініш оң шешімін тауыпты. Жалпы келіп түскен өтініштердің 40 пайызы оң шешілген.

Соңғы кездері ипотека қарыздарын қайта қаржыландыру, банктік несие беру, жалдамалы тұрғын үй мен «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша келіп жатқан өтініштер саны да көбейе түскен. Бұл орайда партияның Орталық аппараты Қоғамдық қабылдау бөлімі тамыз айынан бастап акционерлік қоғамдар мен екінші деңгейлі банктер басшыларының азаматтарды қабылдауын жүргізуге бастама жасап отыр. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы және «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Н. Назарбаевтың 2020 жылға дейінгі ҚР Стратегиялық даму жоспарының негізгі қағидаларын түсіндіру және іске асыру жұмысын ұйымдастыру жөнінде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП 15-16 шілдеде «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асырудың мәселелері бойынша азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні» республикалық акциясын өткізді. Акцияға Экономикалық даму және сауда министрлігінің, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, екінші деңгейлі банктердің басшылары, аймақтық деңгейде осы мәселеге жетекшілік ететін әкімдердің орынбасарлары және жоғарыда аталған ұйымдардың өкілдері қатысты.

Еркін ДОСЫМБАЙ.

ҚАТЕ ӘКІМШІЛІКТЕН КЕТКЕН

Қоғамдық қабылдау · 17 рет қаралған

«Дала мен Қала» газетінің 2010 жылғы 17 cәyіp айындағы (№ l5 (345) санында «Рейдірлік… Кордайлық кәсіпкерлерге қысым жасаудың артында кім тұр?» деген мақалада біраз түсініспеушілік орын алған.

Толығымен…

Келесі »