ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ҰЛТ. ОНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ИДЕЯСЫ ЕЛОРДАНЫҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙДЫ
Көкейтесті · 3 рет қаралған
«Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық!». Осы сөздің астарында терең мән-мағына жатыр. Тау баласы тауына қарап бой түзейді, тауына қарап ой түзейді. Ал әр мемлекеттің бағдаршамы іспетті, қантамыры сияқты бас қаласы болары анық.
ОҚЫ! ҚАЗҰУ-ДЕ «ЭЛИТАЛЫ ГВАРДИЯ» ЖАСАҚТАЛДЫ
Көкейтесті · 2 рет қаралған
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті іргелі істерге ұйытқы болып келеді. Бұл жолы «Білекті – бірді, білімді – мыңды жығады» деген ұлағатты сөзді жанына жалау еткен университет ректоры Бақытжан Жұмағұлов тест кезінде жақсы нәтиже көрсетіп, бірақ шамалы балл айырмашылығымен қатарластарына жол берген 90 балаға білім грантын өз қолымен табыс етті.
МИЛЛИОНДАРДЫ ЖЕП, МИЫҚТАРЫНАН КҮЛЕТІНДЕР КӨБЕЙІП БАРАДЫ
Көкейтесті · 2 рет қаралған
Ертеде бір қарт шартарапты шарлап келіп, «Әңгімелесер адам жоқ» деп қайғыратын көрінеді. Жұрт аң-таң: «Айнала толы халық. Бұл кісіге не жорық?». Ақсақал сонда, біздіңше, сөздің есерін емес, естісін іздесе керек.
50/50 ТАЛАБЫ КЕЙБІР ТЕЛЕАРНАЛАРДА НЕГЕ ОРЫНДАЛМАЙДЫ?
Көкейтесті · 282 рет қаралған
Менің түсінігімде теледидар – ең алдымен мемлекет мүддесіне қызмет ететін саясат құралы. Әрине, бизнес ол өмір сүрудің бүгінгі жолы. Бірақ, ақша қуып, ел мақсатын оның жолында құрбандыққа шалу әсте болмас.
НЕ КӨРІП ЖҮРСІЗ?
Көкейтесті · 322 рет қаралған
Күн сайын редакцияға еліміздің әр шалғайынан оқырман хаттары толассыз келіп жатады. Олардан біз еліміздің тыныс-тіршілігін аңғарамыз. Оқырмандарымыз өздерінің өтініштерін, талап, тілектерін айтып, әділетсіздікке араша түсіп, көмек көрсетуімізді сұрайды. Сондай-ақ, телерадио хабарларына қатысты өздерінің көзқарастарын, алған әсерлерін де жеткізеді. Сондықтан да солардың біразымен таныстырғанды жөн көрдік.
Алпауыттар алдап кетпей ме?
Көкейтесті · 257 рет қаралған
Жұмыссыздық тақырыбы Арқаның сары аязымен қосылып халықтың қос өкпесін қыса бастады. Алып-қашпа әңгімелердің де жапалақтап жауған ақша қар сияқты толастамай тұрғаны… Толығымен…
ТӘУЕЛСІЗ ТЕЛЕАРНАЛАР КІМНІҢ СОЙЫЛЫН СОҒАДЫ?
Көкейтесті · 291 рет қаралған
Еліміздің қоғамдық, саяси, мәдени өмірінде теледидардың атқаратын, алатын орны ерекше екенін көзі қарақты әрбір азамат біледі десем артық айтқандық емес. Себебі қазіргі дәуір электронды ақпарат құралдарының дәуірі. Толығымен…
«БІЗ ДЕ ҚОҒАМНЫҢ БІР БӨЛШЕГІМІЗ»
Көкейтесті · 262 рет қаралған
МҮГЕДЕКТЕР МҮСІРКЕМЕУІН СҰРАЙДЫ
«Қайран өмір-ай, он екі мүшең сау болғанға не жетсін?!». Иә, көшеде қайыр тілеп отырған мүмкіндігі шектеулі жандарды көргенде кез-келгеніңіз осылай ойлап, деніңізді сау етіп жаратқаны үшін Аллаға мың да бір шүкіршілік қылып, тағдыр тәлкегіне ұшыраған оларды шын мүсіркейтініңіз сөзсіз. Шынтуайтына келсек, сіз ондайлардың бір-екеуін, немесе күніне бар болғаны он шақтысын ғана көретін шығарсыз?! Солай ма? Солай… Бірақ, соның өзіне ет жүрегіңіздің елжірейтінін тағы жоққа шығара алмайсыз. Ал, осындай, яғни тағдыр тәлкегіне ұшыраған 560 адаммен әрдайым бірге болатын Алматы қалалық мүгедектер мен созылмалы жүйке ауруларына арналған интернат үйдің қызметкерлерінің күнделікті күйін сөзбен жеткізу тіпті, қиын. Оған мен сонда болып, екі күн жұмыс істеп қайтқанымда көз жеткіздім.
«Дарабоз» даралана алды ма?
Көкейтесті · 274 рет қаралған
Өтіп бара жатқан жыл қазақ электронды ақпарат құралдарына бәлендей ауыз толтырып айтар жаңалық әкелмесе де өзіндік бедерін қалдырғанында біздің дауымыз жоқ. Әсіресе, «Қазақстан» ұлттық телеарнасында ізеністер толқыны айқын байқалады. Әйтеуір бір серпіліс бар.
СЕН – ҚАЗАҚСЫҢ!
Көкейтесті · 276 рет қаралған
Сенің туған елің – Қазақстан Республикасы әлемдегі 175 елдің жер кеңдігі жағынан ең ірі 10 елдің тоғызыншысы, яғни 2 миллион, 717 мың шақырым. Терістіктен түстікке қарай 1700 шақырым, шығыстан батысқа қарай 3000 шақырым ұлан байтақ жер. Халқының саны жағынан Қазақстан әлемде 50- ші орын алады. Он жарым миллион қазақтың үштен бірі (жыл сайын көшіп келіп жатқан қандастарымызды ескерейік) шет елдерде өмір сүріп жатыр.

