№ 35 (364) 


БІЗГЕ БІЛІМДІ ҰРПАҚ КЕРЕК ЕМЕС ПЕ?

Ғылым · 333 рет қаралған

Балалары жоғары оқу орнында білім алып жүрген кез келген ата-ана 14 қараша күні  Мәжіліс депутаты  Сағынбек Тұрсыновтың Үкімет назарына қарата жолдаған  мәлімдемесінен хабардар болған шығар.

Толығымен…

ҚАТЫНАП ОҚУ ҚАУІПТІ…

Ғылым · 300 рет қаралған

ОҚУШЫЛАР СОНДА ДА САБАҚ БОСАТПАЙДЫ

 

Құрманғазы ауданында Дәшін селолық округіне қарасты Шағырлы деген ауыл бар. Жиырма шақты түтіні бар шағын ауыл бізді жабырқау қарсы алды. Қаңтардың қақаған аязында кейбір үйлердің мұржасынан ешқандай түтін шықпағанына таңырқап келеміз. Сөйтсек, отын шамалы екен. Аз ғана қамыс пен жыңғыл, малдың қиын кешке жатарда ғана жағып, көрпені қалың жамылып жатып қаламыз деп мұң шақты тұрғындар.

Толығымен…

ДАНАЛАРДАН ҚАЛҒАН СӨЗ

Ғылым · 297 рет қаралған

*Бота алғанша, бата ал.

 

*Жақсы адам қартайса қазына,

Жаман адам қартайса

қазымыр.

 

*Рахат пен қайғы жолдас

 

Толығымен…

СИЫРАҒАШ

Ғылым · 276 рет қаралған

Бұл ағаштар Оңтүстік Америкада өседі. Олардың қабығын тіліп жіберсе сүтке ұқсас, бірақ химиялық құрамы өзгешелеу, аппақ сұйық бөлінеді. Қайнатқан кезде көп өзгеріске ұшырамайды. Майға шыжғырылған еттің иісі шығады. Сүт белогі – казеиннің орнына қан белогіне ұқсас, ал сары су орнына қантты сұйық зат бар. Сиырағаш жер таңдамайды. Биіктігі 25 метрге жетеді, тамыры тереңге кетеді.

НАН АҒАШЫ

Ғылым · 292 рет қаралған

Естімеген елде көп. Ағаштың да наны болады екен.Олар Үндістан мен Малая аралында өседі. Оның асқабақ тәрізді же­містері болады. Кей­бірінің салмағы 25 келіге дейін жетеді. Ағаштың же­місінің крахмалы көп, дәмі бидайдың наны сияқты. Жергілікті тұрғындар осы нан ағашының же­місін бөлшектеп турап, қуырып ас етеді. Сондай-ақ әлгі жемістерді салқын шұңқырға салып, құрамындағы крахмалды ашыту арқылы қамырға ұқсас қоспа алып, одан дәмді тоқаш пісіреді. Ал, нан ағаш гүлдеп біткен кезде, оның тұқымын жинап шикідей де, қуырып та жейді. 21 жастағы бір нан ағашының жемісі 3-4 адамды бір жыл асырап шыға алады.

Қашқын

Ғылым · 237 рет қаралған

      Қуандық Оразбекұлы.

 Kuandik_Orazbek@mail.ru.

(Фельетон)

      Жезтаңдай айналасына алаңдай қарап қойып қашып келеді.

Ол әуежайға өзге жолаушылар тізбектеліп кезекке тұрып билеттерін тіркетіп, содан кейін қол  жүктерін «ренгеннен» өткізіп  тексертіп біткен кезде келді. Талай жылдардан бері жанында көлең­ке­сіндей болып еріп жүрген жылпос көмекшілері «бастығымыз бір шаруаларымен кешігіп жатыр, әне келіп қалды, міне келіп қалды» деп, әуежайдағы қыздар мен жігіттерді алдандырып тұрған. Төлқұжаты да, билеті де, қол жүктері де солардың қолында. Мұның төбесі көрінгеннен зуылдатып, барлық шаруаны 2-3 мінөтте реттеді.

Жолаушылар жиналып тұрған бөлмеге кіргені сол еді,  ұшаққа дейін алып баратын сары машина келіп есігін ашты. Бәрін мінгізіп алды да ұшақтың баспалдағына жақын барып тоқтады. Жазтаңдай ең соңынан мініп, есіктің алдында жолаушыларға теріс қарап тұрған. Түсті де ұшаққа қарай беттеді.

– Сәлеметсіз бе, сапарыңыз сәтті болсын,–деді баспалдаққа шыға берісте  билеттерге тағы да бір рет көз жүгіртіп тұрған  әдемі қыз. Жезтаңдай енді байқады. Осындағы жолсерік, апта, ай аралатпай сапар шегіп жүргендіктен әбден көзтаныс болып қалған.

Толығымен…

Университеттегі іскерлік байланыстар

Ғылым · 274 рет қаралған

Жақында Қазақ-Британ техникалық университетінде Консультативтік комитеттің кезекті мәжілісі өтті. Оның жұмысына Ұлыбританияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Пол Браммел мырза қатысты.

Толығымен…

БІЛІМ ДЕГЕН БИІК ШЫҢ

Ғылым · 424 рет қаралған

ҚР Білім және ғылым министрі
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ мырзаның назарына!

Білім жөнінен асығы алшысынан түсіп жүрген жайымызды биыл төтеннен бүк басып, ұлттық бірыңғай тестілеуден республика көшінен кейін кеткен соң арғы-бергі нәтижені салмақтауға кірістік. Астарында алпыс атанға жүк болатындай мыңдаған мәселе мезі еткелі де тұр. Өйткені кінәрат көп. Нысананы мұғалімге бұра салуға да әуеспіз, бірақ жалақысы мандымсыз мамандық иесіне тоқпақты түйе бергенде табыс үйіліп, іс алға баспайды. Ендеше шалағайлық шаруаны кімнің үлесіне итере салсақ деп ой түйеміз.

Толығымен…

ҒАЛЫМ, ҰСТАЗ, ТӘЛІМГЕР

Ғылым · 664 рет қаралған

ҚазҰУ-дың тарихы және Қазақстанның химия саласындағы ғылыми жетістіктері Батырбек Ахметұлы Бірімжановпен тығыз байланысты. Ол 1934 жылдан бастап 1985 жылға дейін ҚазҰУ-дың химия факультетінде қызмет істеген ғалым. Жарты ғасыр бойы өзінің бар күшін химияға, шәкірттері мен жоғары білімге сарп еткен жан.  Толығымен…