Дала мен Қала газеті

АСЫЛ ТАСТЫҢ СӘУЛЕСІ
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев   Астанада «Солтүстік шұғыласы»  тұрғын үй  және «Изумрудный квартал» әкімшілік кешенінде    болды. Бұл  кешендердің  құрылысы елордадағы құрылыс нысандарын аяқтау жөніндегі мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарламаның аясында қаржыландырылуда.

«Солтүстік шұғыласы» құрылысын  аяқтау үшін  2 миллиард теңге қажет  болған еді. Осыдан екі жыл бұрын «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын мүлік қоры «Солтүстік шұғыласы» тұрғын үй кешенін  қаржыландыру жөніндегі келісімшарт жасаған.  Енді міне аталмыш нысан құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Бұл үйде барлығы 165 пәтер бар, оның 30-ы үлескерлердің пәтерлері, ал қалған 135 пәтер жалға және кейіннен сатып  алуға  берілетін болады. Мемлекет басшысы тұрғын үй кешенінің бөлмелерін аралап көрді. Мұнда астаналықтар үшін бүгінгі таңдағы ең үздік таңдаулы пәтерлер орналасқан. Бұл кешеннің маңайында үш мың көлікке арналған жабық тұрақ та салынбақ.

Ал «Изумрудный квартал» кешені келісімшарт бойынша 2011 жылдың 30 қарашасында толық пайдалануға берілуі тиіс. Жоба жүзеге асырылған соң 112 мың шаршы метр коммерциялық жай, 750 паркинг экономикалық айналымға беріледі. Кешенді аралап көрген Елбасы ғимарат құрылыстарының барысына  оң баға берді. «Изумрудный квартал» кешенінің екінші үйі іргесінде үшінші үй –  Астанадағы ең  биік  нысан салынып жатыр, ол «Қазақстан темір жолының»  ғимаратынан да биік болады. Осы  биік   ғимараттың  құрылысымен  біз, «сулы-желекті» бульварды айнала салынып жатқан әкімшілік-тұрғын үйлер орталығының құрылысын аяқтаймыз»,  – деді Елбасы  тұрғын үй кешенін аралау кезінде журналистерге. Кешендегі ғимараттың биіктігі 181,97 метр, тұрғын үй қабаттарының саны – 45, жалпы ауданы 112 330 шаршы метр. Құрылысшылардың айтуынша, әкімшілік кешеннің құрылысында жаңа технологиялар пайдаланылған. Нысан сәулетінің көптеген бірегей ерекшелігі бар, мысалы, 32-ші қабаттан бастап әрбір келесі қабаттың ауданы артып отырады, ғимарат төбесі 15 метрге ауытқып асимметриялы болып шығады. Сонымен қатар жаңа бизнес орталықта 15 мыңнан астам адам жұмыс істей алады.

Елбасы Астананың ажарын аша түсетін осынау тамаша жобалар туралы қазақстандықтарға көрсету және  әңгімелеу  керектігін айтты.  «Бұл жердегі пәтерлер жайлы да ыңғайлы. Энергия  үнемдеуші  технологиялар  пайдаланылған  – терезе шынылары суықты да,  ыстықты да өткізбейді және бұл үйлерде ең  соңғы заманауи  технологиялар  бойынша арнаулы байланыстар орнатылған. Бұл жерде «Қазақстан» және «Хабар» телеарналары орналасатын жаңа медиа-кешен бой көтереді және басқа телеарналар да осында келетін болады», – деді Н.Назарбаев.

БІЛІМ–ЖАРЫҚ КҮНІҢ! ЕЛБАСЫ АСТАНАЛЫҚ ОҚУШЫЛАРҒА АҚ ЖОЛ ТІЛЕДІ
Білім күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы «Атамекен Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде болып, Елорданың оқу озаттарымен және жастар клубының белсенді мүшелерімен кездесті.

Елбасы оқушыларды биылғы жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтады. Кездесу аясында «Мыңжылдықтар тоғысындағы Қазақстан» диорамалық павильоны ашылды. Президентпен емен-жарқын әңгімелескен «Атамекен патриоттары» ұйымының мүшелері Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына әр дәуірдің этно-мәдени және сәулеттік ерекшеліктері бейнеленген жаңа диорамалық кешенді таныстырды. Мемлекет басшысының бас қаланың отансүйгіш жалынды  жастарымен «Атамекен» мемориалды кешенінде кездесуі тегін емес. Өйткені, бұл этнокешенде ел аумағында алғашқы адамның пайда болуы кезеңінен бастап, қазіргі тә-    уелсіздік дәуіріне дейінгі ел тарихының айшықты кезеңдері тайға таңба басқандай етіп көрсетілген.

– Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс- бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдени-тарихи мұра, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. – Сондықтан тарихи мұра – ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Бұл диорамалық павильон мәдени құндылықтарымызды насихаттап қана қоймай, бүгінгі жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелейді. Демек, жастар дәстүрлі мәдени мұрамызды көздің қарашығындай сақтаудың парызы өте жоғары екендігін терең түсіне білгендері жөн. Өздерің білесіңдер, Астанада Халықаралық үлкен Университет салынып, биыл бірінші түлектерді қабылдады.Соған түсуге талпыну керек. Бұл университетке түскеннен кейін шет елге барудың қажеті жоқ. Мұнда шет ел оқытушылары да дәріс беретін болады. Өзімізде 2-3 жыл оқып, 1 жыл шет елде оқығыннан кейін студент екі жақтың дипломын алатын болады. Біздің елімізде жоғары оқу орынына дұрыс дайындықпен бару үшін 20 интеллектуалдық мектеп салынып жатыр.

Елбасының өмірлік тәжірибесімен бөліскен мектеп оқушылары өз ойларымен де бөлісті.

– Мен Президентпен 1-ші сыныпта оқып жүргенде кездескен едім. Нұратаның біздің сыныпқа кіріп келгені күні бүгінгідей көз алдымда. Онда жас бала едім. Енді, міне, 11 жылдан кейін Елбасымен есейген шағымда қайта кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Елбасының бүгінгі айтқан әрбір сөзі өмірімізге мақсат, бағдар бергендей. Мен Елбасының айтқан ой-пікірінен атамекеніміз – Қазақстанды, оның халқын шексіз сүю керектігін терең ұққандаймын, – дейді 11 сынып оқушысы Дамира Манақпай бізбен әңгімесінде.

Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлы, оқушылардың қойған сауалдарына толыққанды жауап беріп, сапалы білім алу үшін елімізде барлық жағдай жасалынып жатқандығын жеткізді. Сөзінің соңында: «Ең бастысы бүгінгі жастар, еліміздің рухани құндылықтарынан нәр ала отырып, алға қойған мақсаттарына жасымай, жасқанбай табандылықпен жетулері қажет», – деді Елбасы.

Мағжан САДЫХАНҰЛЫ.

Төртінші сессия: ЕЛБАСЫ ДЕРЕУ ҚАРАУДЫ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ЖОБАЛАРДЫ ЖІПКЕ ТІЗІП БЕРДІ
Алпыс күн. Депутаттар үшін Астана мен ауылдың арасын жақындатқан мерзім. Дегенмен, депутаттарыңыз да пенде, осы еңбек демалысы ретінде берілген алпыс күннің қаншасын ауыл, аудан, қаладағы сайлаушыларына арнағанын алдағы уақытта өздері айта жатар. Естіген, көрген елдегі өзекті мәселелер бойынша депутаттық сауалдарын жолдар. Айтайын дегеніміз, демалысы аяқталып, білім күні Парламенттегі орындарына оралған депутаттарды алдымен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті сессияның ашылуымен құттықтап, бірқатар бағыт-бағдар берді.

Бюджет қаржысы тиімді пайдаланылуы қажет. Көптеген мәселелер қаржыны ұлғайтусыз шешімін табуы тиіс. Мемлекеттік шығынды қысқартып, қаржыны үнемдеп резервті қалыптастыру керек. Парламент пен Үкімет даму бағдарламасына бағытталған бюджет қаржысының тиімді пайдаланылуын бақылауы қажет. Бұл туралы төртінші сайланған ҚР Парламентінің төртінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Біз жаһандық дағдарыстың толқынын табысты еңсердік. Алайда бұған тоқмейілсуге тиісті емеспіз. Әлемдік экономиканың жағдайы дүдәмал күйінде қалуда. Ол толыққанды қалпына келе қойған жоқ. Бүгінде сарапшылар қоғамдастығы дағдарыстың кезекті толқыны болуы ықтималдығын айтуда. Басқа да сарапшылардың мәлімдемелері бар. Сондықтан біздер әртүрлі сценарийлерге дайын, шығындарды ұлғайтуға сақ болуымыз керек. Мемлекеттік қаржыға, әсіресе өңірлік деңгейде, мұқият қарауымыз қажет», – деді Мемлекет басшысы. 	Бұл – Елбасы атап өткен жауапты міндеттердің бірі.

Мемлекет басшысы депутаттар алдында сөйлеген сөзінде еліміздің саяси ұстанымы, әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістігіне тоқталып, алдағы кезеңде атқару үшін басымдық беріліп отырған істер жөнінде айтты. «Біз  тамыздың 30 күні мемлекеттік ұлттық мерекеміз Конституциямыздың 15 жылдық тойын атап өттік. Конституцияны қабылдау арқылы Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Жасампаз  істермен дүниежүзіне танымал әлеуетті елге айналдық. Ұстанған бағытымыздың дұрыс екенін уақыт өзі дәлелдеп берді. Біз биыл ТМД және Азия елдері арасында тұңғыш рет ЕҚЫҰ-ға жетекшілік етуде-міз», – деді Мемлекет басшысы. Еліміздің экономикасы қарқынды дамып, дағдарыстан кейінгі кезеңге нық қадам басты. Болашаққа бағытталған бірқатар іргелі бағдарламалар қабылданды. Атап айтқанда, Қазақстанның индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы қолға алынды. Елбасы бұл бағдарлама бойынша кәсіпкерлік секторын сауықтыру және бизнес бастамаларды қолдау шаралары ұйымдастырылатынын, таяу он жылдықты қамтитын еліміздің дамуының стратегиялық жоспары жүзеге асырыла бастағанын атап өтті. Еліміздің құқықтық базасы құқық қорғау органдарын реформалауға, қылмыспен және жемқорлықпен күресті күшейтуге бағытталған заңдармен нығайтылды. Қаржылық және экономикалық қатынастар, бюджеттік және тариф саясаты туралы, салық салу саласындағы нормалар жетілдірілді. Энергия үнемдеу және су ресурстарын ұтымды пайдалануды ынталандыру үшін заңнамалық негіз құрылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қазақстан, Ресей және Беларусь Кедендік одағының негізі қаланып, үш елдің Бірыңғай экономикалық кеңістігін құруға жол ашып берген Кедендік кодекс және өзге де заңнамалық актілер қабылданғанын атап өтті. Бұл орайда Парламент 35-тен астам халықаралық құжаттарды ратификациялады.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысына сәйкес жалпы ішкі өнім 8 пайыздан асқанын атап өткен Елбасы салалық өсімдерге тоқталды. Мысалы, өнеркәсіп өндірісі 12 пайызға, ауылшаруашылығы 3 пайызға өскен. Өңдеуші өнеркәсіп 18,5 пайызды құрады. Тау-кен өндірісі 6,3 пайызға артып, машина құрылысы, химия, тамақ өнеркәсібі де даму үстінде. Еліміздің алтын валюталық қоры мен ұлттық қорының көлемі артып отыр. Мемлекет басшысының айтуынша, ұлттық қор көлемі 53 млрд. доллардан асып, оның өсімі 5,7 пайызды құраған. Қазіргі уақыттағы жетістіктерімізді еселей түсу мақсатында атқарылар жұмыстардың іргелі жоспарлары да жасалған. Дегенмен, депутаттардың бірінші кезекте қарауын қажет ететін жобалар да жетерлік. Елбасы солардың бірқатарын нақтылай атап өтті. Ең алдымен рұқсат беру жүйесін жетілдіру туралы, тексеруші субъектілерге талапты бекітетін нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау саласындағы мемлекеттік органдардың құзіреті туралы заң жобалары дереу қарастыруды қажет етеді. Бизнес климатты жақсартып, мемлекет пен жекеменшік әріптестігін дамыту керек. «Бизнеске түсетін әкімшілік жүктемені төмендетіп, рұқсат беру процедураларын, соның ішінде лицензиялауды, сертификаттауды, аккредиттеуді жеңілдету керек. Сіздер мен біздер бұл жайында қаншама рет айтып, іс-шаралар қабылдағанымызбен, бұл мәселе сол күйінде қалуда.  Және оның маңыздылығы арта түсуде», – деді Елбасы. Банктер қызметі мен қаржы ұйымдарының тәуекелдерді азайту бөлігін реттейтін заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туындап отыр. Сонымен қатар, алдағы кезеңде «Ғылым туралы» заңның жаңа редакциясын, «Индустриялды саясат туралы», «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы», «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» заң жобаларын қарау міндеті тұр. Шаруа (фермерлер) шаруашылығының қызметі туралы, электр энергиясы саласында еңбек ететін ұйымдар туралы заңнаманы жетілдіру қажет. Үкімет жақын арада Парламенттің қарауына жаңа халықаралық университет мәртебесі туралы заң жобасын ұсынбақ. «Бұл құжат қазақстандық білім сапасының  деңгейін көтеруге бағытталып, инновациялық бағдарламаларды, ғылыми жобаларды енгізуді көздейді», – деді   Н. Назарбаев. Сондай-ақ, Парламенттің қарауында денсаулық сақтаудың мемлекеттік мекемелерін корпоративтік басқару элементтері туралы заң жобасы жатыр. Мемлекет басшысы кейбір заңнамалық актілерді азаматтарды тұрғылықты орны бойынша тіркеу туралы заңның да қабылдануы тиістігін атап өтті. «Айналамыздағы тұрақсыздық террористік ұйымдардың белсенді бола түсуі, есірткі трафигі – осының барлығын есепке ала отырып, біз елімізге кім келіп, кім кетіп жатқанын білуіміз керек. Қазір бұл бағытта біршама тәртіп орнатудамыз. Елімізде көптеген ұйымдар көші-қон ісімен айналысуда. Бірақ олардың ешқайсысы  бізге қанша адам келіп-кеткенін айтып бере алмайды. Сондықтан да біз осы жұмысты бір орынға шоғырландырдық», – деді Елбасы Н.Назарбаев.

Таяу уақытта жаңа ірі өндірістер, әлеуметтік нысандар іске қосылып, жолдар салынатын болады. Бұл орайда Үкімет, жергілікті билік органдары жұмыс істеуге ынталы адамдардың барлығын, әсіресе жастарды, жұмыспен қамтамасыз етуге ұмтылулары тиіс. Алдымызда тәуелсіз мемлекетіміздің тарихына байланысты үлкен мерейтой күтіп тұр. Яғни, мерейтой қарсаңында әрбір қала мен ауылды, әрбір көше мен ауланы абаттандыруға көңіл бөлген абзал. Елбасы әрбір елді мекеннің таза, әдемі, жақсы жөнделген, өмір сүру, жұмыс істеу және демалу үшін қолайлы болғаны жөн екенін, еліміздің мерейтойына әзірлік барысына миллиондаған азаматтардың нақ осы тұрғыдағы патриоттық қатысуы көрініс алуы тиістігін атап өтті. Сонымен қатар, Астанада 1-2 желтоқсанда өтетін ЕҚЫҰ-ға мүше елдер мемлекет басшыларының Саммиті маңызына тоқталды. «Мұндай деңгейде жаһандық форумды өткізу Қазақстанның әлемдегі беделін көтеріп қана қоймайды. Бұл еліміздің дамуына қарқын беріп, қазақстандықтардың бірлігі мен патриотизмін одан әрі нығайта түседі. Мен Саммитке әзірлік жөніндегі барлық мәселені шешеміз деп сенемін. Күллі әлемге қонақжайлығымызды, ашықтығымызды және жауапкершілігімізді танытатын боламыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Төртінші сайланым депутаттары үш сессияда 340-тан астам заң қабылдапты. Елбасы  «бұл заңдардың басым көпшілігі қоғамның саяси және әлеуметтік-экономикалық деңгейін көтеруге арналғанын» айтып өтті. Сондай-ақ, Парламенттің алдағы уақытта да абырой биігінен көрініп, ел үмітін ақтай беретіндігіне кәміл сенетінін білдірді.

Қос Палатаның бірлескен отырысында жаңадан сайланған бірқатар Парламент депутаттарының салтанатты жағдайда Ант беру рәсімі өтті.

Еркін ДОСЫМБАЙ.

ҚАЛАУЛЫЛАР ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ ҚАРҚЫНМЕН КІРІСТІ
Парламент Мәжілісінің алғашқы отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, «Нұр Отан» ХДП фракциясының жетекшісі Орал Мұхамеджанов кіріспе сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының Парламент алдына қойған маңызды міндеттері мен заң шығару ісіндегі басым бағыттарға тоқталды.

Сондай-ақ, спикер Үкімет Мәжіліске ұсынылатын заң жобаларының сапасына айрықша мән беруі қажеттігін, өкінішке қарай, «жетілмеген, қалай болса солай құрастырыла салған жобалардың  түсуі жиі орын алып тұратынын» айтып өтті. Төртінші сессияның алғашқы отырысында Үкімет басшысы К.Мәсімовке жолданған депутаттық сауал аз болмады. Сайлаушылармен кездесуде көтерілген мәселелерді Министрлер Кабинетіне жеткізіп, ел аманатына қиянат жасағысы келмеген депутаттардың кейбірі сауалдың бесеуін бірден жолдады. Мысалы, депутат А.Милютин «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватына назар аударуды сұрайды. Шығыс Қазақстан университетінің өзекті мәселелерін депутат А. Доскалов көтерді. Маңғыстау облысында 47 шақырымнан су тасып ішетін ауыл тұрғындары ауызсу мәселесінің тезірек шешілуін қалайды. Сондай-ақ, депутат З. Алшымбаев Ақтау қаласындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетіне кітапхана құрылысын бастауға қаржы бөлуді сұрады. Бір топ депутаттың атынан сөйлеген А.Момышев қазақ-қырғыз елдерінің шекарасына қатысты мәселе көтерді. «Аса күрделі жағдай Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекара сызығында қалыптасқан. Мұнда мемлекеттік шекараны демаркациялау аясында шекара бағандары мен шиыршықты қауіпсіздік тосқауылдарын орнатқаннан кейін аталған бағандар мен тосқауылдарды су шайып кету жағдайлары және өзен арнасы Қазақстан жеріне қарай жылжуы әсерінен  жекелеген жер учаскелері Қырғыз Республикасының аумағында қалып, мемлекеттік шекара сызығының өзгеріске ұшырауы мүмкін. Осындай жағдайда екі елдің арасын қосып отырған орта көпірдің орнықтылығына қауіп туады. Қазақстан жерлерін, оның ішінде жайылым және ауыл шаруашылық егістік жерлерін, тұрғын үйлерді, су шаруашылығы нысандарын, жолдар мен жоғары вольтты электр тарату желілері бағандарын су шайып кету салдарынан халықтың тыныс-тіршілігіне нұқсан келу жағдайы туындауда», – деген депутат А.Момышев Үкімет басшысының Жамбыл облысындағы Киров су қоймасын жеке бақылауына алуын сұрады. Сондай-ақ, Шу өзені жағалауларының, жалпы ұзындығы 55,2 шақырымы нығайтуды қажет етеді. Алакөл көлінің жағасы да нығайтуды талап етеді. Бұл жәйтті мәлімдеген депутат Е.Әпсәлямов өз сауалында осы мақсатқа 57 млн. теңге қажеттігін айтты. Шығыс Қазақстан облысында мектептердің мәртебесі көптеп өзгеруде. Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевқа сауал жолдаған депутат Н.Сабильянов бұл мәселені кейінге қалдыруды, зерттеп, зерделеу қажеттігін сұрады. Депутат В.Киянский Батыс Қазақстан облысын газбен қамтамасыз етуге қатысты мәселе көтерді.

Депутаттық сауалдар барысында демалысқа «кет әрі» емес жұрттың құлағына жағар ұсыныс та айтылды. Үкімет басшысына депутаттық сауал ретінде жолданған бұл ұсынысты Б.Сыздықова жасады. «Күні кеше бүкіл ел болып, Білім күнін атап өттік. Барлық мектептерде алғашқы қоңырау сыңғырлады. Әдемі киімдер киген оқушыларды киімінің әдемілігі олардан қалыспайтын ата-аналары ертіп апарды. Соңғы уақытта 1 қыркүйекті тек мектептерде ғана емес, балабақшаларда да тойлайтын дәстүр пайда болды. Жыл сайын біз қиындыққа жолығамыз, көптеген азаматтар осы күнді өзінің баласымен өткізу үшін жұмыс орындарынан сұранады. Шындығында, Білім күні баяғыда-ақ  отбасылық мерекеге айналды. Осыған байланысты 1 Қыркүйек – білім күнін демалыс күні етіп жариялауды ұсынамыз. Бұл, сөзсіз, азаматтардың мүддесіне сәйкес келеді», – деді депутат.

Жалпы отырыста депутат Сейітсұлтан Әйімбетов Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы болып сайланды.

Еркін ДОСЫМБАЙ.

ТАТУ КӨРШІЛІКТЕН. ПАРТИЯАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСҚА
Астанаға «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының шақыруымен Қытай Компартиясы Орталық секретариатының хатшысы, Насихат министрі Лю Юньшань мырза бастаған Қытай Коммунистік партиясының бір топ делегециясы келді. Құрметті меймандармен «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин партияның Орталық аппаратында кездесу өткізді.

Қазақстан Қытай елімен БҰҰ-ы, Азиядағы сенім шаралары жөніндегі Кеңес, Шанхай Ынтымақтастық ұйымы аясында белсенді қарым-қатынас жасап келеді. Негізінен екі ел арасындағы ынтымақтастықтың басты қағидасы мемлекеттік тұрғыдан бекітіліп,нақтыланған шекаралық бөлінбеушілік ұстанымының маңыздылығында жатыр. Жыл өткен сайын екі ел арасында қаржы, биотехнология, көлік және коммуникация, мұнай-газ салаларының арқасында сауда-экономикалық байланыс өте қарқынды дамып келеді. Бұл кездесуде «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы мен Қытай Коммунистік партиясының партиялық байланыс орнаған алғашқы күнінен бастап, тату көршілік және достық қатынасты нығайтуда айтарлықтай үлес қосып жатқандығы айтылды.

– Мен сіздерді қазақ жеріне келулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынас,  саяси партиялық тұрғыдан да парасатты түрде дамып келеді, – деді Нұрлан Зайроллаұлы. – Бұл – ең алдымен, біздің көшбасшыларымыз Қазақстан Президенті, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қытай халық Республикасының Төрағасы, Қытай Коммунистік партиясы, Орталық Комитетінің Хатшысы Ху Цизиньтаоның достық қарым-қатынасының нәтижесі. Ал, екі елдің билік партиясы арасындағы байланыс, 2009 жылы қол қойылған Ынтымақтастық туралы Меморандумға сәйкес жүйелі түрде дамып келеді. Сіздерге мәлім, біздің елдің ұстанымы – әлемде бейбітшілік орнату, ұлтаралық, дінаралық араздықты болдырмау, терроризмге бірігіп қарсы тұру. Қазір осы мақсаттар аясында Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалық ете отырып, тындырымды жұмыстар атқаруда.

Өз кезегінде Қытай Комунистік партиясы, Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, партия Орталық Секретариатының хатшысы, Қытай Компартиясының насихаттау министрі Лю Юньшань Қазақстан Республикасының әлемдік аренадағы саяси беделінің өсіп келе жатқандығына кеңінен тоқталды. Қазақ елінің  экономикалық, гуманитарлық және демократиялық пен адам құқын қорғау жағынан басқа көршілес елдерге қарағанда көш ілгері кеткендігін тілге тиек етті.

– Қазақстан – біздің ежелден көршілес әріптесіміз бола отырып, дүниежүзі қауымдастығы алдында өзінің саяси беделі бар екендігін көрсетіп отыр. Оған айтар дәлелдер көп. Дүниежүзілік діндер съезін өткізу, ЕҚЫҰ-ға төрағалық жасау. Міне, осындай халықаралық абыройға қол жеткізу – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында, – деді Лю Юньшань. – Енді, міне, алдағы күз айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммитіне елуге жуық мемлекет қатыспақшы болып отыр. Қазақстанда болатын  бұл саммит Шығыс пен Батыс елдері арасындағы өзара түсіністік пен достық байланысқа да кең жол ашатындығына сенімдімін.

Лю Юньшаньның бұл сөзінің астарында біздің елімізге деген ыстық ықылас пен терең  түсіністік жатқандығын байқағандаймыз. Өйткені, партияаралық делегациялар алмасу, партиялық саяси сараптамалық талдау жүргізу, екі партия арасындағы жастардың ресми сапарларын ұйымдастыру сияқты ойлардың айтылуы – аспан елі билік партиясының біздің елмен байланысты көп векторлы тұрғыдан байланыс орнатуды қалайтындығын білдіреді. Кездесуде ағынан жарылып, ашыла сөйлеген Лю Юньшань: «Мен Қытай Компартиясының гуманитарлық саласына жетекшілік жасағандықтан партияаралық баспасөз басылымдарының тәжірибе алмасып, өзара ынтымақтаса жұмыс істеуін қалар едім. Біздің партия насихаттық жұмыс жүргізуде газеттер мен радио және телеарналарға айрықша маңыз береді. Сондықтан сіздердің партиялық бағыттағы баспасөзде қызмет істейтін журналистерді біздің елімізге тәжірибе алмасуға шақырамыз. Өйткені, қоғамдық пікір туғызудың басты тірегіне айналып отырған журналистер қауымы мемлекеттің саяси өмірінен қалыс қалмаулары керек».

Нұрлан Нығматулин Лю Юньшаньның бұл сөзін толық қолдайтындығын жеткізіп, Қытай Коммунистік партиясын Қазақстанда биыл болатын «Нұр Отан» партиясының кезекті съезіне қатысуға шақырды. Екі елдің ішкі саясатын талқылау кезінде Қазақстанның үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Астанада өтетін ЕҚЫҰ Саммиті және оның маңыздылығы туралы әңгіме қозғады.Сонымен қатар, Қазақстанның 2011 жылға жоспарланған Ислам Конференциясы ұйымына жетекшілік етуде назардан тыс қалмады.

«Біз үшін кәсіби партияаралық кадрларды дайындауда үлгі аларлық жұмыстарды көру  аса қажет. Сондықтан Қытай партиясының жұмыс тәжірибесінен тағылым алудың біз үшін артықшылығы жоқ. «Нұр Отанның» жоғары партия мектебі мен Қытайдағы қоғамдық ғылым акедемиясы өзара қарым-қатынас жасаса, оң нәтижеге қол жеткізетіндігіне күмән келтірмеймін. Ал, біздегі партиялық «Нұр –Медиа» холдингі қытайлық әріптестерімен тәжірибе алмасуға дайын», – деді Нұрлан Зайроллаұлы.

Өзара түсіністік әрі тату көршілік жағдайда өткен бұл кездесуде екі партия басшылары бір-бірлеріне ескерткіш сый-сияпат жасап, құрмет көрсетті.

Мағжан САДЫХАНҰЛЫ.

АЛТАЙ БАУЫРЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ФОРУМ
Бүгін Өскемен қаласында өңір тарихында тұңғыш рет қос елдің мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан – Ресей ынтымақтастығы жөніндегі жетінші аймақаралық форумы өз жұмысын бастайды.

Форум қарсаңында қалада әлеуметтік маңызы зор бірнеше жаңа нысан пайдалануға берілді. Ертістің сол жағалауында бой көтеріп жатқан су жаңа ғимараттардың қатарында Қазақстанның тұңғыш Президенті атындағы интеллектуалды мектеп (720 орындық), «Нұрорда» халықаралық мектебі (560 орындық), «Балапан» балабақшасы (280 орындық), жаңа теннис корты мен этнографиялық ауыл құрылысын ерекше атап өтуге болады. Ауқымды шараға бөлінген ауқымды қаражаттың   (4 миллиард) арқасында шаһардағы әлеуметтік маңызға ие барлық нысандар толықтай жаңартылды десе болады. Нысандар ғана емес, Өскеменнің өн бойы, көшесінен ауласына ұзатылатын қыздай өңі кіріп, өзгеріп, жайнап, жасанып қалды. Әуежайдың ұшып-қону алаңы мен ғимараттың іші-сырты толықтай жаңартылып, теміржол, автобекеттер маңы түгелдей абаттандырылып, қаладағы үлкен көшелер толықтай асфалтталды. Маңызды шара алдында облыс орталығындағы 100 үйдің фасады мен отыз шақты үйдің шатыры қалпына келтіріліп, қала көшелеріне жиырма мыңнан астам гүл алаңы мен 50 мың ағаш отырғызылып, 636 көшеге жарық орнатылыпты. Бұған 14 көше мен 60 ауланың күрделі жөндеуден өткенін қосыңыз.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрынғы аймақаралық форум өткен жылы 11-қыркүйекте Ресейдің Орынбор қаласында өтіп, жиында екі елдің энергетика жүйесін интеграциялау, отын энергетикасы, көлік, ғарыш саласында осы уақытқа дейін қабылданған нақтылы келісімдердің жүзеге асырылу барысы, өнеркәсіпке инновациялық жобаларды енгізу, еңбек өнімділігінің артуына жол ашатын жоғары технологиялармен жұмыс істейтін бірлескен кәсіпорындар ашу, қатар жатқан қос мемлекеттің экономикасын барынша жетілдіріп, барлық әлеуетін жете пайдалануға мүмкіндік беретін басқа да маңызды мәселелер кеңінен талқыланған-ды. Биылғы форумның да көтерер жүгі салмақты. Бұл форумда атом энергетикасы, өнеркәсіп саласы, ғылым мен инновация, азық-түлік қауіпсіздігі, көлік инфрақұрылымы секілді мәселелер жан-жақты сөз болып, келешекте өңір экономикасының дамуына серпін беретін бірнеше меморандумдарға қол қойылды.

Бүгінгі шараның негізгі жиындары облысымыздағы бетке ұстар жоғары оқу орны – Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде өткізіледі. Мәскеу, Томск, Дубна, Зеленоград, Новосибирск тағы да басқа қалалардың ғалымдары мен Оңтүстік Корея компанияларының өкілдері, әр саланың кәсіпкерлері, білім қызметкерлері шақырылып отырған бизнес-форум да аталған оқу орнының қабырғасында тұсауын кеспек.

2004 жылы осы оқу орнының ішінен алғаш құрылған «Алтай» аймақтық ғылыми-технологиялық паркі еліміздің экономикасын өркендетуге серпін берер инновациялық дамуымызды ЖОО қабырғасынан бастаған өзгеше инновациялық кластер үлгісі болып отыр.

(Форум жұмысы туралы толық ақпаратты газетіміздің келесі санынан оқисыздар).

ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ ЖАН
«Нұр Отан» партиясы салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударады. Жақында партияның орталық аппаратында республикамызға танымал футболшы, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Қазақстан Республикасы футбол федерациясының вице-президенті Сейділдә Байшақовқа құрмет көрсетілді.

Өнегелі өмірін спортқа арнаған Сейділдә Байшақов 60 жылдық мерейтойы қарсаңында өзіне лайық беделге ие болып, үлкен табыстарға қол жеткізген. Қызметін 1970 жылы «Энергетик» командасында бастаған ол бір жылдан кейін сол кездегі еліміздің жетекші командасы «Қайрат» сапының негізгі құрамасында ойын көрсетті. Танымал қорғаушы болып танылған шақта КСРО Чемпионатының үздік дебютанты болды. Мыңдаған қазақстандықтардың мақтанышы, КСРО Жоғары лигасында 225 матч өткізіп, көптеген гол соқты. Бүгінгі күні қазақстандық футболдың дамуы үшін де өлшеусіз еңбек сіңіріп келеді.

– Сіз тек елімізде ғана емес, бұрынғы Одақ көлемінде үздік дебютант атанып, қазақтың атын шығардыңыз. Сол үшін біз сізді қазақ футболының абыройы, қаһарманы, Қазақстанымыздың мерейі, мәртебесі деп білеміз және әрқашан құрметтейміз. Бүгінгі күні шәкірттеріңіз алдыңғы шептен көрініп, әлемдік аренада Тәуелсіз Қазақстанның көк байрағын көтеріп жүр. Бұл ең алдымен, партиямыздың төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлының қамқорлығының, қолдауының арқасы, екіншіден сіздердің ерен еңбектеріңіздің нәтижесі деуге болады, – деді «Нұр Отан» партиясының төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин.

Нұрлан Нығматулин мерейтой иесін партия атынан құттықтап, «Белсенді қызметі үшін» төс белгісін және естелік сыйлықтар табыс етті.

АЙБЫН
Конституция күні еліміздің айтулы мерекелерінің бірі. Былтырдан бері бұл күн бүгінгі ұрпақ санасына отансүйгіштік рух себетін, қазақ елінің қарулы күштерін, оның қуатын әйгілеп, айбынын асыратын салтанатты әскери шерумен аталып өтті.

Күні кеше Астанадағы «Қазақ елі» алаңында тұрғындар мен қала қонақтары, тіпті тікелей эфир арқылы, барша қазақстандықтар осы шерудің куәсі болды. Әскери шеру салтанатында Елбасы сөз сөйледі.

– Біздің Ата Заңымыз халқымызды қорғайтын басты құжатымыз болса, айбарлы армиямыз – жауға алдырмайтын қамалымыз, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. – Бүгінде оқтан қағар ақберен сауытымыз- яғни, ұлттық әскеріміз тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды қас қақпай күзетіп тұр. Ежелден ер деген даңқы шыққан батыр бабаларымыз бізге құладан ұса қанаты талатын ұланғайыр даланы аманат еткен. Осы аманатты көздің қарашығындай сақтау – бүгінгі батырлардың қастерлі борышы, ұлттық армияның ұлы міндеті. Сап түзеген сардарлар мен сарбаздар үшін бұдан асқан мұрат, бұдан асқан абырой болмайды.

Елбасы: «Ұлттық әскеріміздің даңқы арта берсін! Конституция күні құтты болсын! Тәуелсіз Қазақстан жасасын! Ура!» деген сөзінен кейін 2500-ден астам сарбаздардың «уралаған» дауыстары бір уыс болып біріккен қазақ елінің қасиетті қаһармандығын паш еткендей болды. Қазақстанның әскери айбынын айғақтаған әскери шеруде 15-тен астам ұрыс техникасы, 66 әскери ұшақ және тікұшақ қатысқан бұл шеру өзіне қас қылғанды қылыштай қиып түсетіндігін айғақтай түскендей. Шеруге «Жас ұлан» мектебінің тәрбиеленушілері, жаяу әскерлердің, әуе қорғаныс күштерінің, әскери теңіз күштерінің роталары, аэроұтқұр күштерінің сарбаздары, әскери полицияның, азаматтық қорғаныс саласының, ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік қызметтерінің әскери бөлімдері қатысты. Салтанатты сапқа кешегі Әлия мен Мәншүктің ізбасар сіңлілері де қатысып, шеруге айрықша сән берді.

Бүгінгі таңда заманауи қорғаныс саласында ең азулы әрі маңызды сала әуе күштері екендігі белгілі. Бұл бағытта Қазақстан мұздай қаруланған десе де болады. «Қазақ елі» алаңының үстінен ұшып өткен Ми–17, Ми – 24, Ми-26 тік ұшақтары мен Су – 25, Су – 27, ИЛ – 76, Миг– 27, Миг –31 ұшақтары және жердегі әуе қорғанысын қамтамасыз ететін ракеталық атқылағыштар С – 200 бен С – 300 зымырандарын көргенде ержүрек қазақ еліне ешкімнің тісі батпасына шүбәсіз сенесің.

АНА МАХАББАТЫ. САРА НАЗАРБАЕВАҒА «ҚҰРМЕТТІ АЛТЫН САҚИНА» СЫЙЛЫҒЫ ТАБЫС ЕТІЛДІ
Халықаралық SOS Kіnderdorf Іnternatіonal қоры өзінің жоғары дәрежелі «Құрметті алтын сақина» сыйлығын жыл сайын балаларға қамқорлық танытып жүрген аналарға ұсынып келеді. Биыл бұл сыйлықты тапсыру салтанаты Алматыда ұйымдастырылып, Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаева марапатталды.

Халықаралық қордың төрағасы Хельмут Кутиннің айтуынша, бұған дейін «Құрметті алтын сақина» тек тәрбиеші аналарға ғана тапсырылып келген еді. Ендігі кезекте жоғары дәрежелі сыйлық Сара Назарбаеваға Қазақстандағы балалар мен жанұялардың өмірін жақсарту үшін жасаған елеулі еңбегі мен Балалар қалашығының қалыптасуы және оның дамуына қосқан үлесі үшін берілді. Сондай-ақ, шара барысында Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстаннан «Құрметті алтын сақинаны» барлығы 15 тәрбиеші аналар иеленді.

Сара Алпысқызы өз кезегінде жетім балаларды отбасылық қамқорлыққа алған аналар әлемдегі ерекше миссияға қол жеткізгенін айтып өтті. Еліміздегі SOS Балалар ауылы – бұл ата-аналардың қамқорынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің ерекше үлгісі болып табылады. Мұнда балаларға үй, жанұя, жақын адамдарды және бақытты болашағына үміт сыйлайды. Қазақстанда SOS Балалар ауылы ең бірінші Алматы қаласында 1997 жылы ашылып, онда ата-ана қамқорынсыз қалған 80 бала тәрбиеленуде. Соңғы 15 жылда бұндай балалар ауылы Астана және Теміртау қалаларынан да бой көтеріп, мыңдаған жетім балаларды қамқорлығына алды.

Сара НАЗАРБАЕВА:

Балалар – біздің қоғамымыздың жеткіншектері. Әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда жетім балалар толыққанды отбасы балаларынан кем қамтамасыз етілмеген. Десек те, оларға ана махаббатының жетіспейтіні анық. Кез-келген адам жетім баланың болмағанын қалайды. Мен де осы арманға жететін күннің туатынына сенімдімін!

ДАМУ КЕПІЛІ
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы жанындағы Парламентаризм институтының ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекет пен қоғамның орнықты дамуының негізі» тақырыбына арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.

Ел дамуының басты құжатына айналған Ата Заңымыздың орындалу барысы мен нәтижесін саралауға жиналған атқарушы билік өкілдері заң шеңберінде дамып келе жатқан демократялық қоғамның басты жетістіктеріне тоқталды.

Елбасы басшылыққа алған Ата Заңымыздың заңдық күші өміршеңдігін дәлелдеп берді. 15 жылда ешқандай дағдарысқа жол берген жоқпыз. Алаштың ардақты азаматтарының арманы, ой-тілегі 80 жылдан кейін заңды құжатта көрініс тауып, іске асып келеді. Бұл қазақ арыстарының тереңнен зерделей алатын, болашақты болжай білетін, ойлау көкжиегі кең болғандығын көрсетеді. Бүгінгі таңда ел азаматтарының өмірі мен құқықтары басты құндылығы болып табылатын ата-заңымыздың іс жүзінде орындалу барысы Қазақстанның ел болып қалыптасу жолындағы басты сынақтардан сүрінбей өткендігін көрсетіп отыр, – деді «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының хатшысы Ерлан Қарин.