№ 35 (364) 


ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Жаңалықтар · 237 рет қаралған

big-01

Өткен сенбіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға қысқа мерзімді жұмыс сапарымен келген Италия Республикасы Үкіметінің төрағасы Сильвио Берлус­кониді қабылдап, келіссөз жүргізді. Келіссөз Астана қаласы халықаралық әуежайының VІP залында өтті. Амандық-саулық сұрасқаннан кейінгі сұхбаттасу ке­зінде Н. Назарбаев: «Сізді қабылдап отырғаныма қуа­ныштымын. Бүгін бізде ұлттық мейрам – Республика күні», деп атап өтті. Өз кезегінде кәрі құрлықтың белді елінің тізгінін ұстаған Сильвио Берлускони мырза Мемлекет басшысын «Республика күнімен» құттықтады.

Толығымен…

АҚШ елшісімен кездесті

168 сағат, Жаңалықтар · 277 рет қаралған

img_0330

Кеше «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев Америка Құрама Штаттарының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ричард Хоугландпен  кездесті.

  Кездесу барысында Дархан Кәлетаев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жетекшілік жасайтын «Нұр Отан» партиясының елдің даму стратегиясында алатын ор­ны айрықша екендігін айта ке­ліп, қоғам дамуының демократиялық үрдісінде және қазақстандықтардың игілік негізі ре­тінде бітіммен өзара түсіністікті сақтауға елеулі үлес қосып отырғандығын жеткізді.

 

 

 

 

 

 

Толығымен…

ТІРШІЛІК БЕРЕКЕСІ ӘЙЕЛ ҚОЛЫНДА

168 сағат · 339 рет қаралған

Толқын Садырова.

Алматыда «Нұр Отан» ХДП мен Президент жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан әйелдер көзімен» деп аталатын республикалық конференция болып өтті. Бұл басқосуда Елбасының «Әйелдердің белсенді атсалуынсыз мемлекеттің дамуы мен гүлденуі мүмкін емес» деп өзектендіріп отырған мәселесі қызу талқыланып, әйелдің қоғамдағы мәртебесі туралы айтылды.

Толығымен…

Жетекші банктерден мемлекетке енші тиеді

168 сағат · 243 рет қаралған

Ел Үкіметі еліміздегі төрт жетекші банктің бір бөлігін сатып алатын болды. Премьер Кәрім Мәсімов Үкіметтің кешегі отырысында жүйе құрушы төрт банкке – Альянс Банкке, БТА Банкке, Халық Банкке және Қазкоммерцбанкке олардың акционерлік капиталына қосымша қаражат құю жөнінде ұсыныспен шықты. Бұдан басқа Үкімет АТФ Банкі мен БанкЦентрКредиттің ірі шетелдік қожайындарымен осыған ұқсас бастамаларды талқылауды жоспарлап отыр. Бұл қадамға түсініктеме берген Кәрім Мәсімов өздерінің осыдан екі апта бұрын Елбасы ережеден тыс шараларды жүзеге асыру үшін берген «карт-бланшты» пайдаланып отырғандарын айтты.

Толығымен…

АНА МЕН БАЛА Өмірін қиғандарға кешірім болмасын!

168 сағат, Мәжіліс · 424 рет қаралған

Парламент Мәжілісінің кешегі жалпы отырысында «Нұр Отан» фракциясының бір топ депутаты арнайы Үндеумен ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жүгінді. Онда қалаулылар Елбасыдан жас сәбилерді қасақана өлтіруші қаскүнемдерге қарсы өлім жазасын қайта қалпына келтіруді сұрап отыр. Бұл қадамға оларды таяуда Астананың Шұбар шағын ауданында орын алған, естіген жанның төбе шашын тік тұрғызар қанды қырғын итермелеп отыр. Сонда Олег Евлоев атты қарақшы елордадағы белді компаниялардың бірінің басшысының әйелін және үш баласын тамақтарынан бауыздап кеткен. Бұл қылмыс көпті көрген, тәжірибелі құқық қорғау қызметкерлерінің өзіне жаға ұстатты.

 

Толығымен…

Бабалар кесенесі

168 сағат · 285 рет қаралған

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Қыркеңсе деген ауыл бар. Ол Сырдарияның солтүстік жағында, аудан орталығынан 15-20 шақырым жерде. Сол Қыркеңсе ауылынан 7 шақырым жерде қазақ халқының көрнекті тұлғаларының бірі Төлегетай баба мен Қылышты ата әулиеге арналған кесене кешені ашылды.

Толығымен…

АТҚАРЫЛҒАН ШАРУА ДА, АЛДАҒЫ МІНДЕТТЕР ДЕ ЖЕТКІЛІКТІ

НұрОтан · 236 рет қаралған

d0b0d188d0b8d0bcd0bed0b2

«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдарындағы есеп беру конференциялары ойдағыдай өтті

        Шымкенттегі Ж.Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрында «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының есеп беру  конференциясы өтті. Онда өткен тоғыз айда атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы партия филиалының төрағасы, облыс әкімі Нұрғали Әшімов баяндама жасады. Ол өз баяндамасында аймақтағы партия жұмыстарының барлық бағытын қамтып өтті.

Партияның филиалы облыстағы мақта шаруашылығын дамыту бағытында  кез­десіп келе жатқан қиындықтарды жеңуге , «Таза су» бағдарламасының орындалуына, Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша   облыста құрылыс жұмыстарының белгіленген уа­қытта, талапқа сай орындалуына бақылауды кү­шейтті. Тасқын су апатынан зардап шеккен аудандарды қайта жаңғырту  мәсе­лелеріне ерекше назар аударып келеді. Сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне партиялық бақылауды жолға қойды, бұл қадам облыс тұрғындары тарапынан лайықты бағалануда.

Толығымен…

ҮНДЕУ

НұрОтан · 326 рет қаралған

«Жаңа Қазақстан» әйелдер көзімен» конференциясына қатысушылардың Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевқа

ҮНДЕУІ

 

Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Біз – әйелдер, «Жаңа Қазақстан» әйелдер көзімен» конференциясына қатысушылар, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы, мемле­кеттік органдар мен ғылыми-педагогикалық және шығармашылық зиялы қауымның, бизнес-құрылымдары және әйелдер қоғамдық ұйымдарының өкілдері Сіздің ана мен баланы қорғау, отбасы мәр­тебесін көтеру, мемлекеттік шешімдерді қа­былдауда әйелдердің рөлін күшейту, ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға байланысты әйелдердің ұсыныстарын қолдаудағы теңдессіз үлесіңіз үшін шын жүректен алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз.

Толығымен…

Татулықты түсіністікпен бағындыруға болады

НұрОтан · 258 рет қаралған

Елмізде тіл мәселесіне түсініс­тікпен қарайтын адамдардың қатары көбейіп келе жатқаны қуантады. Өйткені басқа ұлт өкілдері де біртіндеп балаларының тілін қазақша сындырып, қазақ мектептеріне бере бастады. Осы игі үрдіс жалғасын таба беретіндігіне сенімдіміз. Себебі мемлекет құрушы ұлт ретінде қазақ халқына бүгінгі таңда зор тарихи жауапкершілік жүктеліп отыр.

Толығымен…

БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ ТІРЛІК БАР

Жаңалықтар · 436 рет қаралған

Өткен аптада Қазақстан халқы Ассамблеясының XІV сессиясы болып өтті. Онда Ассамблеяның Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев сессияға қатысушылар мен қонақ­тарды Қазақстан халқы Ассам­блеясы ХІV сессиясының ашылуы­мен құттықтап, сөз сөйледі.

Толығымен…

Келесі »