ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК көшбасшылары
Жаңалықтар · 247 рет қаралған
Қашанда «шығайбайлар» емес, «атымтай жомарттар» ізгілікті жұрттың ілтипатына ие болып, ықыласын тудырады. Бұл байырғы замандардан бізге жеткен шындық. Әлеумет алдындағы жауапкершілігін сезініп, ағайын-халықтың ауқатының артуына атсалысқан кәсіпкерлер үшін биыл елімізде тұңғыш рет «Парыз» байқауы жарияланған болатын. Сейсенбі күні осындай Жаратқан Ие берген дәулетін елмен бөлісіп жүретін қолы ашық, жақсылығы мол бизнесмен азаматтарды Президент Нұрсұлтан Назарбаев арнайы сыйлықпен марапаттады.
БІЗ ҚАНШАМЫЗ?
168 сағат · 281 рет қаралған
2009 жылы өтетін халық санағының әлеуметтік-экономикалық мәні зор. Халық санағының нәтижелері бойынша халықтың қалалық және ауылдық жерлердегі орналасуы, жынысы мен жасы, неке және отбасы жағдайы, ұлттық құрамы, тілдерді меңгеру дәрежесі, білім деңгейі, оқумен қамтылуы, үй шаруашылығының саны мен көлемі, күнкөріс табысының көзі, еңбекпен айналысуы, тұрғын үй жағдайы сияқты көптеген мәліметтерді білуге болады.
«БУРАБАЙ» БАУРАЙЫНДАҒЫ БАСҚОСУ
Жаңалықтар · 278 рет қаралған
Өткен аптада «Қазақтың інжу-маржаны» – «Бурабай» курорттық аймағы үш күн бойына нағыз еуразиялық геосаяси орталыққа айналды: жұма мен жексенбі аралығында Елбасының осындағы «Қарасу» резиденциясында Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан президенттерінің бейресми саммиті өтті. Ұжымдық Қауіпсіздік жөніндегі Шарт ұйымына кіретін елдердің қауіпсіздігі жүйесін күшейтіп, ондағы бейбіт өмірдің бұзылуына жол бермеу, жањанды жаналқымнан алып тұрған дағдарысқа бірлесе тойтарыс беру, аймақтық кірігуді (интеграцияны) қарқындату – осы және өзге де мәселелер айналасында мүдделері ортақ, шегаралары бір бес ел басшысы үш күн бойы бас қосып, ақылдасты.
ЕҚЫҰ-ҒА ТӨРАҒАЛЫҚ: ЕЛГЕ ЕСЕ, МЕМЛЕКЕТКЕ МЕРЕЙ
168 сағат · 235 рет қаралған
Жаңа 2009 жылы Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына жетекшілік ететін «Үштік» құрамында өз жұмысын бастайды. Осыған орай еліміздің сыртқы саясат ведомствосы «Үштікте» және ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде еліміздің атқаратын іс-шараларының жоспарын әзірлеген. Бұл жөнінде Үкіметтің отырысында Сыртқы істер министрі М.Тәжин мәлім етті.
Жалтаруға жол жоқ!
168 сағат · 245 рет қаралған
Астанада салықтық әкімшілендіру мәселесіне байланысты өткен дөңгелек үстелде Дүниежүзілік банк сарапшысы Мунавер Хваджа еліміздегі жұмыс күшінің 40 пайызы көлеңкелі бизнестің еншісінде екенін тілге тиек етті. Ал ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Д. Ерғожин салық төлеуден жалтарған кәсіпкерліктің үлесі 10 пайыз шамасында болғанын алға тартты. Көлеңкелі бизнеске қарсы күресте жалған кәсіпкерлік пен салық органдарындағы жемқорлықты жою басты мәселеге айналып отырғаны белгілі.
«ИГІЛІККЕ БАСТАЙТЫН ІЗГІ ҚАДАМДЫ ҚОЛДАУҒА ДАЙЫНБЫЗ!»
Жаңалықтар · 234 рет қаралған
Владимир КИМ,
«Қазақмыс» корпорациясының президенті:![]()
Елімізде биыл тұңғыш рет жарияланған «Парыз» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін сезініп, әлеуметтің әлеуетінің артуына атсалысқан кәсіпкерлер мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан «Парыз» арнайы сыйлығын алды. «Парыз» байқауы үш аталым: шағын, орта және ірі кәсіпкерлік салалары бойынша таразыланды. Ал, байқаудың Бас жүлдесін «Қазақмыс» корпорациясы жеңіп алды. 60 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтып, әлеуметтік саладағы 150-ден астам нысанды қаржыландырған компания, бұл салаға биылдың өзінде 92 млн. доллар инвестициялаған. Осы орайда «Қазақмыс» корпорациясының президенті Виктор Киммен жедел сұхбаттасудың сәті түскен еді.
ҚАЛАМ ҚУАТЫ
168 сағат · 3,051 рет қаралған
«Нұр Отан» партиясы республикамыз бойынша жемқорлыққа қарсы жүргізіп жатқан күресті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы көрсету негізінде теледидар, газет, радио журналистері арасында шығармашылық ашық байқау жариялаған болатын.Кеше партия Орталық аппаратының кеңсесінде «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаев байқауда жеңімпаз атанған бір топ журналистерге арнайы жүлдені салтанатты жағдайда табыс етті.
АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ КЕПІЛІ
168 сағат · 335 рет қаралған
Таңатар ТАБЫНҰЛЫ
Үкімет ғаламдық дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Бұл жерде кез-келген қарапайым адам екі нәрсеге назар аударғаны абзал. Біріншіден, билік дағдарыстан бұғып отырған жоқ. Оның орнына экономиканы басқаруды қолына алып, оның зардаптарымен күресуге кірісті. Екіншіден, Үкіметтің іс-қимыл жоспары – бұрынғы кеткен қателіктерді түзету емес.
«АБЫРОЙ» қоғамдық кеңесі
НұрОтан · 285 рет қаралған
Өткен дүйсенбі күні партияның Орталық аппаратында «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Дархан Кәлетаевтың төрағалық етуімен «Абырой» қоғамдық –консультативтік кеңесінің бірінші отырысы болып өтті. Онда Кеңестің негізгі стратегиялық міндеттері мен жұмыс жоспары қаралып, оның басшылық құрамының тұсаукесер рәсімі өтті.
ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР жемқорлыққа қарсы
НұрОтан · 290 рет қаралған
Өткен сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен «МЕҰ жемқорлыққа қарсы» атты дөңгелек үстел болып өтті. Елбасы тапсырмасы негізінде маңызды мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына халықтық бақылауды күшейтіп, жемқорлықтың алдын алу басты міндеттердің бірі болып табылады.

