№ 35 (364) 


ҚАЗАҚСТАН – ТҮРКИЯ: ТҮГЕЛ ТҮРКІНІҢ ТҮПҚАЗЫҒЫ

Жаңалықтар · 757 рет қаралған

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ресми сапармен барды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркияға ресми сапар жасады. Сапар барысында, Түркия Президенті Абдулла Гүлмен, Премьер-Министр Режеп Тайып Ердоғанмен және Парламент төрағасы Мехмет Әли Шахинмен кездесіп екі елдің арасындағы ғылыми-техника, туризм, білім беру, экология мәселесіне қатысты құжаттарға қол қойды. Елбасы бұл сапарында қос елдің арасындағы сыйластық пен сенімділіктің, тұрақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстың жандана түсуіне айрықша мән берді.

Толығымен…

«ҚАЗАҚ ЕЛІ»: ТӨРТ ҚҰБЫЛА ТҮГЕНДЕЛДІ

Жаңалықтар · 720 рет қаралған

Тарихи – мемориалдық «Қазақ елі» кешені – мемлекетіміздің ұлттық мақтанышына айналған бірегей архитектуралық ғимарат, Тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен бүгінгі өмірінің лайықты бейнесі. Ол – жаңа мазмұнмен байытылып, өткеннің өнегесімен, бүгінгінің парасатымен кемелдене түсетін ұлт болашағының жарқын символы. «Қазақ елі» монументінің ашылу рәсіміне республика аумағынан жетпіс мыңнан астам адамның қатысуы – аталмыш ескерткіштің тарихи маңызын арттыра түседі.
Расында да бұл монументалды өнерді өмірге әкелген шеберлер мен ғалымдардың алдына қойған міндет өте күрделі болатын. Еуразия құрлығының қақ ортасында ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ даланы мекендейтін қазақ елінің азаттыққа деген сан ғасырлық талпынысын пластикалық формалар мен бейнелер тілімен жеткізу оңай емес еді. Жалпы, «Қазақ елінің» сәулет-мүсінінің идеялық мазмұны, формалар үйлесімі бүгінгі қазақстандық қоғамның рухани ұмтылыстарымен өте сәйкес келеді.
Тарихи-мемориалдық «Қазақ елі» кешенінің жалпы аумағы 5,2 гектар да, монумент орналасқан орталық тұғырнамасы 1 гектар жерді алып жатыр. Ақ мәрмәрдан құйылған монументтің биіктігі – 91 метр, бұл – Қазақстан тәуелсіздігін алған 1991 жылдың белгісі. Монументтің түсі – ақ. Бұл ақ мәрмәр тас эллинизм дәуірінде ашылған «Эфесус» кен орынынан арнайы жеткізілген. Ақ түс қазақстандықтардың достыққа адал, бауырмалақ ниетін паш етсе керек.

Толығымен…

КӨРІМДІК:

168 сағат · 355 рет қаралған

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ,
Сенат төрағасы:
– «Қазақ елі» монументі – еліміздің сан ғасырлық тарихына, ұлтымыздың ұлы перзенттеріне, олардың асыл мұратына және ата-жұртымызға арналған мәңгілік ескерткіш. «Қазақ елі» ұлттар байланысын және уақыт үндестігін білдіреді. Бұл – ата-бабамыздың рухына тағзым етіп, жас ұрпақты ізгілікке, отансүйгіштікке, бастайтын киелі орын.

Әбіш КЕКІЛБАЕВ, сенатор:
– Бұл – Ел жолында жүк қалдырмас Ерлікке ескерткіш. Бұл – абзал армандар мен асыл мұраттарға қанат бітіре алатын дарқан Елдікке ескерткіш. Бабалар аманатын орындаған, ардақты ұлын аялаған халықтық Махаббаттың ескерткіші. Жасампаз халық, жаңашыл қауым екендігімізге ел жолындағы еңбекті әділ әспеттей білгендігімізбен сендіреміз.

Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ,
Астана қаласының әкімі:
– «Қазақ елі» монументі ұлтымыздың рухани қуатын, ұлтқа ұстаз болып отырған Елбасының азаматтық еркі мен қайратын, ақылын, парасат, пайымын және елдің қамын жеген мемлекетшіл қасиетін паш етеді. Бұл ескерткіш – ата-бабамыз армандап кеткен азаттықтың айбынды көрінісі.

Бекболат ТІЛЕУХАН, Мәжіліс депутаты:
– Біз бүгін берекеліміз, біз бүгін мерекеліміз, ағайын. Тәңірге тәубе, дарқан пейілімізге, кең көңілімізге Алланың бергені болар, бәлки. Тілің аман, ділің аман, бауырың бүтін, рухың бұла, мекенің берекелі болғай. Қазақ елі жасай бер.

Тіл – ынтымақ факторы

168 сағат · 423 рет қаралған

Ақордада Қазақстан халқы ассамблеясының ХV сессиясының қарсаңында Мемлекеттік хатшы, Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалық етуімен тіл саясатының мәселесі талқыланды. Оған орталық жергілікті атқарушы билік жетекшілері мен Қазақстан халқы ассамблеясының өкілдері қатысты. Бұл кеңесте еліміздің алға қарай дамуына ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің түпқазық болғаны атап өтілді.

Толығымен…

ҚАЙ ПАРТИЯҒА ҚАНША АҚША?

168 сағат · 319 рет қаралған

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі сайлауында бағы жанып, заң шығарушы органға өткен саяси партиялар мемлекет тарапынан қаржыландырылатынын мәлім етті.

Толығымен…

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖАЙЫНДА СЫР ШЕРТЕТІН КЕШЕН

168 сағат · 448 рет қаралған

Сенбі күні «Бурабай» Мемлекеттік-ұлттық саябағында «Нұр Отан» партиясы өкілдері мен Президенттің іс басқарушы мекемесінің қызметкерлері бірлесіп, Абылай хан атындағы экспозициялық кешеннің тұсауын кетті.

Толығымен…

БІЗ қаншалықты толеранттымыз?

Жаңа Қазақстан · 381 рет қаралған

Осындай сауалға жауап іздеген жергілікті социологтар жақында «Ақтөбе облысындағы ұлтаралық қатынастар ахуалы» тақырыбында өңір тұрғындары арасында социологиялық зерттеу жүргізді.

Толығымен…

…БІТТІ! БІРАҚ, «БЕНЗИН ДАҒДАРЫСЫНА» «КІМ КІНӘЛІ?» ДЕГЕН САУАЛДЫҢ БАСЫ АШЫҚ ҚАЛДЫ

Жаңа Қазақстан · 345 рет қаралған

Бұқараның бәріне ортақ мәселеге айналған «Бензин дағдарысы» кешелі-бүгінді шым-шымдап шешіле бастағандай. Өйткені, үлкен қалалардағы жанар-жағармай құю бекеттеріндегі ұзын-сонар кезек азайып, тұтынудағы жермайдың бағасы тұрақтанып келеді. Яғни, көлік иелерінің кеңірдегіне тірелген «талондық» жүйенің демі үзілді. Негізі, маусымдық науқандардың тұсында еліміздегі жанармай бағасының аспандап шыға келуі – біз үшін қалыпты құбылысқа айналғалы қашан. Әрі бұл тақырып отандық БАҚ үшін таптырмас, бірақ таптаурын мәселе екені баяғыдан белгілі. Бірақ, бензин бағасының бұл жолғы арзандауымен сол тақырыбымыз да жылы жабылмайтын сияқты…

Толығымен…

БАС ТАҚЫРЫП:

Жаңа Қазақстан · 359 рет қаралған

Республика… Бүгінде сайланбалы органдар арқылы мемлекетті басқарудың тура баламасына айналған латынның «res publіca», яки, «ортақ іс» сөзі әлемнің 140-тан астам елін әйгілеп тұр. Ресми классификацияға салсақ, Қазақстан Республикасы да президенттік-парламенттік типтегі унитарлы республика болып табылады. Бізді де бір президент басқарады, парламент заң шығарады, биліктің ұшар басындағылардың сайлану мерзімдері белгіленген, тағысын тағы, – тізбелесек, республика атану үшін тиісті критерийлердің бәріне сай келеміз, сірә. Бірақ, биылдан бастап Республика күні тойланбайды… Тойланбады да, кеше. Тәуелсіздік алғанымыздан бері алғаш рет 25-ші қазан ресми-мерекелік антуражынан айырылды. Бұл күн, енді 1990 жылы, әлі Қазақ КСР-ы болып тұрған кезде Жоғарғы Кеңестің «Ел егемендігі туралы» Декларацияға қол қойған күні болып қана тарихта қалады. Сіз мұнымен келісесіз бе? Сонда бұған дейін: «Ой-хой, келдің бе мерекем», – деп, дифарамба айтудан дауысымыз қарлыққан уақыт қайда қалды?

Толығымен…

Тарихи-мемориалдық кешен

Бүгінгі нөмірде · 380 рет қаралған

Тарихи-мемориалдық кешеннің жалпы аумағы – 5,2 гектар

Монументтің орталық тұғырнамасының аумағы – 1 гектар

Толығымен…

Келесі »