ҚAЗAҚ ЖЫЛЫ
Бүгінгі нөмірде · 705 рет қаралған
2009 жыл Қазақстан үшін қолайлы болды. Бейнелі түрде айтсақ, Сиыр жылы нағыз Қазақ жылы ретінде есте қалары сөзсіз. Оның дәлелі ретінде біз мемлекетке абырой әперетін бес бірдей атаулы оқиғаларды, қол жеткен тарихи жеңісті атап көрсетіп отырмыз.
Елордада еңселі кешендер есік ашты
Жаңалықтар · 631 рет қаралған
Жаңа жыл қарсаңында елордада халыққа мінсіз қызмет көрсететін жаңа ғимараттар пайдалануға берілді. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңа ашылған нысандардың бірнешеуін аралап көрді.
ЕЛБАСЫ «ЕГЕМЕНДІ» ҚҰТТЫҚТАДЫ
168 сағат · 644 рет қаралған
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 90 жылдық мерейтойын тойлаған «Егемен Қазақстан» газетінің жаңа ғимаратына барып, ұжымның қуанышына ортақтасты.
ҚАЗАҚТЫҢ МІНЕЗІ ОНЫ ҰҒУ ҮШІН ҚАЗАҚ БОЛЫП ӨСУ КЕРЕК
168 сағат · 628 рет қаралған
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Егемен Қазақстан» газетінің жаңа ғимаратында «Арна Медиа» холдингіна қарасты бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен кездесіп, олардың қойған сұрақтарына жауап берді. Басқосуда Елбасы жылды қорытындылап, тіл саясатының жүзеге асырылуын, еліміздің ЕҚЫҰ мен ИКҰ-ға төраға кезінде атқаратын міндеттерін егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.
АХМЕТОВТЫ АЛДА не күтіп тұр?
168 сағат · 609 рет қаралған
Қарағанды облысының жаңа әкімі Серік Ахметов жұрт күткендей алғашқы сапарын өзі туып-өскен Теміртаудан емес, Ұлытаудан бастады.
БҮЛДІРШІНДЕР ПРЕЗИДЕНТТІК ШЫРШАҒА ҚАТЫСТЫ
168 сағат · 588 рет қаралған
Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар үйлері мен интернаттардың тәрбиеленушілеріне арналған Жаңажылдық Президент шыршасы мерекесі өтті.
ШАҒЫН КӘСІП, ШАШЕТЕКТЕН НӘСІП!
Жаңа Қазақстан · 630 рет қаралған
Әлемдік қаржы дағдарысының қыспағына қарамастан ел үкіметі экономиканы тұрақтандыруға үлкен күш салып отыр. Осы мақсатқа орай, биылғы жылы шағын және орта кәсіпкерлік саласын қолдау мақсатында Ұлттық Қордан 120 млрд. теңге бөлінгені белгілі.
ЖЫЛУ ЖЫРЫ ЖЫЛДА ҚАЙТАЛАНА БЕРЕ МЕ?
Жаңа Қазақстан · 577 рет қаралған
Жаңа жыл қарсаңында Қостанай облысының билік өкілдері жергілікті тұрғындарды бір қуантып тастады. Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында мәлім болғандай, Тобыл өңірін табиғи көгілдір отынмен қамтамасыз етуге жұмсалатын қаржы 700 млн. теңгеге көбейтілді. Үлкен қоржыннан қосымша шығарылған қаражат жылу, ыстық суға жұмсалатын шығынның жартысын жабуға жұмсалатын болып ұйғарылыпты.
БАРЫС ЖЫЛЫ ТАБЫС ПЕН НАМЫС ЖЫЛЫ БОЛАДЫ
Жаңа Қазақстан · 847 рет қаралған
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік сарайында өткен Астана әкімдігінің Жаңажылдық кешіне қатысып, барша елордалықтарды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
«НҰР-МЕДИА» ХОЛДИНГІНЕ ЖАҢА БАСШЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Жаңа Қазақстан · 597 рет қаралған
«Нұр-Медиа» медиахолдингінің бас директоры қызметіне Қайсар Жанаханов тағайындалды. Жаңа басшыны «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Астанадағы партияның орталық кеңсесінде таныстырды.




