№ 35 (364) 


ЖОЛДАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖЕТЕКШІ ПАРТИЯҒА ЖҮКТЕЛЕДІ

168 сағат, Бүгінгі нөмірде · 315 рет қаралған

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Саяси кеңесі Бюросының отырысына қатысып, партия мүшелерімен Жолдауды жан-жақты талқылады. Жиын соңында «Нұр Отан» партиясына маңызды міндеттер жүктелді.

Толығымен…

ОН ЖЫЛДЫҚ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОЛЖАСЫ НЕДЕ?

168 сағат · 272 рет қаралған

Сағындық САТЫБАЛДИН, экономика ғылымдарының докторы,

халықаралық Еуразия экономикалық академиясының президенті:

– Елбасымыздың «Еуропаға жол» атты еңбегін егжей-тегжейлі оқығанда өз басым баратын жеріміз еуропалық өмір сүру деңгейі екенін түсінген болатынмын. Бірақ, осыншама «ұзақ жолды» қанша уақытта жүріп өтер екенбіз деген сұрақ көкейден кетпеуші еді. Себебі тұрмысты әрқашан да ақша билейді. Ал, еуропалықтардың орташа жылдық кірісі жан басына шаққанда 20 мың доллардан асады. Бізде бұл көрсеткіш 7,5–8 мың доллар деңгейіне жаңа жетті. Дәлін айтар болсақ, батыс еуропалықтардың орташа жылдық ішкі жалпы өнімі жан басына шаққанда 30 мың доллардан асады. Ал, ЕуроОдаққа Шығыс Еуропа және Балтық жағалауы елдері қосылғаннан кейін бұл көрсеткіштің орташа мөлшері төмендеді. ЕуроОдаққа жаңадан енген мүше мемлекеттердің ең озығы Венгрия мен Чехия десек, бұлардағы ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда – 13 мың доллар деңгейінде.
Енді, Президент өз Жолдауында мысалға келтірген сандарды «сөйлетіп» көрейік. Мәселең, Елбасымыз 2020 жылы Ұлттық Қорларымыздағы алтын валюталық қазына 90 млрд. доллардың көлемінде болуы керектігін айтты. Және соны мәлімдей тұрып, бұл сол кезде өндіретін ішкі жалпы өнімнің 30 пайыздай деңгейі деді. Ендеше, біздер осы екі санды бір-біріне көбейте отырып, Қазақстанның жылдық ішкі жалпы өнімі 2020 жылы 270 млрд. доллар болуы межеленген дей аламыз. Сол кезде шамамен 20 млрд. болып қалуы ықтимал ел халқының жан басына шаққанда жылдық орташа жалпы өнім 13 мың доллар көлеміне жетеді екен. Мінеки, 2020 жылы қазақстандықтар ат басын Еуропаға тірейді дегенімде осы есептер нәтижесіне сүйендім. Ерекше бір атап өтетін жағдай, жалақы мен шәкіртақының 25 пайыздық өсімі биылғы жылдың сәуір айынан басталатындығы. Бұл халықтың сатып алу қабілетін көтеретін тұс. Демек, Қазақстан сапалық даму бағдарламасын толық және уақытында жүзеге асыра алады деп сенуге болады.

Еділ ЕРҒОЖИН, химия ғылымдарыны докторы,

Ә.Бектұров атындағы
қазақ химия ғылымдары
институты АҚ президенті:

– Президент Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирдегі телеарналар хабарларынан көріп, тыңдадық. Сондағы түйгеніміз – биылдан бастап, Еліміздің 10 жылдық индустриялдық даму бағдарламасы бойынша жұмыс істеуге көшетіндігі. Өз сөзінде Елбасы жаңа істі бастайтын кезеңге қызмет ететін ғылым туралы жаңа заң қажеттігін және оны мейлінше жедел жасап, Парламенттің бекітуіне ұсынуды қамтамасыз етуін атқарушы билікке қатаң тапсырды. Өйткені, Қазақстанның бұған дейінгі дамуы экстенсивті шикізат өндірісіне негізделсе, 2010 жылдан бастап, тек қана интенсивті өндіріс құру қолға алынатын болады. Бұл дегеніңіз – ел түбегейлі индустрияландыру бағдарламасымен жұмыс істейді деген сөз. Бұл дегеніңіз – ел экономикасының бұдан былайғы дамуы – тек қана ғылымға арқа сүйейді деген сөз. Өз Жолдауында Елбасымыз осыған қатысты Астанада ғылым мен өндірісті тұтастықта жұмыс істеуге қалыптастыратын жаңа тұрпаттағы халықаралық университет ашылатынын мәлімдеді. Ол университетте үш ғылыми орталық жұмыс істейтінін де айтты. Оның біріншісі адам өмірін, денсаулығын жақсартуға қатысты болса, екіншісінде экономиканың барлық саласына қатысты ғылыми зерттеулер жүргізіп, оны өндіріске енгізуші орталық жұмыс істейтін болады. Біздің ғалымдар осы уақытқа дейін: «Ғылым мен өндіріс ажырап кетті, ғалымдарымыздың ашқан жаңалықтары отандық конвейерлік өндірістен шықпай жатыр, ал, бірқатары шетелдерде шығып жатыр», – деп дабыл қағып келдік. Мінеки, айтыс-тартысы көп болған осынау түйінді мәселеге Елбасымыз осы Жолдауында өзі нүкте қойды. Енді индустриялды-инновациялық 10 жылдық мерзімге арналған бағдарламаны жүзеге асыру үшін елімізде әрбір ғылым саласы бойынша маманданған аймақтық орталықтар өмірге келетін болады. Мәселен, батыста мұнайгаз химиясы, орталық, оңтүстік және шығыс аймақтарда атом энергиясы, металлургия, тыңайтқыш химиясы ғылыми зерттеу орталықтары ғылымды және соған сүйене отырып, экономиканы дамытушы қозғаушы күш болуы қажеттігін Президент осы жолы қадап айтты.
Елбасымыздың жылдағы Жолдауларын «әлеуметтік» мәнге ие болды деп жүрдік қой. Міне, дәл осындай теңеу қажет десек, онда өз басым Нұрсұлтан Әбішұлының биылғы Жолдауы ғылымды дамытуға, сол арқылы елдің индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асырып, қазақстандықтардың жағдайын жоғары сапалық деңгейге көтеру жоспары болып шықты дер едім.

Төрекелді
ШАРМАНОВ,
медицина ғылымдарының докторы,
Қазақ тағамтану академиясының президенті:

– Маған ерекше әсер еткені әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау бағдарламаларын толыққанды жүзеге асырудың нәтижесінде Қазақстан халқының орташа жас ұзақтығы 2020 жылға қарай 72 жас болады дегені. Сондай-ақ, сол бағдарламаларды жүзеге асырудың нәтижесінде ана мен баланың өлім-жітімі 2 есеге қысқарады, – деді Елбасымыз.
Осыған дейінгі Президент Жолдауларын түгелдей дерлік «әлеуметтік бағдарлама» болып шықты, – деп келдік қой. Иә, олай деуіміздің де, өз жөні бар еді. Мәселен, әр жолдау сайын ел экономикасының өсуіне байланысты мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға ерекше көңіл бөліп жүрді. Атап айтар болсақ, жалақы, зейнетақы, шәкіртақы, жәрдемақы дейтін мемлекеттік міндетті төлемдер ұдайы өсу үстінде болды. Былтырдың өзінде бүкіләлемдік қаржы дағдарысына байланысты дүниежүзі мемлекеттері қысқартулар мен шектеулерді жүзеге асырып жатқанда, біздің Елбасымыз керісінше қазақстандықтардың орташа кірісін 25 пайызға өсіргені есімізде. Бірақ, осындай небір игі істерді жүзеге асырып жүрсе де, Президентіміз ешқашанда атқарушы билікке халықтың орташа жасын 72 жасқа жеткізу, ана мен баланың өлім-жітімін екі есеге қысқарту керек деген нақты тапсырма берген жоқ. Демек, бұл жолы мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласына өзі жасаған қамқорлықтан нақты нәтиже болатынына сенімді сөйледі. Турасын айтқанда бұл Президентіміздің «Қазақ жасасын!», деген сөзі ғой. Әрине, мұндай нақты тұжырымды тек қана өзіне, атқарушы биліктің, мемлекеттік қазынаның мүмкіндігіне сенген көшбасшы ғана айта алады. Олай болса, біз сенімді көшбасшының ізгі-мұраты қуантқан сондай-ақ, мол мұраттардың жүзеге асуына бір кісідей жұмылуға тиісті ұлт болып тұрмыз. Алла алдымыздан жарылқасын!

ҚАЗАҚ МИССИЯСЫ

168 сағат · 243 рет қаралған

ЕҚЫҰ ТӨРАҒАЛЫҒЫ – СЫРТҚЫ САЯСАТТАҒЫ ЗОР ТАБЫС

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппаратында «ЕҚЫҰ қызметтерін дамытудағы Қазақстанның рөлі» атты тақырыппен «дөңгелек үстел» өтті. Дөңгелек үстел басындағы пікірталасты «Нұр Отан» партиясы жанындағы Парламентаризм институтының директоры Болат Байқадамов жүргізді.

Толығымен…

БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ АСПАНЫ

168 сағат · 258 рет қаралған

Белгілі кинорежиссер Рүстем Әбдірашев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы жайында кино түсіруге кірісті. Фильм «Балалық шағымның аспаны» деп аталады.
Туынды сценарийі «Балкон» фильмімен жұртшылыққа танылған Шахимарден Құсайыновқа тиесілі. Ал Елбасының бала кезіндегі бейнесін сомдау бақыты оңтүстікқазақстандық бүлдіршін Нұрдәулет Леске бұйырды. Бес жасар актер бұған дейін «Кешіккен махаббат» фильміне түсіп, атақты француз актері Жерар Депардьенің ұлының бейнесін экрандаған болатын. Енді тұңғыш Президенттің бала кезін сомдау үшін кішкентай актер ат құлағында ойнай білуі шарт. Үш жасынан каратэмен айналысып, ән айтатын Нұрдәулет арнайы театрлық шеберлік сабақтарына қатысыпты.
Лирикалық драма жанрында түсірілетін көркем фильм Нұрсұлтан Назарбаевтың 70 жылдық мерейтойы қарсаңында көрсетілмек.
Замира БАЗАРБАЙҚЫЗЫ.

«Нұр Сұңқар»

Мен – Нұротаннанмын! · 250 рет қаралған

ЖУРНАЛИСТЕРДІҢ ИНТЕЛЕКТУАЛДЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІНЕ ЖОЛ АШАДЫ

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин «Астана» телеарнасының ұжымымен кездесіп, арна жұмысымен кеңінен танысты.

Толығымен…

КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ

Мен – Нұротаннанмын! · 249 рет қаралған

ТАМЫР-ТАНЫСТЫҚПЕН ТӘУІР ҚЫЗМЕТТІҢ «ҚҰЛАҒЫН» ҰСТАҒАН ТӘЖІРИБЕСІЗ ЖАСТАРДЫҢ КӨБЕЮУІНЕ ТОСҚАУЫЛ БОЛА МА?

«Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі және республика Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару акедемиясы өкілдерінің қатысуымен «Кадрлық резерв» бағдарламасының тұжырымдамасын дайындау жөніндегі жұмыс комиссиясының кезекті отырысы болып өтті. Аталмыш бас қосуға «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин төрағалық жасады.

Толығымен…

БАСТАУЫШ ҰЙЫМ – ПАРТИЯНЫҢ ІРГЕТАСЫ

Мен – Нұротаннанмын! · 233 рет қаралған

Нәжмәдин МҰСАБАЕВ, Арал ауданының әкімі, «Нұр Отан» ХДП аудандық партия филиалының төрағасы.

Бүгінде бастауыш партия ұйымдарының жұмысын жетілдіру бағытында орасан істер атқарылып келеді. Бұл бағдар бойынша Арал аудандық партия филиалының тиімді жұмыс істеуі үшін әлеуметтік жағдай дұрыс болуы керек. Толығымен…

ИННОВАЦИЯ, ТЕК ҚАНА ИННОВАЦИЯ!

Экономика · 306 рет қаралған

АЛДАҒЫ ОН ЖЫЛДЫҚТЫҢ БАСТЫ ТАЛАБЫ – ОСЫ!

Қаңтардың 21 мен 23 аралығында Мәскеуде «Ресей және әлем: жаңа мыңжылдықтағы жаңа талаптар» атты халықаралық конференция өтті.

Толығымен…

КЕДЕНДІК ОДАҚТА есе жіберіп алмайық!

Экономика · 296 рет қаралған

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемде интеграциялық байланыстар кеңірек етек ала бастады. Кейінірек ЕуроОдақ елдерінің осындай негізінде Кедендік одақ құрғаны белгілі.

Толығымен…

Инвестицияның жерұйығы

Экономика · 304 рет қаралған

Ресми мәліметтерге қарағанда, өткен жылы ел экономикасына құйылған шетелдік инвестицияның жалпы сомасы 25 млрд. доллардан асқан. Әлемдік дағдарыс тұсында сырттан мұндай көлемде қаржы тарту – үлкен жетістік.

Толығымен…

Келесі »