ЖОЛДАУҒА – ҚОЛДАУ
Жаңалықтар · 428 рет қаралған
НАСИХАТ ЖҰМЫСТАРЫ ӨНДІРІСТІ ӨҢІРДЕН БАСТАУ АЛДЫ
4 АҚПАН. ПАВЛОДАР
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы ел аумағында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын кең ауқымда насихаттау, түсіндіру жұмыстарын Павлодар облысынан бастады. Елбасы Жолдауына өздерінің ықыластарын білдіру үшін қала төрінде орналасқан «Астана» спорттық-сауықтыру кешеніне 3 мыңнан астам адам жиналды.
Бастауыш ұйымдар – бұқараға етене жақындау баспалдағы
Жаңалықтар · 200 рет қаралған
Шәбден ТІЛЕУМҰРАТ,
«Нұр Отан» ХДП Жамбыл облыстық
филиалы төрағасының орынбасары.
«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы саяси-экономикалық және қоғамдық мәселелерден бөлек ішкі партиялық жұмыстарға да баса назар аударып келеді. Партияның Жамбыл облыстық филиалы да қалалық, аудандық филиалдарындағы бастауыш партия ұйымдарының елді мекендерге ықпалын күшейту үшін, оны қайта ұйымдастыру үрдісін жалғастыруда.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: ТАЛАНТТЫ ТУЫНДЫНЫҢ БАБЫ ТЕҢГЕДЕ ЕМЕС, ҰЛЫ МАҚСАТТА!
168 сағат · 127 рет қаралған
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің рухани-мәдени орталығы Алматы қаласына ат басын бұрып, әдебиет және өнер тарландарына 2009 жылғы Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды өз қолымен табыс етті.
Ақ үй Ақордаға ағынан жарылды
168 сағат · 206 рет қаралған
ЕҚЫҰ төрағасы, Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барып, АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен келіссөз өткізді.
WІLLKOMMEN DEUTSCҺLAND
168 сағат · 223 рет қаралған
Астанада Германияның Қазақстандағы жылы салтанатты жағдайда ашылды. Елордадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында немістің камералық филармониясы өз өнерін көрсетіп, қазақ жерінде неміс халқының мәдени күндерінің басталғандығын паш етті.
БАҚҰЛ БОЛ, ҚАЗАҚТЫҢ БӘЙКЕНІ!
168 сағат · 83 рет қаралған
Елбасы ЖЕДЕЛХАТ ЖОЛДАДЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Бәйкен Әшімовтің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.
Жеделхатта Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бәйкен Әшімов, шын мәнінде, білімді, талантты, талапшыл, адамгершілік қасиеттерге бай, аса беделді тұлға бола білді. Халқымыз оның өнегелі өмірі мен еңбегін ұмытпайды. Бұл – кейінгі ұрпаққа жақсы үлгі болуы тиіс»,– делінген.
САНАҚ АЯҚТАЛДЫ
Жаңа Қазақстан · 113 рет қаралған
2010 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша Қазақстан халқының саны 16 миллион 200 адамға жетті. Бұл жөнінде Статистика агенттігінң төрағасы Әлихан Смайлов журналистермен өткізген баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
ЖОБАҒА ЖАН БІТТІ
Жаңа Қазақстан · 83 рет қаралған
Елбасы үдемелі индустриялды-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Премьер-Министр басқаратын ілкімді орталық құру туралы тапсырма берген болатын. Істі жеделдету үшін Үкімет басшысының бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевке индустрияландыру картасын мұқият жасайтын шұғыл топ құруды жүктеген.
КӨКСАРАЙ ДАРИЯҒА ДЕМЕУ БОЛУҒА ДАЙЫН
Жаңа Қазақстан · 255 рет қаралған
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс ауданының аумағында салынып жатқан Көксарай су реттегіші алғашқы кезектегі 1 млрд. текше метр суды 10 ақпаннан бастап қабылдай бастауы тиіс. Қазіргі уақытта су реттегіші жоспарланған көлемдегі суды қабылдауға дайын. Барлық жұмыс кесте бойынша және жобаға сәйкес жүргізілуде. Бұл құрылыстың қарқыны әу бастан-ақ бәсеңдеген емес.
ДАМИТЫН ЕЛ ДАУ ҚУМАЙДЫ
Мен – Нұротаннанмын! · 199 рет қаралған
«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратында әлеуметтік кикілжің мен дау-дамайларды шешу мәселелері жөнінде республикалық қоғамдық кеңестің ұйымдастыру жиыны өтті. Аталмыш бас қосуда «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин кеңестің төрағасы, ал, «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Қожахметов орынбасар болып сайланды.




