«АЛМАТЫ ПАРКИНГТІҢ» артында кім тұр?
Бүгінгі нөмірде · 137 рет қаралған
Алматы қаласындағы «Алматы паркинг» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны өз пайдасына келіп түскен ақшаның көлемін азайтып көрсетіп, құйтұрқы әдістерге барудың салдарынан салық төлеуден жалтарып отырғандығы жөнінде талай айтылып, баспасөзде жазылып жүрсе де, ешкім оны тәртіпке шақыра алмауда.
ҚЫЗЫЛ СУ
Жаңалықтар · 229 рет қаралған
Шығыс Қазақстан облысында қалың жауған қар мен дүлей боран қарапайым халықты әбден титықтатып бітті. Күн көзі көрінгелі бері мөлшерден тыс жауған қар еріп, Тарбағатай, Абай, Ұлан, Зайсан ауданындағы ондаған ауылды су басып қалды. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, аталған аудандардағы 2 мыңнан астам адам қауіпсіз жерлерге көшірілген. Әзірше апаттан зардап шеккен ешкім жоқ. Облыс орталығы – Өскемендегі жағдай да мәз емес. Еріген қар суы 30 үйді шайып кеткен. Осылайша Шығыстың әні мен мәні биыл кетіп-ақ тұр. Тәуелсіздік алған 19 жылдың ішінде алғаш рет облыс орталығында Наурыз мерекесі тойланған жоқ.
ШЫҒЫСҚА ҚАМҚОРЛЫҚ ҚОЛЫН СОЗ!
Жаңалықтар · 137 рет қаралған
Алматыда «Шығыс Қазақстанға көмек» гуманитарлық акциясы жарияланды. Шараны ұйымдастырған бастамашы топтың құрамында: Мұрат Әуезов, Қабдеш Жұмаділов, Бекболат Тілеухан, Дидахмет Әшімхан, Ерлан Сайыр сынды елге белгілі азаматтар бар.
ҰЛТТЫҚ РУХСЫЗ ПАТРИОТИЗМ - ТҰЛ
Жаңалықтар · 133 рет қаралған
Қай салада болсын Қазақ елі мақтан етер, өзгеге өнеге болар жетістік көп. Сол игі істердің барлығында «Нұр Отан» партиясы көшбасшылық танытып, ұйытқы болып келеді. Тәуелсіз елдің тарихында кездескен түрлі кезеңдерде халыққа бағыт-бағдар нұсқап, билікті топтастыра, бұқара халықты жұмылдырған партия белсенділігін бір сәт бәсеңдеткен емес. Көпшіліктің «Нұр Отан» партиясына келіп мұң-мұқтажын, арыз-шағымымен ғана емес, тың идеясы, жоспар-жобасы, көзқарасымен бөлісуі де көп жәйтті аңғартса керек.
МӘСІМОВ АЛМАТЫДАН НЕ КӨРДІ?
168 сағат · 135 рет қаралған
ҮЛЕСКЕРЛЕР МӘСЕЛЕСІ МЕН АЗИАДАҒА ДАЙЫНДЫҚ БАСТЫ НАЗАРДА БОЛУЫ КЕРЕК
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов екі күндік жұмыс сапармен Алматыға келіп қайтты. Сапар барысында Премьер-Министр қаладағы бірқатар инфрақұрылымдық нысандар мен қысқы Азиада ойындарына дайындық жұмыстарын пысықтады.
ҚАЗАҚ-ЖАПОН ТАНДЕМІ
168 сағат · 145 рет қаралған
Елімізде сирек кездесетін металдарды игеретін кәсіпорын құрылады
«Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы мен жапондық «Sumіtomo Corporatіon» компаниясы жер асты сирек кездесетін металдар саласында «Summіt Atom Rare Eartһ Company» (SARECO) бірлескен кәсіпорнын құру жөніндегі құжатқа қол қойды. Бұл келісім Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың 23-25 наурызда Жапонияға барған ресми сапары барысында жасалды.
БАСТАМАЛАР мен БАСЫМДЫҚТАР
168 сағат · 99 рет қаралған
ҰҚШҰ ЖИЫНДА ІРГЕЛІ ТӨРТ МӘСЕЛЕ ҚАРАЛДЫ
Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми кездесуі өтіп, Қазақстанның 2010 жылғы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы кезіндегі ауқымды бастамаларын қолдау және бірлескен басымдықтарды ілгері жылжыту шараларын талқылады. Осы ретте жиынға Қазақстан атынан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Нұртай Әбіқаев қатысқанын айта кетуіміз керек.
МӘСКЕУ МӘЖІЛІСІ
168 сағат · 107 рет қаралған
ОНДА ДОСТАСТЫҚ ЕЛДЕРІНІҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ САРАЛАНДЫ
Ресей астанасы Мәскеуде ТМД елдерінің Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті мәжілісі өтті. Кезекті басқосуға қазақстандық делегациясын Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бастап барған.
НАУРЫЗНАМА
Жаңа Қазақстан · 141 рет қаралған
Ұлы дала жұрты ұлық мерекемен қауышты
Еліміз енді Ұлыстың ұлы күніне заң арқылы мемлекеттік мәртебе беріп, Наурыз мейрамын айдың 21-і, 22-сі және 23-і, яғни, үш күн атап өтетін болды. Қазақстанда Наурыздан өзге бірде-бір мереке ресми түрде үш күнге созылмайтынын ескерсек, Ұлыс ең алдымен қазақтың мәдени мұрасын ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызды ерекше қадірлеудің айғағы болып отыр. Ал, биылғы наурызды еліміздің барлық аймағы жарқын істермен қарсы алды.
Партияаралық үнқaтысу: нақты іс-қимылңа көшу үшін не істеу керек?
Жолдау және жұртшылық · 210 рет қаралған
Қазақстан тәуелсіздігін алғалы бері қоғамдық-саяси өмірінде күрделі өзгерістер мен даму жолдарын артқа тастады. Негізгі бағыт демократиялық дамумен, азаматтық қоғам құрумен тікелей байланысты болып келеді. Бұл игіліктер мемлекетіміздің нығаюы және күшеюін көздейді. Сол ізденіс кеңістігіндегі бірден-бір көрнекті қозғалыс, әрине, біздің қоғамдағы саяси партиялардың белсенділігі мен олардың қоғамдағы орны болмақ.



