ҚАЗАҚ ӘЙЕЛІ
Бүгінгі нөмірде · 131 рет қаралған
8 НАУРЫЗ – Халықаралық әйелдер күні
Тіршілік тірегі
Жаңалықтар · 178 рет қаралған
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада әйел-аналардың бір тобымен кездесіп, оларды төл мерекелерімен шын жүректен құттықтады.
Өмір нұры
Жаңалықтар · 228 рет қаралған
Елбасы Қазақстан әйелдерінің бесінші форумында Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі Ұлттық комиссияға халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастықтан ұсыныстар жинастырып, демографиялық проблема саласындағы халықаралық тәжірибені зерттеуді тапсырған болатын. Мұның негізгі мақсаты – неке және отбасы инстититутын нығайтып, оның беделін көтеру еді. Әйел – ана, әйел – қайраткер, әйел – отбасының ұйытқысы екендігін күнделікті өмір тағылымы айқын дәлелдеуде.
ҚАЗАҚ – РУМЫН ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
168 сағат · 197 рет қаралған
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Румыния Президенті Траян Басескуді қабылдап, екі елдің арасындағы саяси-экономикалық, мәдени байланыстарды өрістету мәселесін талқылады. Президенттер кездесуде екі елдің арасындағы қатынастар үйлесімді дамып келе жатқанын мәлім етті. Атап айтсақ, соңғы уақыттары екі елдің сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясы табысты жұмыс істеген. Сондай-ақ, парламентаралық байланыстары да дами түскен.
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖАЙЫ ЕКШЕЛДІ
168 сағат · 228 рет қаралған
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Мәскеуге барып, әріптесі Владимир Путинмен екі ел арасындағы экономикалық қатынастарды дамытудың жай-күйі мен келешегін талқылап қайтты.
ӘДІЛЕТ ҮШІН! «Нұр Отан» партиясы жанынан құқықтық кеңес құрылды
168 сағат · 208 рет қаралған
Елімізде адам құқықтары жөніндегі тұжырымдама халықаралық ұйымдардың заңнамасымен сәйкестендірілген. Осыған орай, Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев азаматтық қоғам дамуындағы заңдық-құқықтық тәртіптің қатаң сақталуына «Нұр Отан» партиясының белсене қатысуын тапсырған болатын.
ТМД тізгіні – Ресейде
168 сағат · 63 рет қаралған
Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловты қабылдап, Ресейді ТМД-ға төрағалығының басталуымен құттықтады. Өз кезегінде Елбасы 1991 жылы 21 желтоқсанда өзінің бастамасымен құрылған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ұйымын құру дұрыс шешім болғанын атап өтті.
ГҮЛ СЫЙЛАДЫ
168 сағат · 206 рет қаралған
Мәжіліс Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжанов депутаттар атынан Палата аппаратында қызмет атқарып жүрген аруларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
АРДАГЕР АНАЛАРҒА ҚҰРМЕТ
168 сағат · 190 рет қаралған
Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов Жетісу жерінде тұратын Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері мен майдангерлердің жесірлері – барлығы 200 ардагер аналармен жүздесіп, оларға мерекелік сыйлықтарын табыс етіп, сағаттан астам уақыт бойы үлкен кісілермен жарасымды әңгіме-дүкен құрды.
ЖІБЕК – қысқы олимпиадаға қатысқан түңғыш қазақ қызы
Жаңа Қазақстан · 175 рет қаралған
8 наурыз мерекесін Жібек үнемі туған жерінен, туған-туыстарынан алыста атап өтетін. Биыл өз отбасында анасымен бірге тойламақ. Анасымен бірге дейміз, Ванкуверде өткен қысқы олимпиадаға қатысқан қазақ қызын мерекесімен де, мерейлі жетістігімен де құттықтап келушілер бұл күні көп болары сөзсіз.



