МӘДЕНИЕТТЕР ТҮЙІСУІ
Жаңалықтар · 165 рет қаралған
ҚАЗАҚ-КОРЕЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ ЖАҢА КЕЗЕҢГЕ АЯҚ БАСТЫ
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік мемлекеттік сапармен Оңтүстік Корея Республикасына барып қайтты. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаев әріптесі Ли Мён Бакпен бірге Сеулде Корей Республикасындағы Қазақстан жылының ашылуына қатысты. Бұдан кейін Елбасымен ере барған еліміздің өнер майталмандары өз өнерлерін көрсетті. Сапар барысында Нұрсұл¬тан Назарбаев Корей Республикасының басшыларымен шағын және кеңейтілген құрамда келіс-сөздер өткізгенін айта кетуіміз керек. Толығымен…
КӨНЕ ТАРАЗ ТОПЫРАҒЫНДА
Бүгінгі нөмірде · 125 рет қаралған
Елбасының «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауыін насихаттау аясындағы «Дала мен Қала» газетінің «Өскен өңір» атты арнайы жобасы.
ДҮРБЕЛЕҢГЕ ДЕМ БЕРУШІ КІМ?
Жаңалықтар · 175 рет қаралған
ЕҚЫҰ-ның қазіргі Төрағасы, еліміздің Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Қырғызстанға барып, қалыптасқан жағдайды Уақытша үкімет мүшелерімен және қоғамдық уйым өкілдерімен бірлесіп талқылады. Ол Бішкекте табан тіреген бетте ЕҚЫҰ кеңсесінің жумысымен танысып, олардың әртүрлі бағдарламаларға қатысты есебін тыңдағанын айта кетуіміз керек. Будан кейін ЕҚЫҰ-ның төрағасы Қанат Саудабаев пен Қырғызстанның Уақытша үкіметінің басшысы Роза Отынбаева екеуара кездесті.
ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ ҮДЕЙ ТҮСЕДІ
Жаңалықтар · 145 рет қаралған
Дүниежүзілік қаржы дағдарысы көптеген елдердің экономикасының көбесін сөгіп кетті. Тіпті, ЕуроОдақ елдерінің өзі сан соғып қалғанына куә болдық. Осындай қиын кезеңде ел экономикасында кері кетушілік орын алған жоқ. Қарқынды даму болмаса да, турақтылық сақталды. Бұл жағдай Үкіметтің дағдарыстың алдын алу іс-шараларының тиімді жұмыс істегенін көрсетіп отыр. Қиын күндерді артқа тастаған Кәрім Мәсімов Үкіметі 3 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын қорытындылады.
АЙРАН СҰРАҒАН ШЕЛЕГІН ЖАСЫРМАЙДЫ
Fаламшар · 122 рет қаралған
Кәрім Мәсімов Елбасы Нұрсұл¬тан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қырғызстанның Уақытша үкіметі басшысының орынбасары Алмазбек Атамбаевпен кездесіп, қалыптасқан ахуалды оң бағытта шешудің жолдарын қарастырды.
БРИТАНИЯНЫ БІЛІМ САЛАСЫ ҚЫЗЫҚТЫРАДЫ
Жаңа Қазақстан · 123 рет қаралған
Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Британия үкіметінің халықаралық сауда және инвестициялар жөніндегі арнаулы өкілі Йорк Герцогы Эндрю Альберт Кристиан Эдвард Виндзорскийді қабылдап, қазақ-британ сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын кеңейтудің келешектерін талқылады.
ҰЛТ МҰРАТЫ - ҰРПАҚ БОЛАШАҒЫ
Мен – Нұротаннанмын! · 116 рет қаралған
Кенжебай НЫҒМЕТ, «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Ақжайық өңірі жұртшылығының айтар уәжі мен үкілі үмітінің үлкен сеніміне ие болған «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы келелі істердің бастаушысына айналып отыр.
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: БӨЛШЕКТЕНГЕН АТОМ ӘЛЕМДІ БӨЛШЕКТЕП ЖҮРМЕСІН
Жаңалықтар · 449 рет қаралған
Төраға мырза,
Ханымдар мен мырзалар!
Ең әуелі, саммитті ұйымдастырушыларға және тікелей АҚШ Президенті Барак Обамаға ықыласты қонақжайлылығы және біздің кездесуімізді тамаша ұйымдастырғаны, тарихи форумды өткізудегі көшбасшылығы үшін ризашылығымды білдіргім келеді.
ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХИ ҮЛЕСІ ҒАЛАМДЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕГІ
Жаңалықтар · 177 рет қаралған
Көк теңіздің арғы жағындағы алыс Америкада Ядролық қауіпсіздік жөніндегі ғаламдық саммит өтеді дегелі бері әлемнің назары Қазақстанға ауа түскені белгілі. Төрткүл дүниенің көңілін күпті қылған басқосу жалауын көтеріп, әлемнің азулы елдерінің басшылары Вашингтонға жиналып, ғаламның қауіпсіздік мәселесін жан-жақты талқылады. Осы ретте жиынға қатысушылар жаппай қырып-жою қаруынан бас тартқан Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтқан ойына құлақ түріп, айрықша ықыласпен тыңдағанын айта кетуіміз керек.
САЯСИ ДАҒДАРЫС ШЕШІМІН ТАПТЫ
Бүгінгі нөмірде · 125 рет қаралған
Нұрлан НЫҒМАТУЛИН,
«Нұр Отан» ХДП
Төрағасының бірінші орынбасары
Қырғызстан – бізге бауырлас, ағайын ел, сондықтан біз бұл елдегі күрделі жағдайдың дамуын ерекше күйзеліспен бақылаудамыз. Қазақстанның арағайындық әрекеті Қырғызстанды азамат соғысынан аман алып шықты.





