Бүгінгі нөмірде · 48 рет қаралған
«СЕНДЕР ТАЛАПТЫ ДА, ТАЛАНТТЫ, БАТЫЛ ДА, АЛҒЫР, ЗЕРЕК ТЕ, ЗЕРДЕЛІ БОЛЫП ӨСІҢДЕР!»
Н.Ә.НАЗАРБАЕВ
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Қазақстан индустриялық держава болады. Мен кәміл сенемін!
Жаңалықтар · 85 рет қаралған

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары аясында «Васильков» тау-кен байыту комбинаты мен «Зерендіастық» кәсіпорынында болып, өңірде бастау алған индустриялды жобалармен танысты.
ТАҒЗЫМ
Жаңалықтар · 54 рет қаралған
Еліміз тарихынан ешқашан өшірілмейтін бұл қиын кезеңдер тағылымын әлі талай ұрпақ білетін болады. Сондықтан да 31-мамыр – Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Осыған орай Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жазықсыз репрессия құрбанына айналған асыл арыстарымыздың және 30-50 жылдары Қазақ жеріне шет елден қоныс аударып, біздің елде қуғын-сүргінге ұшырағандардың ұрпақтарымен кездесті.
САРЫАҒАШТЫ су алды…
Жаңалықтар · 48 рет қаралған
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданында бірнеше сағат бойы толассыз жауған нөсер жаңбырдан 54 үйді топан су басып қалды. Тасқын судан екі үйдің қабырғалары мүжіліп, құлап қалған. Абырой болғанда мал-жан аман.
АТАЖҰРТТЫҢ ТӨРІНДЕ
168 сағат · 80 рет қаралған
ТӨРТ КҮН ҚОНАҚ БОЛҒАН АБДУЛЛА ГҮЛДІҢ САПАРЫ ҚАЗАҚ – ТҮРІК БАЙЛАНЫСЫН ЖАҢА БЕЛЕСКЕ КӨТЕРДІ
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Астанаға ресми сапармен келген Түркия Президенті Абдулла Гүлмен кездесуін жиырма бірінші ғасырдың тарихи оқиғасына балауға болатын шығар. Өйткені, екі ағайындас ел арасында туысқандық байланыстың тамыры тереңдей түсуімен, экономикалық және саяси-мәдени байланыстар жаңа сипатқа ие болуымен ерекшеленеді.
НЫСАНАДА – ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ
168 сағат · 63 рет қаралған
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, көші-қон және демографиялық саясатты жетілдіру мәселесі, діни экстремизмге қарсы әрекет ету жөніндегі шаралар қаралды.
КЕДЕН КЕЛІСІМІ
168 сағат · 46 рет қаралған
Қазақстан мен Ресей Үкіметінің басшылары Кәрім Мәсімов пен Владимир Путин Санкт-Петерборда Кеден одағын қалыптастыру жөніндегі халықаралық келісімдерді қолдану туралы шартқа қол қойып, одақтың жоғарғы органының кезекті отырысына қатысты.
КЕЛІМСЕККЕ КЕҢ ТҰСАУ БОЛМАСЫН!
168 сағат · 46 рет қаралған
Мемлекеттік хатшы – Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп, жиында комиссия жұмысы талқыланды.
ОН ЕКІ МЫҢНЫҢ ОБАЛЫ КІМГЕ?
Жаңа Қазақстан · 76 рет қаралған
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы аумағында қырылған киік саны 12 мың басты құрайды екен. МСЭҚК БҚО бойынша департаментінің директоры Серікбай Иманқұл 26 мамыр күнгі баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Топырақ пен шөптен алынған сынамалар қорытындысында радиактивті заттардың, ауыр металл тұздарының шамадан тыс артуы байқалмаған. Радиациялық фон да мөлшерден аспаған.
ҮЗДІК ҮЛГІ
Жаңа Қазақстан · 71 рет қаралған

Ақтөбеге «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин облыстың экономикалық дамуы мен индустриялды-инновациялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысу үшін келді. Сапар барысында облыстың тау-кен рудасына аса бай Хромтау ауданы аумағында орналасқан нысандарды аралап шықты.


