№ 35 (364) 


Индустрия игілігі

Жаңалықтар · 58 рет қаралған

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНДА «БИЗНЕСТІҢ ЖОЛ КАРТАСЫ – 2020» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚАЗІРДІҢ ӨЗІНДЕ ҚЫЗУ ЖҮЗЕГЕ АСЫП ЖАТЫР
Елімізді өндірістік жаңғыртуға бағытталған «Бизнестің жол картасы – 2010» бағдарламасы қазірдің өзінде қызу жүзеге аса бастады. Алдағы уақытта Кереку өңірінде бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып, отандық өндірістің үлкен орталығына айналу мүмкіндігі бар. Бұл – Елбасының Павлодар облысына екі күндік жұмыс сапары барысында айқын аңғарылды.

Толығымен…

«НҰР СҰҢҚАР»: ҚАНАТТЫ ПАРАСАТТЫҢ КИЕСІ ҚУАТТЫ ҚАЛАМНЫҢ ИЕСІН ЖЕБЕДІ

Журналистердің кәсіби мерекесі күні қарсаңында жыл басында жарияланған «Нұр Сұңқар» республикалық байқауының қорытындысы жария етілді. Салтанатты марапаттау рәсімі Астана қаласының, Конгресс-Холл сарайында өтті.

Толығымен…

ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ЖАЙҚАЛСЫН!

168 сағат · 39 рет қаралған

АСТАНА МАҢЫ НУ ОРМАНҒА АЙНАЛАДЫ
Мемлекет басшысы Астана маңындағы орманды алқапты аралап, Елорда аймағындағы «жасыл белдеуді» дамыту жұмыстарымен танысты.
– Қазіргі таңда Астана маңында 71 мың гектарлық орманды алқап бой көтерді. Бұл аумақ 3-4 ауданды алып жатыр. Онымен қоса, «Жасыл ел» бағдарламасы аясында Қазақстанның жастары еліміз бойынша жыл сайын 51 мың гектар алқапқа ағаш егеді. Аталған жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Толығымен…

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ

Аймақ · 88 рет қаралған

БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІРЕГЕЙ ЖОБАЛАР ӨҢІРДІ ОТАНДЫҚ ӨНІММЕН ҚАМТЫП ОТЫР
Батыс Қазақстан облысы Ресейдің бес ірі аймағымен шектесіп жатыр. Яғни, Еуропаға жол бастайтын қақпа алдында. Соңғы кезде облыстың осындай зор әлеуетіне баса мән беріліп, бірқатар ірі жобаларды игеру қолға алынған еді. Тіл-көзіміз тасқа, ондай жобалар сөз жүзінде қалмай, бірқатары өңірді отандық өніммен қамтамасыз етуді бастап та кетті.

Толығымен…

ЖЕР-АНАНЫ АЯЛА!

Аймақ · 59 рет қаралған

Оңтүстік Қазақстан облысының суармалы жерлерінің көлемі 1990 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 29,0 мың гектарға азайып, 394,8 мың. гектар-ды құрады. Осыған байланысты, облыс бойынша ауыл шаруашылық мақсатында пайдаланылатын жерлерге түгендеу жүргізу, олардың игерілуі мен пайдаланылуына талдау жасау мақсатында облыс әкімдігінің қаулысы қабылданған болатын.

Толығымен…

ЖУСАННЫҢ ЖҰПАРЫ…

Әуезе · 77 рет қаралған

Қобызымен ғасырлар қойнауынан күңіреніп, жетігенімен жеті нотаның ықылымдағы иірімдерін қаузап, сыбызғысымен ілкі дәуірлердің құпиялы мың қатпар сырын сыңсыта суыртпақтап, домбырасымен дархан даланың шежіресін шертер халық жасампаздығы өзімізден бұрын өзгелерді таңғалдыратыны да белгілі. «Қазақ даласы ән салып тұрғандай сезіледі!» деген сөзді біз емес, ұлттық өнеріміздің өрісіне тамсанғандар айтпап па еді!

Толығымен…

ІЛГЕРІЛЕУ ЖОЛЫНДАҒЫ ІРІ ІСТЕР

Аймақ · 57 рет қаралған

Кәсіпкерлік сала – табыстың тайқазаны іспетті кең өріске ие бағыттың бірі. Бұл сала Сыр бойында екпін алған елеулі нәтижемен өлшеніп отыр. Бәлкім, өмірлік тәжірибесі мен танымы мол Серік Сермағамбетовтың басшылыққа келуі де түрткі болған шығар. Әйтеуір әлеуетті істің әрекеті баршылық. Оны Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Серік Сағитжанұлымен болған сұхбаттан оқи аласыздар.

Толығымен…

ЕЛГЕ ПАЙДАҢ ТИСІН!

Аймақ · 48 рет қаралған

ОҢТҮСТІКТЕ БИЗНЕСТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІГІ АРТЫП КЕЛЕДІ
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өткен жылы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша өткен республикалық форумда сөйлеген сөзінде «Мемлекет пен бизнес экономикалық қана емес, әлеуметтік мәселелерді шешуде де толыққанды әріптестер болуы тиіс» екенін атап өтті. Ал, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі кәсіпкерлер санатының қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және экологиялық салаларды дамытудағы оң әсерінің деңгейімен бағаланады.

Толығымен…

ҚЫРҒЫЗДАР ІШКІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ӨЗДЕРІ ШЕШУІ КЕРЕК

Fаламшар · 52 рет қаралған

Болат ӘУЕЛБАЕВ,
ҚР Президенті жанындағы Стартегиялық зерттеулер институтының Орталық Азия бойынша маманы, саясаттанушы

Қырғызстанда орын алған соңғы жағдайлар Орталық Азия елдерін алаңдатып отырғаны белгілі. Өкіншке орай, Жалалабад және Ош облысындағы қайғылы жағдайларды ой елегінен өткізген саясаткерлер мұны ұлтаралық қақтығыс деп баға беріп жатыр. Тіпті, Қырғызстанның Уақытша үкіметі де осындай байлам жасады.

Толығымен…

«ҚАҢБАҚ ШАЛ» ҚҰРЛЫҚ АРАЛАП КЕЛДІ…

АҚШАМ · 51 рет қаралған

ҚАЗАҚ ЕРТЕГІСІНІҢ ЖЕЛІСІ БОЙЫНША ЖАЗЫЛҒАН ҚОЙЫЛЫМ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК БАЙҚАУДА БАС ЖҮЛДЕ АЛДЫ
Ерте, ерте, ертеде, Қаңбақ дейтін шал бопты…
Бұл ертегіні естімеген қазақ баласы кемде-кем шығар. Міне, дәл осы ертегінің желісі бойынша Алматы қалалық Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы сахналаған «Қаңбақ шал» қойылымы Чехия астанасы Прага қаласында өткен ХІV Дүниежүзілік қуыршақ өнері фестивалінде Бас жүлдені жеңіп алды. Осы жылдың 31 мамыры мен 6 маусымы аралығында Дүниежүзілік Қуыршақтар ассоциациясы аясында өткен бұл жарысқа 273 өтініш түсіп, соның ішінен 44 елдің шығармашылық топтарын таңдап алып, жарысқа қатысуға шақырту жіберген.

Толығымен…

Келесі »